Патогендермен күресу тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ : Патогендермен күресу тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сыныбы: 7 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
| ||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты лексика мен терминология: антибиотиктер, антисептиктер,зарарсыздандыру құралдары, пенициллин, емдеубактериялар, зең саңырауқұлақтары,бактериялық инфекция, вирустық инфекция, вирус, холера, тұмау, суық тию, симптомдар Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ашықтық Оқушылар негізгі ұғымдар мен терминдерді қолданып, сұрақтарға еркін жауап береді және басқа оқушылардың жұмыстарын бағалайды. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы Қазақстанның интеллектуалдық потенциалының қалыптару үшін оқушылардың болашақта ғылыми зерттеу жүргізуге және өз беттерімен білім алуға қызығушылықтарын дамыту. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Түрлі дезинфекциялаушы заттардың әсерін зерттеуде химия пәнімен білімдері кіріктіріледі. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Антибиотиктердің әсерін зерттеуге қатысты бейнефильм көрсетуде АКТ қолданылады. | ||||||||||
Алдыңғы білім | Микроорганизмдер туралы біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||
Басы 0-3 минут | «Қуырылған еттің бетіндегі бактерия» суреті көрсетіледі. «Жасыл түсті «тамшылар» - сальмонелла бактериясы. Еттің бетіне қонған шыбынның аяғынан түскен болар. Егерде жылы жерге қалдырса бактериялар көбейе бастайды. Егерде сіз осындай еттің жеген болсаңыз мыңдаған бактериялар сізді ауруға ұшыратады». «Микробтар қалай ауру тудыртады?» сұрағы беріледі және оқушылар жұпта осы сұраққа талқылау жүргізеді. Оқушылардан микроағзалар және ауру тудыратын микроағзалар туралы сұралып, алғашқы білім деңгейлері анықталады. | Презентация. | |||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||
Ортасы
3-5 минут 5-15 минут 15-24 минут 24-33 минут 33-37 минут | (Т) Бактериялар мен вирустар тударытын аурулардың несімен қауіптілігі туралы мұғалім қосымша ақпарат береді. Бактериялардың улы заттар бөлуі және вирустардың жасушаны өлтіріп, ағзаға зиян келтіруі аталады. Қосымша жұмыс: (Тж) Ауру тарататын бактериялар мен вирустарды туралы жұпта зерттеу жүргізеді және эксперт болуға талпынады. Таңдап алған ауру қоздырғышы туралы презентация жасайды. Эксперт деңгейіне жеткен соң басқа оқушыларды үйретеді. Ол үшін оқушылар түрлі аурулардың атауларынан суырып таңдау жүргізеді. Эксперт деңгейін алған оқушылар екі шеңберге тұрады және сыртқы шеңбер сағат бойымен қозғала отырып, бірін-бірі үйртеді. Бағалау: оқушылар жұптардың жұмысын өзара бағалайды. (Жж) Әр жұп ауру қоздырғыштардың атауы, олар туғызатын ауруды көрсететін кесте толтырады. Оқушалр жұмыстарын өздері тексереді. Ол үшін тақтада дайын кілт көрсетіледі. (С) «Адам ағзасына енген патогендермен қалай күреседі?» сұрағы қойылады және оқушылардың пікірлері тыңдалады. Мұғалім антибиотиктер туралы түсінік береді және оның ашылу тарихына, ғалымдардың еңбектеріне шолу жүргізеді. (Э, Тж) «Антибиотиктердің бактериялардың өсуіне әсерін зерттеу» эксперименті орындалады. Оқушылар жұмыста топта орындайды.
(С) «Опа жасау бөлмесіндегі патогендерді қалай жояды?» сұрағын қою арқылы оқушылармен талдау жүргізіледі. Асептика мен дезинфекциялау туралы және қолданылатын заттар туралы түсінік беріледі. (Э, Тж) «Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттарды қолданудың бактериялардың өсуіне әсерін зерттеу» эксперименті жүргізіледі. Зерттеу сұрағы: Антисептиктер микробтарды жояды ма? Жұмыс барысы:
(С) Бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі анықтау ұғымына оқушыларды бағыттау үшін бактериялардың түрлі қоректік ортасына антибиотик сіңірілген қағаз дисктер көрсетілген суреттерді ұсынады. Оқушалар антибиотиктердің бактерияларға әсер етуіне талдау жүргізеді. Топтардың пікірлері тыңдалады. Оқушыларды кейбір антибиотиктердің айналасындағы тіршілігі жоқ аймақтың болуына бағыттау қажет. Бұл антибиотиктердің әсерінің пәрменділігін көрсетеді. (Т) Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығын (төзімділіг/резистенттілігі) мұғалім слайдтағы суретті пайдаланады.
(Қб) Тапсырма 1. Суретте Петри ыдысында өсіп тұрған бактериялар мен пеницилл саңырауқұлағы көрсетілген. (а) Пеницилл саңырауқұлағының айналасында бактериялардың өсуіне әсерін сипаттаңыз. (b) Дәрігерлер не себепті егу алдында адамның терісін спирт ерітіндісімен сүртетінін түсіндіріңіз. (с) Пенициллин антибиотигі қандай ауруларды емдеуде тағайындалады? А тұмау В өкпе қабынуы С ЖИТС D қызылша | Мұғалім үшін қосымша ақпарат «The Immune System Explained I – Bacteria Infection»: https://www.youtube.com/watch?v=zQGOcOUBi6sПрезентация. Ақпараттық қағаздар немесе интернет-ресурстарға сілтеме. Жұмыс парағы. Кесте Телеклиника: "Антибиотиктер": https://www.youtube.com/watch?v=9sr8UOg_lLo «Производство антибиотиков» бейнефильмі: https://www.youtube.com/watch?v=qXaHxuPdEtI Жұмыс парағы. Презентация. Жұмыс парағы. Ағылшын тіліндегі «The Antibiotic Apocalypse Explained» ресурсы резистенттілік туралы түсіндіреді: https://www.youtube.com/watch?v=xZbcwi7SfZE Презентация. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. | |||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||
Соңы 37-40 | Рефлексия: «Үш минуттық» эссе жазу. Үй тапсырмасы: Антибиотиктердің пайдасы мен зияндя әсері туралы ақпараттық қағаз әзірлеу. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
| |||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Барлық оқушылар: антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдары қалай қолданатынын сипаттай алады Оқушылардың көбі: антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдары қалай қолданатынын сипаттап, мысалдар келтіреді Кейбір оқушылар: антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдары қалай қолданатынын сипаттап, қолдана біледі |
| ||||||||||
Қысқаша бағалау Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)? 1: 2: Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?