Бактериялардың түрлі пішіндерін сипаттау. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қаласы

7.4E: Микробиология

Кіріспе сабақ

Сабақтың тақырыбы:Бактериялардың түрлі пішіндерін сипаттау.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аймұханов Н.М.

Сынып: 7

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты

7.4.3.1 бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алуы керек:

  • Бактериялардың құрамдас бөліктерін атай алады.
  • Сурет бойынша бактерияның 4 пішінін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Микроорганизм,бактерия,кокка,спирилла,вибрион,бацилла

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Микроағзалар дегеніміз...................Олардың бірі- бактериялар. Бактериялар пішіндеріне қарай.............бөлінеді.

Құндылықтар-ды дарыту

 

 

Микрооағзаларды еске түсіру, мәтінмен, суретпен жұмыс жасау арқылы.

Өмір бойы оқу; қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау арқылы. Академиялық шыншылдық; жұптық жұмыс кезінде өзіне және айналадағыларға құрмет

Пәнаралық байланыстар

Химия,физикамен бактерияның химиялық заттары мен температураға төзімділігі туралы білім арқылы байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс, интернет желісімен жұмыс

Алдыңғы білім

6 сыныптан микроағзалар туралы біледі.

Уақытша

жоспарлау

Сабақтажоспарланғанқызметтер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

Сәлемдесу. Ынтымақтасу атмосферасын қалыптастыру

Ой қозғау. «Word Grab» ойыны. Оқушылар 3-4 оқушыдан шағын топтарға бөлінеді. Барлық топқа келесі терминдер беріледі: микрооағзалар,бактерия,бацилла,стафилакок. Ойынды бір оқушы сағат тілі бойынша бастайды. Ол оқушы бір сөзді іштей таңдап, қалған оқушыларға сипаттайды (терминді атамай). Басқа оқушылар сипаттамаға сәйкес келетін терминді анықтап, басқалардан бірінші болып сол сөзді қолымен алу керек. Бірінші алған оқушы ойынды жалғастырады.

ОМ, ЖК үлестіріледі. ОМ тақтаға ілінеді.

Сабақтың ортасы

5-9 минут

10-12 минут

13-15 минут

«Жасырынбақ» ойыны. Оқушылардың қолына бактерия жасушасының таңбаланбаған сызбасы беріледі, ал тақтада бактерия жасушасының таңбаланған суреті 1 минутқа көрсетіледі, сосын жасырылады. Оқушылар сызбаны белгілейді.

Өзара тексеру өтеді. 9 құрылымнан ең кемі 7-еуі дұрыс таңбаланғаны «Жетті» болады.

Сергіту үшін оқушылар бір уыс топыраққа «саяхат жасауға» шақырылады. «Город бактерий» бейнефильмі көрсетіледі. Қысқаша талдау

Бактериялардың формалары туралы терминдер, мәтін, суреттер бірге таратылады.

Бактериялар пішіні түрліше болады:

  • шартәрізділер коккалар;
  • таяқша тәрізділер — бациллалар;
  • үтіртәрізділер — вибриондар;
  • оралмаланған — спириллалар.

Шартәрізді бактериялар:

  • бір-бірден орналасса- коккалар,
  • екіден орналасса – диплококкалар;
  • төртеуден -  тетракоккалар;
  • тізбектеліп орналасса – стрептококкалар,
  • жүзім салқымы тәрізді болса — стафилококкалар

Бактерия жасушаларының әртүрлі пішінді болуы - оларды жіктеудің негізі болып табылатындығы талқыланады.Оқушылар бактериялар формаларымен танысады.

https://www.youtube.com/watch?v=E3Mb3bAb-s4

Қосымша 3

16-21 минут

22-24 минут

25-34 минут

35-38 минут

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Өзара тексеру

(З) Зертханалық жұмыс. «Пішен таяқшасын микроскоппен қарау»

Мақсаты: таяқша тәрізді бактерия «пішен таяқшасының пішінін зерттеу»

Жұмыс барысы:

1.Бір –екі апта бұрын өсірілген пішен таяқшасы културасы.

2. Заттық шыныға 1 тамшы су тамызыңдар.

3. Пішен таяқшасының бетінен кілегейден сапты инемен бір тамшы алыңыз.

4. Бактериясы бар тамшыны заттық шыны үстіне жағыңыз.

5. Жабын әйнегімен жабыңыз.

6. Микроскопта жарықты баптап уақытша препаратты қараңыз.

7. Өзіңіздің көрген пішен таяқшасын сипаттап,дәптерге суретін салыңыз.

Бекіту: Мұғалім бактериялар туралы презентация және деректер (бейнефильм) көрсету арқылы сабақты қорытады.

Түйнек бактериялары. Кейбір бактериялар ауадағы азотты сіңіреді, топырақты азот қосылыстарымен байытады(оған түйнек бактериялар жатады). Олар беде,жоңышқа,соя сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен себесіп тіршілік етеді.

микроскоп,заттық шыны,сапты ине,жабын әйнегі, тамшуыр, пішен таяқшасы

Деректер: Бактерия (қазақ тілінде)

https://www.twig-bilim.kz/film/factpack-bacteria-5389/

Түйнек бактериялары: http://bilimland.kz/kk/content/structure/1669-biologiya_kk#lesson=12615

Сабақтың соңы

39-40 минут

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы.

  • Мен түсіндім, себебі ...
  • Мен түсінбедім, себебі ...
  • Мен қолдана аламын, себебі ...
  • Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс

Оқушылар пікірлерін айтады.

Үй тапсырмасы: Пайдалы бактериялар туралы әртүрлі мәліметтер жинау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қосымша қолдауды қалай жоспарладыңыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмаларды беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар: Бактерияларды формаларына сай бөле алады;

Көпшілік оқушылар: Бактериялардың формаларын және сызбаларынан құрамдас бөліктерін атай алады;

Кейбір оқушылар:Бактериялардың формаларын сипаттай алады.

(1) Түрткі болатын сұрақтарға жауап бере алады.

(2)Сызбалар арқылы бактериялардың пішімдерін, құрамдас бөліктерін атап, топтастыра алады.

(3) Өз бетімен зерттеу жұмысын жасай отырып бактерияның құрамдас бөліктерін, атқаратын қызметтерін анықтай алады.

Сабақтың мақсаты / оқумақсаты дұрыспа?

Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба?

Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай?

Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды баға

Ең табысты екі сәті қандайеді (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

2:

Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін.

One becomes two ... two becomes four ... four becomes eightThis means in 8 hours, the number of bacteria will have risen to a colossal 16,777216!

1/3Bacteria reproduce asexually by binary fission. Binary means that one cell becomes two.

2/3The bacterium, which is a single cell, divides into two identical daughter cells. Each daughter cell is a clone of the parent cell. Under ideal conditions such as the right temperature and nutrients are available, some bacteria such as Escherichia coli can divide every 20 minutes



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу