Жануарлардың онтогенезді типтерің салыстыру қайталау, өткен тақырыпты қолдана отырып білімін бекіту. Биология, 7 сынып, қосымша материал.
Пән: Биология | Сынып: 7...... Мерзім:........................ Аты-жөні: ............................................................................... |
Бөлім: Тақырып: | 7.4В Өсу және даму Практикалық жұмыс (М) Жануарлардың онтогенезді типтерің салыстыру |
Оқу мақсаты | Жәндіктер топтамасын қолдана отырып, жануарлар онтогенезінің тура және түрленіп даму түрлерін салыстыру |
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Сын тұрғысынан ойлау, білімін қолдану, анализ |
Бағалау критерийлері | Жануарлардың тіршілік сатыларын берілген коллекциялар арқылы салыстырады. Өткен тақырыптарды анализдеп тура даму мен түрленіп дамуға қорытынды жасайды. Тура даму мен түрленіп дамудын ерекшеліктері мен ұқастығын анықтайдыю Алдыңғы білімдерін қолданып, берілген коллекцияларға қарап жұпты жұмыста шала түрленіп даму мен толық түрленіп дамуға ермексаз арқылы модель жасайды. |
Берілген болжамдардың арасынан өз болжамыңызды белгілеңіз
Болжам:
- Онтогенездің толық түрленіп дамуы мен шала түрленіп дамуы арасындағы ұқсастық пен айырмашылық бар.
- Онтогенездің толық түрленіп дамуы мен шала түрленіп дамуы арасындағы ұқсастық пен айырмашылық жоқ.
- Онтогенездің толық түрленіп дамуы мен шала түрленіп дамуы арасындағы ұқсастықтары жоқ, ал айырмашылықтары бар.
Құрал-жабдықтар:
1.Жәндіктердің толық түрленіп және шала түрленіп даму коллекциялары;
2. Ермексаз, пластикалық пышақ, қарандаштар, өшіргіш
3. Көбелек, шыбын, қоңыздың әр даму сатыларының қиға қағаздары, клей, қайшы
Жұмыс барысы:
Онтогенез – ағзаның жеке дара дамуы. Ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістерінің жиынтығы. Онтогенез екіге бөлінеді эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады.
Тапсырма 1. Постэмбрионалдық кезеңдері бойынша схеманы толтырыңыз.
Ағзаның постэмбрионалдық кезеңдері
Жәндіктерде
Тапсырма 2. А) Ермексазды қолданана отырып,шала түрленіп дамудын бір өкілінің тіршілік циклына модель жасаңыз, әр даму сатысын атаңыз.
В) Берілген жәндіктің даму циклдарына қима қағаз суреттерін қолданана отырып, толық түрленіп дамудың моделің жасаңыз, әр даму сатысын атаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?