Патогендермен күресу тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Биология, 7 сынып, қосымша материал.
Антисептиктер.
Антисептиктер - микробты жұқпаларды болдырмау және жою үшін қолданылатын препараттар; медицинада, ауыл шаруашылығында, тамақ, құрылыс және тоқыма өнеркәсіптерінде қолданылады. Антисептик — Бактериялардың өсуін тоқтататын сабын немесе тазартатын ерітінді. Іріңдеудің себебі әлі белгілі болмай тұрған кезде, инфекциялық процестердің алдын алу үшін мыналар қолданылды:
Бейорганикалық қосылыстар — озон, сутек пероксиді, нитрат серебра, иод ерітіндісі
Органикалық антибактериялық препараттар, Антибиотиктер:Мирамистин, Хлоргексидин, Төрттік аммоний тұздары, уксусүсті қышқылы, Полигексаметиленбигуанидин,Бояғыштар (бриллиант жасыл, метиленді көк)
Антисептикалық заттарға төмендегі ерітінділер қолданылады:
ЙОД . Шығарылу түрі.Спирттік ерітінді 5%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Терінің қабыну және инфекциялық аурулары, жырылу, тілігу, микрожарақаттар, жаралар; қабынған инфильтраттар, миозит, невралгия, операциялық жердің, жара шеттерінің, хирург саусақтарының дезинфекциясы.Сыртқа, зақымдалған жердің айналасына. Зақымдалған жерді тәулігіне 1 рет тазарту, клиникалық көріністер болғанша.
Кері көрсеткіштері
Йодқа жоғары сезімталдық, өкпе туберкулезі, нефрит, нефроз, сыздауық, безеу бөртпелері, созылмалы пиодермия, гемморрагиялық диатез, есекжем.
Суттегі АСҚЫН ТОТЫҒЫ. Шығарылу түрі.Ерітінді 3%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ластанған жаралардың бетін біріншілік тазарту, жараны іріннен және ұйыған қаннан тазалау, беткейлік жаралардағы капиллярлардан, тіс ойығынан және мұрыннан қан кетулерді тоқтату.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.Аллергиялық реакциялар (сирек), жара аймағының күйдіру сезімі.
Хлоргексидин. Шығарылу түрі.Ерітінді 0,05%, 5%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Операциялық аймақ пен хирург қолын тазалау, циститтер, жаралы инфекция, гингивит, жынысты қатынас ауруларының алдын алу шараларында, хирургиялық аспаптарды уытсыздандыру.
Қуықтың инфекциясы кезінде хлоргексидинВ антисептикалық әсер етеді, бірақ ^ Pseudomonas spp. қарағанда тиімсіз.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, дерматиттер, аллергиялық реакциялар.
Бор ҚЫШҚЫЛЫ. Шығарылу түрі.Спирттік ерітінді 3%, ұнтақ.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Конъюнктивит, ылғалданушы экзема, дерматит, пиодермия, қызару, жедел жне созылмалы отит, кольпит, педикулез.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, бүйрек қызметінің бұзылыстары.
Зарарсыздандырғыш заттар.
Карбол қышқылы. Ол затпен кескіш құралдарды, пластмасстан жасалған заттарды стерильдеу үшін қолданылады. Онымен инелерді, скалпель, полиэтилен түтіктерін зарарсыздандыруға пайдаланады.
Лизол жасыл сабынмен бірге қолданылады. Қабырғаларды, едендерді және жихаздарды жууғу, ыдыстарды және , резенке қолғаптарды, заттарды жууға қолданылады.
Сулема (дихлорид ртути) 1 : 1000, 1 : 3000 Бұл затпен ота жасау бөлмесіндегі қолғаптарды, ұстатқыштарды, т.б. заттарды зарарсыздандыруға қолданылады.
Ртуть оксицианиді 1 : 10000 зәр шығарғыш кататерларды, цистоскоп, т.б. құралдары зарарсыздандырады. Диоцид – ртуть құралы, жуғыш зат ретінде пайдаланылады. Хирург қолын жууға пайдаланылады.
Этил спирті ке кіш құралдарды, рещзенке және пластикалық заттарды, хирургтардың қолын жууға пайдалынылады.
Йод спирті 2%, 5% немесе 10%-, ол барлық бактерияларды өлтіруге пайдаланылады.
Хлор ерітіндісі. Заттарды, ыдыстарды,суды, жуынғыш бөлмелерді зарарсыздандыру.
Антибиотиктер.
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу үшін қолданылады. Мысалы: Амоксициллин, Флемоксин Солютаб, Амоксиклав, Ампициллин, Цефазалин, Сумамед, Хемомицин, Левофлоксацин.
Антибиотиктер.
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу. Мысалы: Амоксициллин, Флемоксин Солютаб, Амоксиклав, Ампициллин, Цефазалин, Сумамед, Хемомицин, Левофлоксацин.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?