Өсімдік мен жануарлар ұлпалары. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Өсімдік ұлпаларының қызметтері

Паренхима

1. көпбұрышты, домалақ бұрыс пішінді тірі жасушалар

2. жасуша қабырғалары жұқа

3. жасуша аралық кеңістіктері үлкен

4. түзуші ұлпаны құрып, қоректік зат қорын жинайды

5. хлорофилі бар түрлері фотосинтезді жүргізеді

Колленхима

1. сопақша, домалақ пішінді созылыңқы

2. жасуша қабырғалары бұрыштарында қалыңдаған

3. жасуша бұрыштары пектин көмірсулар арқылы тығыздалған

4. жасуша аралық кеңістіктері жоқ

5. жапырақ, сабақ эпидермисінде кездеседі

6. өсімдікке тірек болады

7. хлорофилі бар түрлері фотосинтезді жүргізеді

8. ұзарып өсуді қамтамасыз етеді

Склеренхима

1. ұзын, жіңішке өлі жасушалар

2. жасуша қабырғалары қалың

3. жасуша аралық қуыстары жоқ

4. жасуша қабырғалары лигнинмен (полимер) қалыңдағаннан цитоплазмасы аз

5. жапырақ жүйкесінде, ксилема, флоэмада, барлық мүшелер, тұқым қабығында кездеседі

6. тіректік, серпімділік, мықтылық береді

7. лигнинсіз жерлерінде қуыстар -плазмодесмалар кездеседі

8. склериданы және талшықтарды құрайды

Ксилема

1. өлі, ұзынша түтікше жасушалар

2. жасуша қабырғасы лигнинмен қалыңдаған, су өткізбейтін әрі берік

3. құрамына: трахеидтер, түтіктер, паренхималық жасушалар және талшықтар кіреді

4. ұзын түтіктер шоқтарды құрайды

5. талшықтар мықтылық береді

6. жасушалар арасындағы қабырғалар жойылған түтіктер құрайды

Флоэма

1. тірі жасушалар

2. жасушалар сүзгілі түтіктер арқылы байланысқан

3. серіктес жасушалары болады

4. жасушаларда цитоплазма өте аз, ядросы жоқ, қуыс

Жабын ұлпалар

Алғашқы жабындық ұлпалар: эпидерма немесе эпидермис және эпиблема; соңғы жабындық ұлпаларға: тоз (перидерма), қыртыс (сары қабық) жатады.

Эпидермис

1. жабын ұлпаның беткі қабаты, бір қабатты жасушалардан тұрады

3. жануарларда терінің ең беткі қабаты

4. өсімдікте астыңғы қабатында жанаспалы жасушалар лептесікті құрайды

Перидерма

1. эпидермистің астыңғы жасушалар қабатынан құралған

2. эпидермисті қалпына келтіреді

3. ескі ағаштарда қабық түзеді

Тірі ағзалардың ұлпаларға жіктелуінің себебі олардың тіршілік әрекеттерінің күрделілігіне байланысты. Ал тіршілік әрекет күрделене түседі, егерде тірі ағзаның мекен ортасына бейімділігі жоғары болса. Бұл олардың тірі қалуына, жер бетінде кеңінен таралуына ықпал ете отырып, жер бетіндегі биоалуантүрлілікті қамтамасыз етеді.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақтың басында жалпы қауіпсіздік техникасының ережелерін ескерту жөн. Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелері мұқият талқыланады. Ол үшін мұғалім

1. Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдармен танысуды сұрайды.

2. Осы жұмыс барысындағы қауіп қатерлерге тоқталып, олардың қауіптілігін азайту жолдарын анықтауды тапсырады. Олар пышақ/скальпель, сапты ине, тірі үлгілер. Тірі үлгілер түрлі жұқпалы аурулардың көзі бола алатындықтан иіскеуге, жалаңаш қолмен ұстауға, ауызға салуға жеуге болмайды. Олар аллергия тудыруы мүмкін. Жалаңаш қолға тиіп кетсе этил спиртінің ерітіндісі сіңірілген мақтамен мұқият сүрту ұсынылады.

3. Зертханалық жұмыс барысында жұмыс парағы т.б басқа жеке құралдарды ретпен орналастырып, артығын жинап тастау қажет. Сумка, киімдер т.б. шашты жинап қоюды ескерту қажет.

4. Өткір құралдармен жұмыс кезінде абай болу.

5. Жұмысты орындап болғаннан соң өз жұмыс орнын жинастыру қажет.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Мұғалімнің түсіндірмесі ең көп дегенде 5 минут уақыт алуы тиіс. Одан ұзаққа созылса, немесе тек бір мұғалім өзі ғана сөйлей берсе оқушылардың назары шашырап, ұйқысы келеді. Сондықтан барынша интерактивті түрде ұсыну дұрыс.

Мысалы, 3-слайдта, «Тұрақты және түзуші ұлпалардың айырмашылығы неде деп ойлайсыздар» сұрағын қою арқылы ұлпаның екі тобының айырмашылығы олардағы жасушалардың әрекеттеріне қарай әртүрлі деген қорытынды шығарылады.

5-слайдта оқушылар ұлпаның түрлері өсімдіктің барлық мүшелерінде кездесетінін түсінеді.

8-9 слайдта ұлпадағы жасушалар қызметтердің атқаруға бейімделгендігі айтылады.

14-слайд арқылы жануар ұлпасының түрлері таныстырылады. Оларды алдағы уақытта жеке –жеке қарастыратындықтан терең тоқталудың қажеті жоқ.

Оқушыларға ақпарат парақшалары әр ұлпаға жеке-жеке шығарылып беріледі. Әрбір өсімдік ұлпасы жеке бір станцияға қойылады.

  • Паренхима: суреті, жапырақтың жұмсағы, жемістер, дайын микропрепараты, сабақ, тамыр, жапырақтың көлденең кесіндісінің үлгісі, ұлғайтқыш әйнек, микроскоп;
  • Колленихима: суреті, жұмсағы, грек жаңғағының қабы, жаңғақтар, дайын микропрепараты, ұлғайтқыш әйнек;
  • Склеренхима: суреті, алмұрт бөлшегі, дайын микропрепараты, йод ерітіндісі, заттық және жабын шыны, микроскоп, тамызғы, сапты ине, ұлғайтқыш әйнек;
  • Эпидермис: пияздың жұқа өңі, йод ерітіндісі, заттық және жабын шыны, микроскоп, тамызғы, сапты ине, жапырақ өңі;
  • Флоэма: суреті, алмұрт бөлшегі, дайын микропрепараты, сабақ, тамыр, жапырақтың көлденең кесіндісінің үлгісі, ұлғайтқыш әйнек;
  • Ксилема: суреті, алмұрт бөлшегі, дайын микропрепараты, сабақ, тамыр, жапырақтың көлденең кесіндісінің үлгісі, ұлғайтқыш әйнек;
  • Жануар ұлпалары: ұлпа түрлерінің суреттері, тауықтың пісірілген/шикі сирағы, пышақ, ұлғайтқыш әйнек.

Бұл тапсырмалар тақырыптың өмірмен, оқушылардың жеке тәжірибелерімен байланысын қамтамасыз ете отырып, олардың алған білімін өзгерген өмірлік жағдайда көрсете білуіне көмектеседі.

1) Жануарларға тән бір мүшені таңдап алып, онда кездесетін ұлпа түрлерін олардың қызметтерін сызба арқылы көрсетіңіз

2) Өсімдіктерге тән бір мүшені таңдап алып, онда кездесетін ұлпа түрлерін олардың қызметтерін сызба арқылы көрсетіңіз

Бұл тапсырмада, оқушы, мысалы қолды таңдаса, онда сыртынан бастап эпителий-дәнекер (май), дәнекер (қан), дәнекер (сіңір), жүйке (жүйкелер)- дәнекер (сүйек) – бұлшықет ұлпасы болатынын айтып, олардың қызметтеріне тоқталады.

Егерде тамырды таңдаса, эпидермис-түзуші-негізгі, (колленхима, склеренхима, паренхима) өткізгіш (ксилема, флоэма)-түзуші деп жауап береді.

Бұл тапсырманы тексерген кезде оқушылардан олардың қызметін және ұлпаның басқа түрлерімен байланысына тоқталу маңызды. Мысалы, қолдағы жүйке ұлпасымен қан ұлпасынының арасында қандай байланыс бар? қан жасушалары жүйке жасушасын қоректендіреді, жүйке жасушасы оны қорғайды т.б.

Құндылықтарды дарыту: Сабақ барысында оқушыларға құндылықтарды ескертіп айту отыру маңызды. Мысалы, жұптық немесе топтық жұмыс жасарда оқушыларға өзара ынтымақтастықта болу, бір-бірлерінің пікірлерін құрметтеу қажет деп айту жөн.

Әр білімнің өмірмен байланысын, оның өзектілігне тоқталып отыру қажет. Мысалы, өсімдікте целлюлозадан тұратын жасуша қабырғасынан қағаз өндірілетін болса, лигниннен тұратын өлі жасушалары бар қабаттан арқан жіптер жасалады деген сияқты.

Пәнаралық байланысты орнату: Сонымен қатар сабақ барысында лигнин дегеніміз өте мықты полимер болғандықтан судың осмосын болдырмай, суды сақтауды қамтамасыз етеді. Химиядан білесіздер, су көп ортадан аз ортаға қарай өтеді. Немесе өсімдікте су аз болса осмостық қысым кеміп, оның тургоры жоғалады. Физикадан қысым туралы білесіздер деген сияқты пәнаралық байланыстарға тоқталып отыру қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

12 слайд осы ақпаратты қорытындылау үшін қажет. Оқушыларды шақырып, суреттен ұлпа түрлерін атап көрсетуді сұрау арқылы қорытынды жасалады.

15-слайдта ұлпаларды анықтауды оқушылармен бірге жасаған жөн. Сабақтың барлық кезеңінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс кезінде оқушыларға сұрақтар қоюға, практикалық дағдылары мен зертханалық жұмысты жоспарлап жасай білуін тексеруге болады. Пркатикалық дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай кейбір оқушыларға микропрепаратты жасап, микроскопта қарау тапсырмасын ұсынып, оны орындағаны үшін мадақтауға болады. Кейбір оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Оқушылардың салуы мүмкін сызба үлгісі.

  • Сілтемелер мен ресурстар

«Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы» Ш.Н.Дүрмекбаева. оқу құралы. Көкшетау-2004ж.

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» Т.Мұсақұлов Алматы-1962

https://biology.tutorvista.com/plant-kingdom/plant-tissue.html

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tirek-qimyl-zhujeleri/lesson/bulshyqet-ulpalarynyng-qasietteri

Видеолар:

https://www.youtube.com/watch?v=9NCvTNcS2lU

https://www.youtube.com/watch?v=JEEni8MRRgk

Анимациялар:

https://www.tutorvista.com/biology/animations/tissues-in-plants-and-animals

https://www.tutorvista.com/biology/animations/plant-tissue-animation



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу