Нәруыздар. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
8.1B Молекулалық биология | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Нәруыздар. (жаңа тақырыпты меңгеру) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.4.1.3 Нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: нәруыздардың қасиеттерін атай алады, қысқаша маңызын түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: нәруыз, гемоглобин, инсулин, амилаза, кератин, коллаген, миоглобин, актин, миозин, антидене, тромбин, меланин, денатурация Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Биохимиялық реакцияларға қатысатын нәруыздар ... аталады. Қанда оттегі мен көмірқышқыл газын ... тасымалдайды. Нәруызды қыздырғанда ол... ұшырайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Нәруыздың қасиеттері туралы білім арқылы физика және химия пәндерімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар 7-сыныптан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, 8-сыныптан полимерлер және мономерлер ұғымдарын түсіндіре алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-6 мин | Нәруыз неден тұрады сұрағы арқылы оның құрамы еске түсіріледі. Оқушыларға ағзалардағы нәруыздардың қызметі туралы өз білімдеріне сүйене отырып, «Байланысқан ассоциация» құру ұсынылады. Бұл жаңа терминдер мен ұғымдарды есте сақтауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырма оқушылардың төменгі сыныптағы білімдерін еске түсіруге және алдыңғы білім деңгейлерін анықтауға арналған. Оқушылардан бүгінгі сабақ не туралы деп сұрай келе сабақтың мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. | 1 -2 слайд 3-слайд 1 - қосымша | |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
7-15 мин | Түрлі ресурстардың көмегімен нәруыздардың қасиеті мен бірнеше қызметін зерттеу ұсынылады. Кейбір оқушылар ақпарат парақшаларымен жұмыс жасап болып қойса оларға «Нәруыздың қызметі» видеосы арқылы қосымша ақпарат жинақтау тапсырмасы беріледі. | 2 - қосымша 4-20 слайдтар | |||||
16-22мин | Оқушыларға сыныпта бірігіп 1 үлкен постер дайындау тапсырмасы беріледі. Ол үшін оқушылар ортадағы «нәруыз» деп жазылған постер парақшасының жан жағына «қызметі, қасиеті, жіктелуі, құрылымы» деген тақырыпшаларға постер дайындап толықтырады. Әрбір жұп/топ бір тармақпен жұмыс жасайды. | стикерлер | |||||
23-29мин | Нәруыздың қасиетін оқу арқылы оқушыларға тәжірибе жасау ұсынылады. Денатурация туралы идеяға бағыттау маңызды. Сынауықтағы жұмыртқа ақуызын ақ тұнба түзілгенше қыздырылады. Бұл нәруыздың температура әсерінен өзгеру қасиеті-денатурация екенін түсіндіреді. | 2-қосымша | |||||
30-38мин | Оқушылар кестеде нәруыздың биологиялық қызметін нәруыздың мысалдарымен сәйкестендіріп, алған білімдерін қорытындылайды. | 3 қосымша | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
39-40 мин | Кері байланыс «Өзіңді бағала». Оқушылар стикер қағаздарға сұрақтарға жауап жазады.
| 21 слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | «Байланысқан карта» жасау кезінде оқушылардың қалаған формада өз білімін көрсетуіне мүмкіндік беріледі. Постер жасаған кезде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап ала алады. Ресурстардың әртүрлі көздерімен жұмыс жасайды. Нәруыздың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін нақты мысалдар мен ойша эксперимент түрінде көрсету тапсырмасы арқылы саралау жүзеге асырылады. | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | «Байланысқан ассоциация» құру, ауызша жауаптары арқылы Қорытынды кесте толтыру арқылы оқушылардың меңгеру деңгейі бағаланды. | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздікті сақтау. Тәжірибе, постер жасау кезінде белсенді қозғалыс жасайды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?