Прокариоттық эукариоттық жасушалар. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Эукариоттық жасуша

Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариот жасушасы ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Жасуша ядросы, митохондрия, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалы (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Эукариот жасушасының мөлшері прокариот жасушасынан бірнеше есе үлкен. 100 мкм (10-3) жетеді. Эукариот жасушаларының мөлшері үлкен және күрделі құрылымды болуының себебі олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты. Жасушадағы органеллдер әртүрлі қызметтерді атқаруға бейімделген.

Прокариоттық жасуша

Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары, мембранамен қоршалған ядросы мен хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сын сақина тәріздес болып жасушада шашыраңқы жатады. Цитоплазмасында мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар) орналасқан.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ басында оқушыларға:

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партаға дұрыс отыруына назар аударуды ескерту қажет.

Сабақтың ортасында: Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу ескетіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

-Сабақты сын тұрғысынан ойлауды қамтамасыз ету, қызығушылықты ояту, тақырыптың өзектілігін ашу мақсатында миға шабуыл сұрағынан бастау ұсынылады. Бұл сұрақпен жұмыс жасау нұсқаулығы:

1- жұпта талқылаңыз.

2- сыныппен өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Жұпта талқылауға шамаман бір минут уақыт беріледі. Сосын оқушыларға кезек бере отырып бірнеше жауап үлгілерін тыңдау қажет. Оқушылар бұл сұрақтан әр тірі ағзаның тіршілік ерекшеліктері мен мекен ортасына деген бейімделушілігіне байланысты жасушаларының да құрылысы әртүрлі болып келеді дегенді түсінеді.

-Сабақтың басында жаңа тақырыпты алдыңғы біліммен байланыстыру үшін жануар мен бактерия, өсімдік пен бактерия жасушаларын салыстыру тапсырмасы орындалады. Бұл тапсырма барысында оқушылар бактерия жасушаларын «Қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады?

Бұл жасушалардың айырмашылығы неде?» сұрақтарына жауап бере отырып ажыратады. Бұл тапсырманы орындау кезінде кейбір алғыр оқушылардан органеллдердің қызметтерін сұрау арқылы саралауды қамтамасыз етуге болады. Бұл тапсырма орындалып жатқанда «өзгенің пікірін тыңдай білу маңызды» деген сияқты құндылықтарға сілтемелер жасалады.

  • Тақырыптың мазмұны оқушылардың әртүрлі ресурстардың көмегімен жасушаларды үлгілеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тапсырманы сыныптағы оқушы санына қарай бірнеше топта орындату қажет. Бұл тапсырма орындалып жатқанда «өзгенің пікірін тыңдай білу маңызды» , «топтық жұмыс кезінде ынтымақтастықта болу қажет», «әр оқушы өзінің білім алуына жауапкершілікпен қараған жөн» деген сияқты құндылықтарға сілтемелер жасалады. Алдымен жұмысқа арналған нұсқаулық/критерийлермен танысуға уақыт беріледі. Тапсырманы қалай орындау қажет екенін түсінгенін тексеріп алу қажет. Үлгілеуді бастамас бұрын қажетті құралдарды таңдап алады. Ол үшін қолжетімді материалдарды дайындап қою маңызды. Оқушылар өз қалаулары бойынша материал мен ресурстарды таңдайды. Содан кейін тапсырманы орындау барысында топтарды аралап жүріп, көмек көрсету, тереңдету сұрақтарын қою сияқты кері байланыстар беріледі. Тапсырма барысында саралауды, тереңдетілген тапсырмалар ұсынуды және қабілеті төмендеу оқушыларға көмек көрсетуді ұмытпаған жөн. Үлгілер дайын болған соң топтар өзара бағалау жүргізеді. Ол үшін стикерлерге ең жақсы шыққан бір тұсы мен жақсартуға арналған екі ұсыныс жазады. Осы ұсыныстар бойынша өз жұмыстарын жақсартуға уақыт беріледі. Алғыр оқушыларға қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады.

Келесіде оқушылар өз үлгілерін ауызша қорғайды. Ауызша қорғау барысында оқушыларға сұрақтар ойластырып, қоюды тапсыру жөн. Барлық топтың жұмыстарын қорғау кезінде тек бір оқушының сөйлеуін болдырмай басқа оқушыларды атап, түсіндіруді сұраған жөн.

  • Сабақтың соңында оқушылар Венн диаграммасы арқылы жасушаларды салыстырады. Бұл тапсырманы жеке орындатып, жауаптарын оқытып салыстыруға болады. Тапсырманы орындап жатқан кезде аралап жүріп оқушыларға кері байланыс ұсыну маңызды.

Алғыр оқушыларға қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады. Уақыт қалып жатса органоидтардың ағылшынша атауларын ататып, екінші оқушыдан қазақшаға аударуын сұрауға болады. Кейбір жазбаша орындауды ұнататын оқушыларға ағылшынша терминдерді аудармасымен жазуды тапсыруға болады.

  • Сабақ соңында рефлексия жасау қажет. Осы кезде үй тапсырмасы жазылған слайдты ашып, үй тапсырмасын жазып алуды ескерту дұрыс.

Бұл тақырыптан оқушылар екі жасушаның мембраналы органоидтардың болуы болмауына байланысты ажыратылатынын түсінуі маңызды. Көбінесе ақпарат көздерінде прокариот жасушасында ядросы болмайды деп беріледі. Осыған байланысты оқушыларда олардың генетикалық ақпараты да болмайды деген түсінік қалыптасады. Сондықтан ядро болмайды деген түсінікті мүлде қолданбаған жөн. Тек ядросын қоршаған мембрана және мембраналы органоидтары болмайды деген қорытынды жасалады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Сабақтың басында сұраққа жауап беру кезінде оқушылардың дұрыс қолданған терминдері, өз жауабына дәлелдер келтіре білуіне назар аударылады. Мысалы, жасушалар әртүрлі, себебі ағзалардың тіршілік әрекеттері әртүрлі. Оқушыларға «бұл ойыңыз орынды болды», «... терминінің қолданғаныңыз ұтымды болды», «осы ойыңызға дәлел келтірсеңіз», «мына пікіріңізге мысал келтірсеңіз» деген сияқты кері байланыстар ұсынуға болады.

Үлгілеу жұмысында материалды таңдауда көмек беріліп, органеллдердің қызметін сұрауға болады.

Венн диаграммасын толтыру кезінде «неліктен бұл ұқсастық болып табылады...», «мына айырмашылық туралы тағы да ойлансаңыз», «өте жақсы жауап», «... жұмысты тез орындады», «жоғары деңгейдегі жауап!» деген сияқты кері байланыстар ұсынылады.

  • Саралау тапсырмалары

Оқушыларға 4– қосымшадағы тапсырмасын ұсынуға болады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Ерекшеліктері

Прокариоттық жасуша

Эукариоттық жасуша

Жануар

Өсімдік

Жасушалық мембрана

+

+

+

Жасуша қабырғасы

+ (пептидогликаннан тұрады)

-

+ (целлюлозадан тұрады)

Ядролық мембрана

-

+

+

Генетикалық материалы

Сақиналы ДНҚ;

Плазмид-қосымша ДНҚ

Гистон нәруызымен байланысып хромосомаға айналған тізбекті ДНҚ

Рибосома

Диаметрі 18нм

Диаметрі 22нм

Митохондрия

-

+

+

Мезосома

+

-

-

Мембраналы органелдер

-

+

+

  • Сілтемелер мен ресурстар

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-a-cell

https://www.youtube.com/watch?v=RQ-SMCmWB1s

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhasusha-ahzalardyng-tirshilik-birligi/zhasushanyng-qurylymy-men-atqaratyn-qyzmeti/lesson/zhasusha-qurylymy

https://www.youtube.com/watch?v=TvSy0Hucgvc

Биология. Стаут, Грин, Тейлор: http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000009/st006.shtml



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу