Өсімдік және жануар ұлпалары. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


8.1А. Жасушалық биология

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдік және жануар ұлпалары (зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.2.1 өсімдік пен жануар ұлпаларын жіктеу

 Сабақтың мақсаты

  • Өсімдік , жануар ұлпаларының түрлерін білу;
  • Ұлпаларға тән ерекшеліктерді ажырату;
  • Ұлпалардың құрылысындағы айырмашылықтардың себебін түсіндіру;

Бағалау критерийлері

  • Өсімдік және жануарлар ұлпаларын топтастырады.
  • Әр ұлпаның құрылысындағы ерекшеліктерді ажыратады.
  • Ұлпалардың құрылысына қарай қызметін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар өсімдік жануар ұлпаларын атай алады. Ұлпалардың суреттерінде түрлерін ажыратып, бөліктері ен атқаратын қызметтерін түсіндіріп жаза алады.

Өсімдік жануар ұлпаларын атап, ауызша сипаттай алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Өсімдік ұлпалары: Тұрақты және түзуші ұлпалар, жай және күрделі ұлпа, түзуші (меристема), жабын (эпидермис), негізгі (паренхима), өткізгіш (флоэма, ксилема), механикалық (колленхима, склеренхима), бөліп шығарушы ұлпа.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жануар ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпасы.

Ксилема мен флоэма ... ұлпалар.

Жай ұлпаға ...жатады.

Ксилемада... жасушалар кездеседі.

Өткізгіш ұлпа...қатысады.

Паренхима жасушаларының ерекшелігі...

Құндылықтарды дарыту

Жеке бас қасиеттерін, коммуникативтік дағдыларын және құзыреттілігі дамиды. Жұпта, топта жұмыс істей білу, өзге сыныптастарының пікірлеріне құрмет көрсету және өз пікірі үшін жауапкершілігін түсіну, тұлғааралық құзыреттіліктер дамытылады. Топта, жұпта жұмыс кезінде бір-біріне ынтымақтастықта жұмыс істей алу, басқа оқушылардың пікірін және әрбір идеяның құндылықтарын ескере білуі дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Ұлпалардың құрамында кездесетін лигнин, целлюлоза сияқты заттар туралы түсінік арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптың «Жасушалық биология» бөлімінен өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрамбөліктерін анықтап сипаттай алады. «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «ағза» ұғымдарын, ксилема мен флоэма туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Миға шабуыл ретінде оқушылар жасушалар және ұлпаларының суреттерін топтастырады. Топтастыру себептерін түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы «ұлпа» ұғымын еске түсіреді.

Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер анықталады.

Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1-қосымша

1-2 слайд

3 -4 слайд

Сабақтың ортасы

6- 9мин

Мұғалім ұлпаның жіктелуін, ерекшеліктерін түсіндіреді.

5-16 слайд

10-15 мин

Оқушыларға ұлпаның түрлері мен ерекшеліктері туралы ақпарат парақшалары/РРТ ұсынылады. Олармен танысуға уақыт беріледі.

Бұл жұмысты топтарда ұйымдастырып, әр топ бір ұлпаның ерекшелігі мен қызметін түсіндіру арқылы жүргізуге де болады.

2 - қосымша

16-30 мин

Зертханалық жұмыс:

= қауіпсіздік техникасы, қатер көздерін анықтап, қатерді шектеу жолдарымен танысады.

Оқушылар өсімдік, жануар ұлпаларының дайын микропрепараттарымен танысады. Мүмкін болса өсімдік жануар ұлпаларының тірі үлгілері: алмұрт (склеренхима), жапырақ (эпидермис, паренхима), тауық еті (бұлшықет, сіңір, май, эпителий) пайдаланылады.

Егерде дайын микропрепараттар немесе сәйкес суреттер, тірі үлгілер жеткілікіз немесе оқушылар анық көре алмаған жағдайда қажетті видеоматериалдарды қолдану ұсынылады. Бірақ видеоматериалмен жұмыс жасаған кезде жұмыс парағындағы тапсырмаларды қатар орындау тапсырылады.

3 - қосымша

17-слайд

Микроскоп, дайын препараттар: пияз тамырының ұшы, жапырықтың эпидермисі, шөптесін өсімдіктің сабағының кесіндісі, ағаштектес өсімдіктің көлденең кесіндісі және ұлпа суреттері

31-38 мин

Оқушыларға өсімдік, жануар ұлпаларының сипаттамалары, суреттерін анықтау үшін кестедегі бос орындарды толтыру тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма арқылы алған білім бекітіледі.

Қабілетті оқушыларға өткізгіш шоқтың суретінен бойынша ұлпа түрін анықтау тапсырмасы ұсынылады.

4-5 қосымша

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

Тақырып мазмұнына қатысты сабақта орны алған үш әрекетті талқылау

І. Мен үшін жаңалық

ІІ. Сабақта жақсы іске асты

ІІІ. Сабақ барысында қиындық тудырды.

Оқушылар мазмұнға қатысты кері байланыс ұсынады.

8 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылардан өсімдік ұлпаларына тән ерекшеліктерді ажыратуды. ұлпалардың құрылысындағы айырмашылықтардың себебін түсіндіруді сұрау арқылы мазмұн арқылы саралау жүргізуге болады.

Қабілетті оқушыларға ұлпа түрлерін өткізгіш шоқтан тауып белгілеу тапсырмасын ұсынуға болады. (5-қосымша)

Қабілеті төмендеу оқушыларға өсімдік, жануар ұлпаларының сипаттамалары, суреттерін анықтау үшін кестедегі бос орындарды толтыру тапсырмасы ұсынылады. (3-4 қосымша)

Қабілетті оқушылардың сурет салу дағдысын дамыту үшін оларға дайын микропрепараттар бойынша ұлпалардың сызбалық суреттерін салуды ұсынуға болады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары Сабақ барысында тапсырмаларды орындауын бақылау.

Өзара бағалау жүргізу.

Оқушылардың қабілеті сызба дайындауы кезінде бақыланады.

Кейбір оқушылар тірек сөздерді немесе сұрақпен жетелеуді қажет етуі мүмкін.

Оқушылардың тапсырманы орындау әрекетін бақылау.

Талдау арқылы тақырыпты түсінгенін қадағалау.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Зертханалық жұмыс кезінде микроскоппен, сапты ине, пышақпен жұмыс кезінде абай болу. Микропрепараттар сияқты шыны құралдарды сындырып алмау.

Ұлпалардың тірі үлгілері ұсынылса оларды иіскемеу, жемеу, жалаңаш қолмен ұстамау ескеріледі.

Жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Зертханалық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалыста болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу