Патогендермен күресу тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Биология, 7 сынып, презентация.


Патогендермен күресу тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы.

Оқу мақсаты: Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттайды.

Бағалау критерийлері:

патогендермен күресу тәсілдерін атайды;

антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттайды;

бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін түсіндіреді.

Қуырылған еттің бетіндегі бактерия

Жасыл түсті «тамшылар» - сальмонелла бактериясы.

Еттің бетіне қонған шыбынның аяғынан түскен болар. Егерде жылы жерге қалдырса бактериялар көбейе бастайды.

Егерде сіз осындай еттің жеген болсаңыз мыңдаған бактериялар сізді ауруға ұшыратады.

X 2000

Ойланыңыз

….Жұпта….

…..Бөлісіңіз!

Микробтар қалай ауру тудыртады?

Патоген деген не?

Ауру тудыртатын микроағзалар

Патогендердің негізгі топтары:

Бактериялар

Вирустар

Саңырауқұлақтар

Taпсырма

Жұпта бактерия мен вирус тарататын аурулар туралы зерттеу жүргізіп, эксперт болуға талпыныңыз

Таңдап алған ауру қоздырғышы туралы презентация жасаңыз

Сіз эксперт деңгейіне жеткен соң басқа оқушыларды үйретесіңіз.

Бактериялар

Өте ұсақ жасушалар

Сенің ағзаңда тез көбейеді

Жасушаларды зақымдайды, токсин (улы зат) түзеді

Бактериялар тудыратын аурулар:

іш сүзегі – брюшной тиф

дизентерия

туберкулез

көкжөтел - коклюш

тырысқақ - холера

Вирустар

Нәруызды қабық

Құйрық

Генетикалық

материал

Жасушалары жоқ.

Өздерінің клондарын жасау үшін басқа ағзаның жасушасын пайдаланады.

Жасушаны бұзып шыққанда ауру тудыртады.

ВИРУСТАР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР

ЖИТС

Гепатит

Тұмау

Қызылша - корь

Герпес

Желшешек – ветреная оспа

Микробтар ағзаны қалай ауруға ұшыратады?

T

T

T

T

T =токсин

Бактерия

Вирус

1.

2.

3.

Адам ағзасына енген патогендермен қалай күреседі?

Адам ағзасында патогенді бактериялар көбейіп, ауру тудырғанда антибиотиктермен жояды. Антибиотиктер  (грекше  «antі» — қарсы және   «bіos» - тіршілік) - микроағзалардың өсуін, көбеюін тежейтін және жойып жіберетін органикалық қосылыстар.

Оларбактерияларды жоятын немесе олардың өсуін тоқтататын химиялық заттар. Алғашқы антибиотиктер саңырауқұлақтардан алынған. Жануарлардан алынатын және жасанды жолмен өндірілетін түрлері көп. Мысалы, пенициллин,амоксициллин, стрептомицин, тетрациклин .

Зертханалық жұмыс.

Антибиотиктердің бактериялардың өсуіне әсерін зерттеу

Үш Петри ыдысындағы қоректік ортада алдын ала бактерияларды өсіру.

Агарды өткір затпен үш секцияға бөлу.

Бір қағаз дискіні жай суға, қалған екі қағаз дискілерді түрлі антибиотиктердің ерітінділеріне батырып алып, агар пластинкалардың үстіне орналастыру.

Петри ыдысының бетін жабу, пластырьмен бекіту, төмен төңкеру және 38 градус температурада 3 тәулікке қалдыру.

Қағаз дискілердің айналысындағы бактериялардың өсуіндегі өзгерістерді анықтау және байқалған құбылысты түсіндіру.

Ота жасау бөлмесіндегі патогендерді қалай жояды?

Құралдарды стерильдеу

Қолды арнайы ерітінділермен жуу

Таза стерильденген киім

Бетке және басқа маска кию

Стерильді қолғап

Стерильді жабын

Бөлмені кварцтау, дезинфекциялау

Антисептиктер

Антисептика - бұл микроағзаларды жоюға арналған емдеу алдын-алу шаралары.

Антисептиканың микроағзаларға қарсы механикалық, химиялық, физикалық, биологиялық әдістері қолданылады.

Жарақаттанған жерге, шырышты қабыққа және зақымданған теріге инфекция түсуі мүмкін, сондықтан әр түрлі антисептикалық заттарды қолдауға болады.

Антисептика түрінде әртүрлі химиялық қосылыстар қолданылады. Олар микробтарға қарсы әсер ететін заттар:

70%этил спирті

5% спиртті йод ерітіндісі

0,5%-2% хлорамин ерітіндісі

1-2% метилен көк спиртінің ерітіндісі немесе бриллиант жасыл.

1

2

3

4

Йод (5% спирттік ерітінді).

Терінің қабыну және инфекциялық ауруларға, жырылу, тілігу, микрожарақаттар, жаралар; операциялық жердің, жара шеттерінің, хирург саусақтарының дезинфекциясын жасауға. Сыртқа, зақымдалған жердің айналасына.

Суттегі асқын тотығы (3% ерітінді).

Ластанған жаралардың бетін біріншілік тазарту, жараны іріннен және ұйыған қаннан тазалау, беткейлік жаралардағы капиллярлардан, тіс ойығынан және мұрыннан қан кетулерді тоқтату.

Хлоргексидин (0,05%, 5% ерітінді).

Операциялық аймақ пен хирург қолын тазалау, циститтер, жаралы инфекция, ауруларының алдын алу шараларында, хирургиялық аспаптарды уытсыздандыру.

Бор қышқылы (3% спирттік ерітінді, ұнтақ).

Конъюнктивит, экзема, дерматит, қызару, жедел және созылмалы ортаңғы құлақ қабынуы, педикулез.

Зарарсыздандырғыш заттар.

Карбол қышқылы. Оны кескіш құралдарды, пластмасстан жасалған заттарды, инелерді, скальпель, полиэтилен түтіктерін зарарсыздандыруға пайдаланады.

Лизол жасыл сабынмен бірге қолданылады. Қабырғаларды, едендерді және жихаздарды жууғу, ыдыстарды және резенке қолғаптарды, заттарды жууға қолданылады.

Диоцид – ртуть құралы, жуғыш зат ретінде пайдаланылады. Хирург қолын жууға пайдаланылады.

Хлор ерітіндісі. Заттарды, ыдыстарды,суды, жуынғыш бөлмелерді зарарсыздандыру.

Зертханалық жұмыс.

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттарды қолданудың бактериялардың өсуіне әсерін зерттеу

Антисептиктер микробтарды жояды ма?

Жұмыс барысы:

Жұмыс істейтін үстелдің үстін этил спирті ерітіндісімен залалсындандыру.

Петри ыдысындағы агар пластинканың бетін үшке сызып бөлу.

3. Жуылмаған қолдың саусағымен бір бөлігіне басу.

Иіс сабынмен қолды жуып, саусағымен агар пластинканың екінші бөлігіне саусақпен басу.

Антибактериалды сабынмен қолды жуу және агар пластиканың үшінші бөлігіне саусақпен басу.

Петри ыдысының бетін жауып, жабыстырғыш қағазбен ұстату және 37 градус температураға 3 тәулікке қалдыру.

Тәжірибе аяқталғасын қолды жуу.

Бақылау нәтижелерін жұмыс қағазына жазу.

Бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі

Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы.

Кейбір бактерияларға антибиотиктер әсер етпейді.

Бактериялардың бұл қасиеті – антибиотиктерге төзімділігі

немесе тұрақтылығы деп аталады. Бұл антибиотиктерді жиі

қолдану себебінен де болады.

Рефлексия «Үш минуттық эссе»

Бүгінгі сабақтың материалы бойынша үш сөйлемнен тұратын эссе жазу.

Үйге тапсырма.

Антибиотиктердің пайдасы мен зиянды әсері туралы ақпараттық қағаз әзірлеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу