Өсімдік және жануар ұлпалары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

2- қосымша

Өткізгіш ұлпалар:

Құрылысы: Жасушаларының пішіндері әр түрлі, ұзынша. Жасушааралық перделері мен қабырғаларында сүзгі тәрізді ұсақ тесіктері болады.

Қызметі: Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелері мен сабақ, жеміс, тұқымға өткізеді. Топырақтан тамырдың сорып алған минералды заттарының ерітіндісі жер үсті мүшелеріне жеткізіледі

Орналасуы: Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде.

Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады.

Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.

Механикалық ұлпа (тірек ұлпасы)

Қызметі: Өсімдіктерге мықтылық, серпімділік қасиет береді.

Тірек ұлпа өсімдіктің мүшелеріне беріктік қасиет беретіндіктен жануарлардың қаңқасы сияқты салмақ күшіне, қатты соққан желге, нөсер жаңбырға майыспай, сынбай төтеп береді.

Құрылысы: Жасушаларының қабығы қалың, сүректенген. Белгілі бір тәртіппен орналасады. Алғашында тірек ұлпаларындағы жасушалар тірі болады. Кейін әбден қалыптасқанда, қабығы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады.

Орналасуы: Өсімдіктің барлық мүшелдерінде тамыр, сабақ, жапырақ жүйкелерінде, жемістің жұмсақ етінде, тұқымда (өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар) т.б. жерлерде болады.

Түзуші ұлпа (меристема)

Құрылысы: Жасушалары өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады.

Қызметі: Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді.

Орналасуы: Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Жабын ұлпа:

Қызметі: өсімдік мүшелерін кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды.

Орналасуы: Өсімдіктің барлық мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, гүл, жеміс) сыртын қаптап тұрады. Жапырақтар мен сабақтар, жемістер, тұқымдардың сыртындағы жұмсақ және қатты тікенекті түктері.

Жіктелуі: өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді

Өң: жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады, өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды.

Тоз: Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады.

Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейді.

Қабық: жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, зиянды микробтардан қорғайды.

Негізгі ұлпа (паренхима)

Құрылысы: жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады.

Орналасуы: Өсімдіктің барлық мүшелерінде қабықтан бастап барлық ұлпалардың арасын толтырып тұрады. Жапырақтың ортаңғы қабаты, сабақ, тамыр, тұқым, түйнек, пиязшық, тамырсабақтың барлығында болады.

Бөліп шығарушы ұлпа

Құрылысы: Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа біртіндеп қалыңдайды.

Орналасуы: Өсімдік мүшелерінің әр жерде шашыранды болып жатса да барлық мүшесінде: тамыр, тамырсабақ, жапырақ, сабақ, гүл, жеміс тұқымдарда кездеседі. Қызметі: сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді. Зат алмасуда бөлінген артық заттар мал жемеуден, ауру тудыратын микробтар мен зиянды бунақденелілерден сақтайды.

3- қосымша

Оқушының аты-жөні ......................................... Сынып ............... мерзімі: ...............

Зертханалық жұмыс парағы

Тақырыбы: ӨСІМДІК ЖӘНЕ ЖАНУАР ҰЛПАЛАРЫ

Жұмыстың мақсаты:.................................................................................................................

Қысқаша ақпарат

Ұлпа дегеніміз тұрақты қайталанатын шығу тегі мен құрылысы ұқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген жасушалар тобы.  Атқаратын қызметіне байланысты ұлпалар әртүрлі болып келеді.

Материалдар мен құрал-жабдықтар:

  • Микроскоп
  • Микропрепараттар

Қатер көздері

Қатер

Қатердің сипаты

Қатерді азайту шаралары

Жұмыс барысы

  • Ұсынылған дайын микропрепараттарды микроскоппен мұқият қара.
  • Ұлпа түрін анықта.
  • Ұлпа жасушасының суретін сал.
  • Жасушаның құрамбөліктерін көрсет.
  • Ұлпа жасушаларының ерекшеліктерін кестеге жаз.
  • Орналасқан орнын ата.

Деректер мен нәтижелерді жинақтау. Кестені толтырыңыз.

Ұлпа

Жасуша суреті (құрылысы)

Жасуша ерекшелігі

Орналасқан орны

Талқылау

Ұлпалардың жасушаларының құрылысындағы айырмашылықтардың себебі неде? Жауабыңды түсіндір.

...........................................................................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қорытынды

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

4-қосымша

Тапсырма: Кестедегі бос орындарды толтырыңыз.

Ұлпа

Жасуша ерекшелігі

Орналасқан орны

Жабын ұлпа

1

Жапырақтың үстіңгі өңі

2

Жасушаларының қабығы қалың, сүректенген, белгілі бір тәртіппен орналасады.

Өрік, шие сүйектері мен жаңғақтың сыртын қаптап тұрған қатты қабықтар

3

4

Өркен мен тамырдың ұшында. Астық тұқымдас өсімдіктердің (бидай, жүгері, тары) сабақтарының буын аралықтарында. Сабақ пен тамырдың қабық астында

Паренхима

5

Барлық мүшелердің негізін құрап, түзеді.

Флоэма Ксилема

6

7

Жүйке ұлпасы

Денеден бір ұзын және көптеген қысқа өсінділерден құралған. Жасушаның ұзын өсіндісі тармақталмаған, қысқа өсінділері тармақталған.

 8

Бұлшықет ұлпасы

9

Қозғалысты қамтамасыз етеді.

10

Жасушалары бір-бірімен тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі мықтылығын қамтамасыз етеді.

Барлық ұлпалар тобын біріктіріп, тұрады.

5- қосымша

Жапырақ көлденең кесіндісінде ұлпаларды атап жазыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Өсімдік пен жануарлар ұлпаларын жіктеуде құрылыс ерекшеліктері мен орналасқан орынын анықтайды.

Жабын ұлпа жасушалары ерекшеліктерін біледі суретін салады.

Сүректенген жасушадан тұратын ұлпаны атап, суретін салады.

Берілген суретті пайдаланып, ұлпаны атайды, жасушаларының ерекшелігін көрсете алады.

Бағаналы мезофилл суретін салып, орналасқан орынын атайды.

Флоэма, ксилема жасушаларының ерекшеліктерін сипаттайды, орналасқан орынын біледі.

Бөліп шығарушы ұлпа жасушалары суретін салып, ерекшеліктерін сипаттайды.

Берілген жануар ұлпасы суреттерін пайдаланып, ұлпаны атайды, жасушаларының ерекшелігін көрсете алады.

Жүйке ұлпасы суретін салып, орналасқан орынын атайды

Бұлшықет ұлпасы жасушалары суретін салып, ерекшеліктерін сипаттайды.

Дәнекер ұлпасы суреттерін пайдаланып, жасушаларының ерекшелігін көрсетеді және орналасқан орынын анықтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу