Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


Адамға пайдалы бактериялар

Адам жыл сайын бактерияларды кеңiнен қолдануда. Бұл қазiргi өндiрiстiң қайта құрылуы және биотехнологияның пайда болуының алғы шарттары. Осыған қарамастан, бiз күнделiктi қолданыс заттарының, соның iшiнде қоректi заттар мен энергия көзiнiң алыну әдiсiнiң түбiрiмен өзгертетiнiне сенiмдiмiз. Биотехнологияның өркендеуi көп жағынан генетикамен байланысты. Генетикалық бiлiмнiң жиналуынан, кез-келген организм генiмен, соның нәтижесiнде, айналымға қатысуға еркiн мүмкiндiк алдық. Осылай гендiк инженерия пайда болды.

Биогеохимиялық циклдар (биогендi элементтер айналымы). Азот айналымына келесi бактериялар қатысады:

  • азоттүзушi бактериялар, еркiн тiршiлiк ететiн сапрофиттер, мысалы Azotobacter, немесе симбионттар, мысалы Rhizobium;
  • нитраттаушы бактериялар, органикалық қосылыстарда байланысқан азотты (мысалы, ақуызда) нитратқа, мысалы Mitmsomonos Nitobactor: айналдырады;
  • нитраттайтын бактериялар, мысалы Thiobacillus, яғни нитратты бос азотқа айналдырады.

Ағын суларды тазарту

Тазартушы құрылыстардағы бактериялардың рөлi, топырақтағымен бiрдей-ақ. Екеуiнде де, олар органикалық заттарды ыдыратып, оларды еритiн зиянсыз бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Күнделiктi ағын суларды алдын ала арнайы қоймаларда сұйық бөлшек пен құмды тұнбаға бөледi, және содан кейiн оны, аэробты және анаэробты бактерияларды қолдана отырып бiрнеше кезеңмен қайта өңдейдi. Анаэробты бактериялар түзетiн метан, кейде тазартушы құрылыстардың жұмыс iстеушi механизмдерiнде жанармай ретiнде қолданылады.

Тазартудан кейiн, өзенге ағызатын тазартылған сұйықтық алады, және зиянсыз органикалық және бейорганикалық заттар мен микроорганизмдерден тұратын құмды (көбiне бактериялар мен қарапайымдылар), кептiрiп егер арасында ауыр металмен ластанбаса, тыңайтқыш ретiнде қодануға болады.

Симбиотикалық бактериялар

Сүтқоректiлер мен басқа жануарлар целлюлозаны қорыта алмайды, себебi целлюлоза ферментi жоқ. Шөппен қоректенушi жануарлардың қорегiнiң негiзгi массасы жасұнық /целлюлоза/ құрайды. Бiрақ олардың iшектерiнде, жасұнықтарды қорытатын симбиотикалық бактериялар мен қарапайымдылар тiршiлiк етедi. Қояндарда ондай бактериялар соқыр iшекте және құрт тәрiздi өсiндiде, ал сиыр мен қойда – месқарында тiршiлiк етедi.

Адамға тiкелей қатысты, өзiнiң iшегiнде “микрофлорасы” бар. Iшекте көптеген бактериялар тiршiлiк етедi, адамның терiсiнде тiршiлiк ететiн бактериялар бізді патогендi микроорганизмдерден қорғайды.

Ашудың өндiрiстiк процестерi

Көптеген пайдалы органикалық заттар ашу нәтижесiнде пайда болады, және адам оны мыңдағанжылдар бойы қолдануда. Ашу заттары келе-келе қорек пен жанармайдың жаңа көзi ретiнде маңызды болып келуде. Бұл сұрақпен көптеген ғалымдар мен техниктер айналысуда. Iрiмшiк жасау өндiрiсiнде сүттi қант лактоза сүт қышқылына дейiн ашиды, ал қышқыл сүт ақуызды казеиндi ұйытады. Ақуыз бен майдан тұратын қатты қоюларды сұйық сарысудан бөлiп алып, бактериялар мен саңырауқұлақтарды инокуляциялайды, iрiмшiктiң әр түрiн алу үшiн әртүрлi микроорганизмдердi қолданады, мысалы Reggepgi Lactobacillus — тың түрлерiн қолдану арқылы алады. Сүтқышқылды стрептококтар қаймақты ашытып, сары майға тән дәм мен иiс бередi. Lactobacillus тұқымынан шыққан сүтқышқылды бактериаларды, орамжапырақ ашытуда, әртүрлi тұздаулар мен маринадтарды алуда қолданады.

Сүттің құрамындағы бактериялар

Сиырды сауу және содан кейiнгi өңдеуде, сүтке бактериялар түседi. Бұл қанша гигиена шарттарын сақтаса да болатын нәрсе. Әдетте жаңа сауылған сүттегi бактериялардың дамуын тежеу үшiн, оны бiрден салқындатады, өңделмеген шикi сүттi пастерлейдi, яғни патогендi бактерияларды жою үшiн ысытып, жылытып алады. Соның өзiнде көптеген патогендi емес бактериялар тiрi қалады. Бактериялардың сүттегi құрамы мынадай +15 +30 С- де Streptococcus lactis бактериялары және көптеген басқа стрептококктар, оған қоса Lactobacillus- қа ұқсас бiрақ ұшында iсiнетiн таяқша тәрiздi жасушалары бар шоқпар тәрiздi, коринеморфты бактериялар. Мысалы, Microbacterium, Brevibacterium, Streptococcus lactis 10 C-те жақсы дамиды, бiрақ 40 С жоғары температурада оның дамуы тоқтайды, 30-40 С –те Lactobocillus, Streptococcus lactis бактерияларды сүтқышқылды бактерияларға жатады. Ашыту үстiнде анаэробты тыныс бұл бактериялар сүттің құрамындағы лактоза қантымен қоректеніп, сүттiң ашуына әкелетiн сүт қышқылын түзедi.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу