Практикалық жұмыс № 15. Жануарлардың онтогенез кезеңдерін салыстыру. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


 Жануарлардың өсуі мен дамуы.

Ағзаның жеке дамуы, зигота түзілген уақыттан бастап өлгенге дейінгі тіршілік барысында заңды түрде жүзеге асатын бір-бірімен байланысты өзгерістердің жиынтығы.

Алғаш рет терминді Э. Геккель (1866) енгізді. Онтогенез барысында дамып келе жатқан ағза мүшелерінің өсуі, саралануы және интеграциясы орын алады.

Дернәсілдік: а) алғашқы дернәсілдік саты -дернәсіл өз бетімен өмір сүре алады (губкалардың паренхимулысы, ішекқуыстылардың плануласы, көпқылтанды құрттардың трохофорасы, амфибиялардың итшабағы);

б) дернәсілдік саты- дернәсілдердің екінші типтегі дернәсілдерімен ерекшеленеді, мысалы, толық түрленіп дамитын жәндіктердің еркін өмір сүретін дернәсілдері(қоңыздардың дернәсілдері, көбелектердің жұлдызқұрттары); бұл жағдайда қуыршақ сатысы пайда болады;

Дернәсілдік емес тип (жұмыртқадан даму) – ұрықтың дамуы жұмыртқаның ішінде өтеді. (ішекқуыстылар, буылтық құрттар, шаянтәрізділер) және тура дамитын жәндіктер мен жұмыртқалайтын сүтқоректілер

Құрсақта даму– ұрық аналық ағзаның ішінде, қорғалған жағдайда дамиды; бұл жағдайда жұмыртқадан тірілей туу мен нағыз тірілей туу (қағанақты сүтқоректілер) деп ажыратады.

Құрсақтағы даму 3 кезеңнен тұрады – проэмбриондықэмбриондық (құрсақішілік) және постэмбриондық.

 1) проэмбриондық – гаметалардың түзілуі жүреді, кейін гаметалар қосылып, зиготаны құрайды

 2) ұрықтық (эмбриондық)- ағзаның дамуы жұмыртқаның және ұрықтық қабықтардың немесе аналықтың құрсағында қорғалған жағдайда өтеді;

 3) ұрықтан кейінгі даму (постэмбриондық) – туғаннан бастап, өлуіне дейінгі даму;

 Адамның эмбрионалды онтогенезі жас кезеңдеріне бөлінеді (жасы), олардың әрқайсысы ағзадағы әртүрлі анатомиялық және физиологиялық өзгерістермен сипатталады. Онтогенездің ең қиын, сыни кезеңдері – пубертатты (жыныстық жетілу кезеңі) және климактериялық (жыныстық функцияның тоқтауы кезеңі). Онтогенездің генетикалық бағдарламасын зерттеу көптеген аурулардың пайда болу себептерін анықтауға және оларды емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге көмектеседі.

 ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:

Кезең 

Кезең атауы 

Ұзақтығы (жыл) 

І кезең 

Эмбрионалдық период 

Ұрықтанғаннан бастап  280 күн 

 

Эмбрион- ұрық 

1-2 ай 

 

Шарана  

3-9 ай 

ІІ кезең 

Постэмбрионалдық период 

Туғаннан өлгенге дейін  

шақалақ 

 0- 10 күн 

емізулі нәресте  

До 12 месяцев 

мектепке дейін  

 7 жасқа дейін 

жасөспірім 

10-14  жас 

бозбала мен бойжеткен 

14-18 жас 

ересек 

18-45жас 

егде 

48-54  жас 

қарттық 

55-74 жас 

Ұзақ жасаушылар 

75 жас және жоғары 

 Онтогенездің типтері.

 Онтогенез

Эмбриондық ( ұрықтық) даму - бұл онтогенездің зигота сатысынан бастап туылғанға дейінгі сатысы.

Постэмбриондық ( ұрықтан кейінгі) даму, яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезеңі

 

 

 

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар: тура даму, шала түрленіп даму және толық түрленіп даму

Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды. жұмыртқа—имаго. Имаго(латынша имаго- ересек жәндік). Мысалы:қанатсыз бунақденелілер.

Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз: жұмыртқа –дернәсіл---имаго(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала)

Толық түрленіп даму  деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ--имаго(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)

 

  Толық түрленіп даму Шала түрленіп даму

 

  Түрленіп даму Тура даму

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу