Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсуі. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсуі

 Сабақтың  бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсуі – түзуші ұлпаға байлансты.

 Түзуші ұлпалар (меристема – грекше «меристос» - бөлінуші) ұдайы бөлініп жаңа жасушалар түзіледі. Жануарларда түзуші ұлпа болмайтындықтан өсуі шектеулі болады. Өсімдікте орналасуына қарай: а)төбе(апикальды); ә)бүйір(латеральды); б)қыстырма(интеркалярлы); в)жарақат(каллюс) меристемасы деп бөлінеді. Өсімдіктің ең алғаш өсуі өркені мен тамырының ұшында орналасқан төбе меристемасы мен жанама меристемасы жасушаларының бөлінуінен басталады.

 Түзуші ұлпа жасушалары бір-біріне тығыз жанасқан майда қабықшасы жұқа пектинді-целлюлозалы, цитоплазмасы қою, ядросы ірі, вакуольдері ұсақ (нашар дамыған), қарқынды бөлініп, жаңарып тұрады.

 А. Төбе меристемасы  (апикальды – латынша «апекс» - ұшы, төбесі) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқандықтан ұзарып өсіреді (сабақ пен тамырдың ұзарып өсуі). Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері өсу нүктесі (үрім) д.а. Өсу нүктесі жарақаттанғанша өсімдік өсуін тоқтатпайды, сондықтан сабақ пен тамыр ылғи ұшынан өседі. Өсу нүктесінің шеткі аймағы жасушаларының бөлінуінен жапырақ төмпешіктері пайда болып, оның жасушалары ары қарай бөлініп бүршіктер дамиды. Төбе меристемасы – вегетативті өркендер, гүл өркендері және тамыр ұшының меристемасы деп бөлінеді.

 Ә. Бүйір меристемасы (латеральды) өсімдік сабағы мен тамырының ішкі жағына орналасады, оған перицикл, прокамбий және тоз камбий жатады. Прокамбий жасушалары ұзынша, цитоплазмасы қою, әр түрлі бағытта бөліне алады. Одан өткізгіш ұлпалар мен соңғы түзуші ұлпа, яғни камбий түзіледі. Камбий өсімдікті жуандатып өсіреді. Тоз камбийі қабықтың тоз қабатын жуандатса, перицикл тамырда болатындықтан одан жанама тамырлар дамиды.

 Б. Қыстырмалы меристема (интеркалярлы) астық тұқымдас өсімдіктердің(бидай, жүгері, күріш) буынаралығының түбі мен жапырақ сағағының түпкі жағында, гүл сидамында орналасады. Қамыс, жүгері, бидай, т.б. өсімдік сабақтарының буынаралықтары ұзаруы мен жапырақтардың қынабының  жалпақ болып өсуі меристеманың осы түріне байланысты.

 В. Жарақат меристемасы (каллюс) атына сай өсімдіктің әр түрлі әсерден (зиянкестер, жануарлар, адамдардың әсері) сынып зақымданған жеріне жақын жатқан тірі жасышалардың бөлінуінен түзілетін ұлпа. Дереу, өте қарқынды бөліне бастаған жасушалар көлемін ұлғайтып зақымданған жерді түгел жабатындай дәрежеге жетеді. Әсіресе жапырақ, жас өркендер мен тамырдың зақымданған жері тез жетіліп бұрынғы қалпына келеді. Жарақат меристемасы жасушаларының бөлінуі нәтижесінде өткізу қызметін атқаратын жеке жасушалар түзіледі. Соңғы кезде ғылымда аналық өсімдіктен жасушалар тобын бөліп алып жасанды қоректік ортада өсіру әдісін пайдалану қолға алына бастады. Мұндай әдістің ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында баяу көбейтетін, сирек кездесетін өте құнды түрлерді көбейтуге пайдасы зор болмақ.

 Өсімдікте болатын барлық ұлпа түзуші ұлпадан түзіледі, себебі жасушалары дамылсыз бөлініп жаңа жасушалар пайда болады. Өсімдіктің барлықы мүшелері ұзарып, ағаштар мен бұталардың жылдан жылға жуандап өсуі тек түзуші ұлпаға ғана байланасты. Түзуші ұлпа болмаса, өсімдік өспейді және дамымайды, жаңа мүшелер мен ұлпалар түзілмейді.

 

 http://sc0008.astrahanka.akmoedu.kz/news/view/15B3BDE6AFFF7A0D.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу