Жануарлардағы онтогенез типтері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.4B Өсу және даму

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ «Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жануарлардағы онтогенез типтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жануарлар онтогенезінің тура және түрленіп даму түрлерін салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: суретте берілген жануарлардағы онтогенез типтерін ажыратады, тура және түрленіп дамуына мысалдар келтіреді

Көптеген оқушылар онтогенез типтеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сипаттап көрсетеді

Кейбір оқушылар жеке жұмыс барысында түрленіп дамудың ағза үшін маңызын түсіндіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Ағзаларды топтарға бөлу кезінде өз болжамын түсіндіреді.

Ағзалардың даму ерекшеліктерін анықтай алады және ауызша сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Онтогенез, метаморфоз , тура, түрленіп даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму, имаго, қуыршақ, дернәсіл

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

 Ағзалардың дамуы ........................................жолымен өтеді.

Толық түрленіп дамудың айырмашылығы.......................

Шала түрленіп дамудың айырмашылығы.......................

Шала түрленіп даму .........................сатыларынан тұрады

 Бағалау критерийлері

  • Ағзалардың даму цикліндегі ұқсастықтарды атайды
  • Ағзалардың даму цикліндегі айырмашылықтарды атайды
  • Түрленіп дамудың ағза үшін маңызын түсіндіреді

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар топпен жұмыс кезінде бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жеке жұмыс кезінде академиялық шыншылдықты сақтайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақты ұйымдастыру кезеңінде интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқу үдерісінің белсенділігін арттыру, уақытты үнемдеу.

Бастапқы білім

Оқушылар 5-6 сыныптың «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзаларға тән қасиеттерді сипаттай алады, тірі ағзаларға тән үдерістерді модельдеу және түсіндіру, ағзалардың ерекшеліктерін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін пайдалана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Оқушыларға әртүрлі жәндіктердің тура және түрленген онтогенезінің модельдерін, суреттерін ұсыныңыз. Модельдерден немесе суреттерден ағзалардың даму кезеңдерін қарап, негізгі айырмашылықтарын анықтауды сұраңыз.

Оқушылар сабақ тақырыбын анықтап көреді.

Ағзалардың даму циклі көрсетілген модельдері немесе жиынтығы, суреттері

Сабақтың ортасы

05-10 мин

10-28 мин

28-35 мин

35-42 мин

Оқушыларды пазл арқылы үш топқа бөлу. Әр топқа пазлда алған ағзаның даму кезеңін қарастырады. Бір топқа тарақанның, екінші топқа көбелектін, үшінші топқа тауықтың даму циклін зарттеу ұсынылады (қолда бар модельдермен немесе жиынтықтармен алмастыруға болады)

(Тж) Топта ағзалардың тура дамуын, шала дамуын және толық түрленіп даму сатыларын зерттейді. Мәтінді, суреттерді, модельдер мен жәндіктер жиынтығын пайдаланады.

Зерттеу критерийі

  • Оқушыларға ағзалардың дамуы циклін анықтайды
  • Ағзаның дамуы тура(метаморфозы жоқ) немесе түрленіп (метаморфозы бар) екендігін анықтайтын белгілерді табады
  • Әр түрлі ағзалардың даму цикліндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды

Топтық жұмыс кезіндегі критерий

  • Топ мүшелері толықтай іс-әрекетке қатысу
  • Топта бірін-бірі сыйлау, құрметтеу
  • Берілген уақытты сақтау

Топтар басқа топтың орнымен алмасады. Сөйтіп екінші ағзаның дамуын зерттейді.

(Ж) Үш түрлі ағзаның дамуын қарастырып болған соң орындарында кесте толтырады.

Кесте

Көбелек

Тарақан

Тауық

Даму циклі

Даму цикліне тән белгілер

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

(Ж) қалыптастырушы бағалау

Презентация PowerPoint

Тарақанның, көбелектің,

құстың дамуы көрсетілген суреті,

мәтін

Критерий

Кесте

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

42-45 мин

Тақтаға даму циклі әртүрлі ағзалардың суреттері ілінеді. Оқушылар стикерге қай даму циклі бойынша өзіне түсінікті/түсініксіз болған сұрақты немесе өз ойын жазып қалдырады.

Суреттер, стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: тура және түрленіп дамудың ерекшеліктерін салыстыра алады

Көпшілік оқушылар: тура және түрленіп дамудың ұқсастығы мен айырмашылығын біледі

Кейбір оқушылар: тура және түрленіп дамудың ағза үшін маңызын түсіндіре алады

Оқушы суреттерді неге, қалай топтағанын түсіндіру кезінде мұғалім сұрақтар арқылы жетелеу

Топпен жұмыс барысындағы іс- әрекеттерін бақылау;

Оқушылар критерий бойынша топ жұмыстарын кестеде өзіне түсінікті ақпарат ала алғандығы туралы бағалайды;

Оқушылардың топпен жұмыс кезіндегі іс әрекеттерін мұғалім бақылау арқылы бағалайды.

Қауіпсіздік сақтау үшін қозғалыс кезінде абай болу

Сабақ үстінде партада дұрыс отыру мен көзге түсетін күшті ескеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу