Ағзадардың өсу мен даму үдерістері. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


Адам өмірінің негізгі кезеңдері

р/с

Кезеңдері

Жасы

Ерекшелігі

Шақалақ

1-10 күн аралығы

Нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде шақалақтың ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол.

Емізулі нәресте

11 күннен 1 жас

Ана сүтімен қоректенеді. 6-7 айдан бастап қосымша тамақтанады. Көп уақыты ұйқымен өтеді. Қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Сүт тістері шығады, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа жотасында иілімдер пайда болады. Қол –аяқ бұлшықеттері де дами бастайды.

Алғашқы балалық (сәби)

1-3 жас

Сәби еркін жүреді, сөйлейді.Ойлау қабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер қалыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгереді.

Бірінші балалық (естияр)

4-7 жас

Мектеп жасына дейінгі кезең. Баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға қызығушылығы артады, ми көлемі артып, дамиды. Бала үшін ойын маңызы зор. Ойын арқылы өседі, көңіл күй қалыптасады.

Екінші балалық (ересек)

8-11 жас (қыздыр)

8-12 жас (ұлдар)

Бала мектеп тәртібіне бағынуына байланысты іс- әрекеттерге талпынады, жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді, ойлау қабілеті дами бастайды. Бойының ұзындағы 140-150 см, салмағы 30 кг болады.

Жасөспірім

12-15 жас (қыздыр)

13-16 жас (ұлдар)

Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады.Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бір-бірінен өзгешеліктер пайда болады.Мұның бәрі жыныстық жетілумен байланысты болады.Қыздарда етеккір келеді,денесі өсіп,сүт бездері дамиды.Ұлдарда дауыс жуандайды,көмекейі айқын байқалады,жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шығады.Зат алмасу қарқындылығы артады.

Бойжеткен

Бозбала

16-20 жас (қыздыр)

17-21 жас (ұлдар)

Ағзадағы барлық мүшелері мен мүшелер жүйесі дамып,қалыптасады.Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бір-бірімен үйлесімді жүреді.Эстетикалық көңіл күй,ақыл – ой,жауапкершілік қасиеттер толық қалыптасады. Дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу қабілеті арта түседі.Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды.Жыныстық тұрғыда толық жетіледі.

Кемелденген

21-55 жас (әйелдер)

22-60 жас (ерлер)

Ақыл-ой санасы,ойлау қабілеті жетіліп,шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді.Қоғам алдындағы жауапкершілігі артады.Белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылады.

Мосқал тартқан

56-74 жас (әйелдер)

61-74 жас (ерлер)

Бұл кезде адамның қимыл әрекеті баяулайды.Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді.Жүйке жүйесінде тежелу айқын көрінеді.Ішкі секреция бездерінен гармон бөліну азаяды. Сүйек құрамында бейорганикалық заттар мөлшері артады.

Қарттық (кәрілік)

75-90 жас (ерлер және әйелдер)

Барлық мүшелер жүйесінің қызметі,жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды.Адамның есте сақтау қызметі баяулайды.

Ұзақ жасаушылар

90 жастан жоғары қарай

Ұзақ жасаушыларды зерттейтін ғылымды герентология деп атайды.Бұл әрбір жеке адамның салауатты өмір сүру жағдайымен ерекшеленеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу