Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі. Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Тозаңдану түрлері
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі (1-сурет). Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі (1-сурет).
Аралар арқылы айқас тозаңдану Айқас тозаңдану Өздігінен тозаңдану
1-сурет. Тозаңдану түрлері.
Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен қоректенеді (2,3-суреттер).
Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.
2-сурет. Көбелек арқылы айқас тозаңдану.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.
Ұрықтану
Аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқажасушасы және ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігімен түйіскенде 2 жасушаның (спермий) біреуі жұмыртқажасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
Өсімдіктердің ұрықтануы жануарлардың ұрықтануына ұқсас, тек сәл өзгерістері ғана бар. Өсімдіктерде көбею мүшесі гүл болып табылады. Бұл мүшеде гаметалар қалыптасады. Ұрықтану кезінде аталықтан шыққан тозаң анылықтың аузына түседі. Анлықтың аузына жеткен тозаң ұзына бойы өсіп жатынға жетеді. Нәтижесінде диплоидты хромосома жиынтығы қалыптасады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде бір мезгілде 2 жұп гамета ұрықтана алады, оның біреуінен тұқым ал екіншісінен сол тұқымға қолайлы орта эндосперм қалыптасады. Бұл үдес қосарлы ұрықтану деген ұғымды білдіредіӨсімдіктердің тозаңдануы – тұқымды өсімдіктердің жынысты көбею сатысы, яғни ашық және жабық тұқымдыларда аталық тозаңның аналық аузына келіп түсуіне дейінгі үдеріс.
Бұдан соң аналық мүше мен аталық мүшелер арасында тозаңдану сәтті жүрсе ұрықтанып тұқым қалыптасады.
Тозаңдану типтері
Тозаңданудың негізгі басты екі типі бар олар өздігінен тозаңдану (өсімдіктік тек өзінің аталығымен тозаңдануы) және айқас тозаңдану
При перекрёстном опылении растения могут давать два основных типа растений: однодомные и двудомные.
Айқас тозаңдану кезіндегі де екі басты типті білген жөн, бір үйлі және екі үйлі.
Биотическое опыление (при помощи живых организмов)
- Энтомофилия — жәндіктер арқылы тозаңдану; оларға: ара мен жабайы ара, кейде — құмырсқа, қоңыз , көбелектер мен шыбында да жатады.. Гүл тозаңдары өте жабысқыш жіне қомақты болады. Аздаған түрлердің гүлдерінің пішіндері құмыра пішіндес болады. Бұл пішін гүлдердің тозаңдануына оңтайлы әсерлерін береді.
- Зоофилия — омыртқалы жануарлардың гүлді өсімдіктерді ұрықтандыруы: құстар, жарқанаттар , кей тышқандармен (в Австралии), лемурамимен ( Мадагаскар).
- Жасанды тозаңдандыру — адамның іс-әрекетімен анлыққа аталықты түйістіру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?