Өсімдік және жануар ұлпалары. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Эпителий ұлпасы Құрылысы: Жасушаларының пішіндері – жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. Б

Қызметі: Жасушаларды тікелей зақымданудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен, бактериялардың енуінен, кебуден қорғайды. Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп, өткізеді. Қалдық заттарды шығарып, әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Кейбір эпителий жасушаларында цитоплазмалық кірпікшелер болады. Мысалы, тыныс алу мүшелері бар ағзалардың тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып, өкпеге жібермейді. Орналасуы: Эпителий ұлпасы (грекше «epі» – үстіңгі, беткі) жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (асқазан, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б.) астарлап жатады.

Жүйке ұлпасы – жүйке жасушаларынан (нейрондардан және нейроглиялардан (грекше «neuron» – жүйке, «glіa» – желім) түзілген. Жүйке ұлпасының негізгі массасы нейроглия жасушаларынан тұрады. Олар қоректік, қорғаныштық және т. б. қызметтер атқарады.

Құрылысы: Жүйке жасушасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар жуандау жері) бір ұзын және көптеген қысқа өсінділерден құралған. Жасушаның ұзын (аксон) өсіндісі тармақталмаған, қысқа өсінділері (дендриттер) тармақталған, жүйке жасушасын нейрон (грекше «neuron» – жүйке) деп атайды. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді: дендриттер → дене → аксон. Қызметі: қозуды өткізіп, тітіркендіргішке жауап қайтару.

Бұлшықет ұлпасы: Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.Көлденең жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлденеңінен жолақтанып жатады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1мм, ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді.Жүректің бұлшықеті көлденең жолақты болғанымен адам еркінен тыс жиырылады. Ондағы бұлшықет талшықтары өте жіңішке және олар өзара торланып жатады. Жүректің бұлшықет жасушасында да бір ғана ядро бар.

Дәнекер ұлпасы:

  • Барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады.
  • Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.
  • Жасушалары бір-бірімен тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі мықтылығын қамтамасыз етеді.
  • Дәнекер ұлпасына – сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа жатады. Дәнекер ұлпасы: тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, қан ұлпасы деп бөлінеді.
  • Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары тірі, қантамырлар мен жүйкелер торлап жатады
  • Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бір-бірімен байланысқан жері, көмекей қақпақшасы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі.
  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақтың басында оқушыларға кабинеттегі техникалық қауіпсіздікті сақтау, партада дұрыс отыру туралы ескерткен жөн.

Зертханалық жұмыс кезінде ең алдымен микроскоппен жұмыс жасау ережелерін еске түсіріп, микропрепаратты сындырып алмауы үшін алдымен заттық үстелді төмен түсіріп, сосын микропрепаратты орналастыру, және ылғи да ең кіші өлшемді объективтен бастауды ескерту қажет.

Қатер көздерін анықтатып, оны бағалап, азайту жолдарын қарастыру маңызды.

Жұмыс барысында оқушылардың тәртіпті мұқият сақтауын қадағалау қажет.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тақырып мазмұны ауқымды болғандықтан уақытты тиімді пайдалануға тырысу маңызды.

Сабақтың басында суреттер жұпқа немесе топтарға үйлестіріліп беріледі.

Оқушылар жасушаларды жеке бөліп алып, ұлпаның жасушалар жиынтығынан тұратынын түсінуі тиіс.

Кезекте сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Мұғалім оқушыларға ұлпа түрлері туралы, олардың жіктелуін максимум 4 минутта қысқаша түсіндіреді.

Оқушылар түрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс жасап, ұлпалардың ерекшеліктерімен танысады.

Ұлпа түрлері бойынша зертханалық жұмыс орындалады.

Жұмысты топтармен немесе жеке станцияларды аралау түрінде ұйымдастыру арқылы уақыт үнемдеуге болады. Ол үшін қолда бар микропрепараттар мен ұлпа үлгілерінің санына қарай топтарға бөліп, әр топ микроскопқа микропрепаратты орналастырып суретін салып алғаннан соң, оны қайтып алып, ауыстырмай орнынан тұрып басқа топпен орын алмасып жұмыстайды. Мысалы, 1-топқа эпителий ұлпасының микропрепараты, 2-топқа нейрон берілсе, олар микросокопта қарап болғаннан соң микропрепаратты алмай, тек өздері орнын ауыстырып, дайын тұрған ұлпаны қарап, суретін салып алады. Осылайша сыныпта 10 топ болса олар микроскопты тек 1 рет жұмысқа дайындап, 10 рет орын ауыстырып, ұлпа түрлерін қарап үлгереді деген сөз.

Оқушылар бекіту тапсырмасын орындайды. Оқушылардың өз таңдаулары бойынша тапсырма түрлері орындалады.

Сабақтың соңында рефлексия жасалады. Үй тапсырмасы беріледі.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Сабақтың басынан бастап қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Ұлпа мен жасушаны топтастырған кезде оқушылардың оларды ажырата алуына назар аударылады. Бұл кезде ұлпаның жасушадан айырмашылығы неде, неліктен жасушалар ұлпаларға топтасады деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсінгенін тексеруге болады.

Таныстырылымда түсіндірген кезде де әр ұлпаға мысалдар келтіруді сұрау немесе түртіп жазып алып отыруды тапсыру арқылы таныстырылымды қызықты етуге болады.

Ақпарат көздерімен жұмыс кезінде ұлпалардың ерекшеліктері, орналасуына қатысты сұрақтар қою арқылы бағалау жүргізіп, кері байланыс ұсынылады.

Сабақтың соңындағы тапсырмаларды өзара бағалатып, кейіннен жеке бағалап кері байланыс ұсыну қажет. Өткізгіш шоқтағы ұлпаларды анықтаған кезде оқушыларға ондағы жасушалардың пішіндеріне назар аударуды ескерткен жөн.Жұмыс парақтарын жинап алып әр оқушының жұмысына кері байланыс беріледі.

  • Саралау тапсырмалары

Сабақта саралау ресурстың әртүрлі көздерін ұсыну, тақырып мазмұнын тереңдету арқылы жүзеге асырылады. Қабілетті оқушыларға қосымша ресурс көздерін қолдануды ұсынуға болады. Сабақ барысында алғыр оқушыларға тереңдетілген қосымша, қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы саралауды қолдауға жағдай туғызуға болады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Қатер көздері

Қатер

Қатердің сипаты

Қатерді азайту шаралары

Микропрепараттар

Орташа

Жарақат алып қалмау үшін ұқыптылықпен жұмыс жасау.

Тірі ұлпа үлгілері

жоғары

Аллергия тудыру, ауру жұқтыруды болдырмау үшін иіскемеу, жемеу

Тапсырма: Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.

  • Гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады, өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды.
  • Тірек ұлпасы
  • Түзуші ұлпа
  • Жасушалары өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады.
  • Жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Жарықта органикалық зат түзеді.
  • Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады.
  • Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі
  • Сыртқы ортаның әсеріне жауап қайтарып, қозуды өткізеді.
  • Жиырылуға қабілетті
  • Дәнекер ұлпасы

5-қосымша: 1-эпидермис, 2- ксилема, 3-флоэма, 4-өткізгіш шоқ

  • Сілтемелер мен ресурстар

https://www.pmfias.com/plant-tissue-meristematic-simple-complex-permanent-tissue/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу