Жануарлардың онтогенезді типтерің салыстыру қайталау, өткен тақырыпты қолдана отырып білімін бекіту. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.4В Өсу және даму

Мектеп: Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ «Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова А.Ж.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

(М) Жануарлардың онтогенезді типтерің салыстыру қайталау, өткен тақырыпты қолдана отырып білімін бекіту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жәндіктер топтамасын қолдана отырып, жануарлар онтогенезінің тура және түрленіп даму түрлерін салыстыру

Сабақ мақсаттары

  • Тура және түрленіп дамудын ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сипаттау
  • Жануралардың шала түрленіп даму мен толық түрленіп дамуға модель жасау

Бағалау критерийлері

  • Жануарлардың тіршілік сатыларын берілген коллекциялар арқылы салыстырады.
  • Өткен тақырыптарды анализдеп тура даму мен түрленіп дамуға қорытынды жасайды.
  • Тура даму мен түрленіп дамудын ерекшеліктері мен ұқастығын анықтайды.
  • Алдыңғы білімдерін қолданып, берілген коллекцияларға қарап жұпты жұмыста шала түрленіп даму мен толық түрленіп дамуға ермексаз арқылы модель құрастырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Жануарлардың онтогенез кезеңдерін жазбаша түрде ажырату.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

өзгеріс, цикл, кезеңдер, даму

Cөздік

жұмыртқа – egg

дернәсіл – larva/ caterpillar

қуыршақ– pupa

имаго - imago

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Онтогенез дегеніміз/бұл … үрдісі/кезеңдері

Тура даму...........................................................

Түрленіп даму...................................................

Құндылықтарды дамыту

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдап, өзара сыйластықты көрсетеді.

Қоршаған ортаны қорғау құндылықтарын дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Жануарлардың толық түрленіп даму циклында оқушылар ағылшын тілінде берілген қима қағаз суреттермен жұмыс істейді, сол арқылы жаңа сөздерді екі тілде қарастырады.

Бейнелеу пәнінің дағдыларының қолдана отырып оқушылар жануарлардың даму циклының модельдейді.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін активтендіру үшін интерактивті тақтада презентацияны қолдану;

Бастапқы білім

7.4В: Өсу және даму –алдыңғы тақырыптар

Ағзадардың өсуі мен дамуы; Жануарлар мен өсімдіктердегі онтогенез кезеңдері; Жануарлардағы онтогенездің тура және түрленіп даму типтері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 –4 мин

(С) Оқушыларға жәндіктердің дамуы бойынша – шала түрленіп даму және толық түрленіп даму әр кезеңдерің қимаш қағаздар ретінде беріп ретімен тұруды сұраңыз

жұмыртқа – дернәсіл-имаго; жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-имаго

Қима қағаздар

4-8 мин

8-18 мин

18-22 мин

22-38 мин

(С) Оқушылармен бірге тақырып пен оқыту мақсатын қарастырыңыз

(С) Оқушыларға практикалық жұмыс парағын таратып беріңіз. Жұмыс парағында болжам түрлері берілген, оқушылардан қай болжамды таңдағаның белгілеуін сұраңыз.

) Оқушыларға құрал-жабдықтар мен жұмыс барысын оқып шығуын сұрап, тапсырма 1. Постэмбрионалдық кезеңдері бойынша схеманы толтыруды сұраңыз.

(С) Жұмысты орындап болған соң, сыныппен бірге жауаптарды талқылаңыз. Түрленіп даму өзі екі түрге бөлінетінің сыныппен бірге қайталаңыз

(Жж)Оқушыларды қалауы бойынша жұптық не жеке тапсырма 2. А мен В-ны орындауын сұраңыз

Жұмыс парағы

Презентация

Жұмыспарағы, жануарлардың даму сатысы бойынша коллекция

Жұмыспарағы

Ермексаз, пластикалық пышақ

Көбелек, қоңыз, шыбынның даму циклының қима қағаздары, клей, қайшы, қарандаштар

38-45 мин

Кері байланыс

(Жж) Оқушылар өз тапсырмаларын орындап болған соң, бір-бірінің жұмысын тексеріп, стикерге «Сенгвич» методикасың (маған ұнады, жақсарту жолдары бойынша ұсыныс, онда осы жұмыс қалай ұнамды көрінеді) қолдана отырып бір –біріне ұсыныс беруін сұраңыз.

Жұмыс парағы

стикерлер

Қосымша ақпараттар

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Практикалық сабақ болғандықтан, алдымен жануарлардың онтогенезді дамуын модельдеу барысында, оқушылармен қайталау жұмысын орындау. Бірінші тапсырмада оқушылардың білімін тексеру. Екінші тапсырма А және В оқушылардын алынған білімен қолдануын қарастырып, сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау. Оқушылар бір-бірінің жұмысына ұсыныс жасауын қарастыру.

1. Тақырыпты қайталау кезіңде оқушылар өз жалпы тұжырымын бір-бірімен бөлісіп, бірінші тапсырманы орындайды. Бірінші тапсырманы орындап болған соң жалпы сынып бойынша тексереді. Қабілетті жоғары оқушылардың жауаптары нақты және толық болады

2. Екінші тапсырмада оқушалардын дизайн мен сын тұрғыдан ойлау қабылеттері артып, кинестетиктер жақсы модель үлгісін көрсетуі мүмкін

5. Кері байланыс кезіңде оқушылар бір-біріне «Сенгвич» методикасын қолданып, ұсыныс жасайды

Практикалық жұмыста қайшымен абайлап жұмыс істеу. Өте аз мөлшерінде презентация қолданылады. Омыртқа жотасы мен көзді сергіту үшін жаттығулар орындау;

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақтын бастапқы кезеңі өткен тақырыптарды қайталаудан тұрады, оқушыларды ауызша сұрау арқылы олардың түсінігін тексеру. Бірінші тапсырмада оқушылар жазбаша ретінде білімін тексеру. Екінші тапсырмада оқушылар шала және толық түрлену бойынша модель жасау арқылы қалыптасқан білімдерін практикалық жұмыс арқылы тексеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу