Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тозаңдану - аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады
Дара жынысты гүлдерде аталық гүлден тозаң екінші гүлдің аналық аузына түседі. Одан кейін ол тұқым бүршігіне еніп, спермамен қосылады. Сонда аналықтың жатыны жеміске айналып, тұқым бүршігі тұқымға айналады. Қос жынысты гүлде барлығы дәл осылай, бірақ аталық та, аналық та бір гүлде болады.Тозаңданудың екі тәсілі бар:
- өздігінен тозаңдану (автогамия грекше «авто» — өзім) және
- айқас тозаңдану (аллогамия грекше «аллос» — бөтен, басқа).
Өздігінен тозаңдану немесе автогамия – бір өсімдік гүлінің аталық мүшесіндегі тозаң сол гүлдің немесе сол өсімдіктегі басқа гүлдің аналық мүшесіне жеткізіледі. Өздігінен тозаңдану аналық және аталық мүшелері бар өсімдіктерде бар болады, тозаңдану тозаңдандырғыштың көмегінсіз жүреді. Мұндай гүлдерге тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады және олар аналық аузы жағынан ашылады да тозаңдар оған еркін төгіледі. Өздігінен тозаңдану үшін тозаң мен жұмыртқа жасушасы бір мезгілде пісіп жетілуі қажет. Өздігінен тозаңданған гүл өздігінен ұрықтанады Өздігінен тозаңдану көптеген астық тұқымдастарына (бидай, сұлы, арпа), бұршақтар тұқымдасына (үрме бұршақ, ас бұршақ және т.б.) тән. Арпада өздігінен тозаңдану масақтары қынаптан шықпай тұрып, ал көптеген бұршақтар тұқымдасында гүлдері гүл шанағыңда тұрған кезде болады.
Кейбір өсімдіктерде өздігінен ұрықтану ешуақытта ашылмайтын гүлдерде де жүреді. Мұндай гүлдер клейстогамдылар (грекше «клейстос» — жабық) деп аталады. Жержаңғағында, шегіргүлдің кейбір түрлерінің бір талында клейстогамды және хазмогамды (грекше «хасма» — жұтқыншақ, ашылмайтын гүлдер) гүлдер бар. Жұпар шегіргүлдің насекомдармен тозаңданатын көктемгі күлгін гүлдері — хаммогамды, ал сабағының төменгі жағындағы майда, реңсіз жаздық гүлдері — клейстогамды. Клейстогамды гүлдерде тозаң ашылмайтын тозаңқаптарында аз мөлшерде ғана жиналады да, аналық аузымен жанасып жататын тозаң қабында өседі. Өсе келе тозаң түтігі тозаңқабынан аналық мойынына өтеді, одан тұкым бүршігіне жетіп, ұрықтану жүзеге асады және тұқым пайда болады. Жержаңғағында ұрықтанудан кейін аналық тірсегі гинофф тездетіп өсіп жерге қарай иіледі де топыраққа еніп кетеді. Тұқымның және жемістің пайда болуы жер астында аяқталады. Сондықтан арахис (жержаңғағы) деп аталады.
Чарльз Дарвин өсімдіктердің 55 түріндегі клейстогамияны сипаттап жазған. Өздігінен тозаңданудың өсімдіктердің сорттық тазалығын сақтауда маңызы зор.
Айқас тозаңдану немесе сингамия - бір өсімдіктің тозаңы сол түрге жататын екінші бір өсімдіктің аналығына жеткізіледі. Тозаңдандырудың бұл түріне жел су жәндіктер құстар жарқанаттар басқа да жануарлар секілді тозаңдандырғыштардың көмегі қажет. Осындай тәсілмен тозаңданатын өсімдіктер ауруға аз шалдығады. Айқас тозаңдану нәтижесінде дені сау мықты өсімдіктер пайда болады.
Айқас тозаңданудың өздігінен тозаңданудан биологиялық артықшылығы, ол пайда болатын ұрықты физиологиялық қасиеттері және белгілері жағынан екі жақты толықтырады. Соның нәтижесінде түр ішіндегі әр түрлілік және бейімдеушілік эволюциясы артады. Өсімдіктер жел, насекомдар, су, құстар, құмырсқалар арқылы айқас тозаңданады.
Тозаңдандыру өсімдіктің гүліндегі тозаңды сол өсімдіктегі басқа гүлге немесе басқа өсімдіктердің гүлдене таситын тозаңдандырғыштардың көмегімен жүреді.
Тоздандырудың төрт түрі бар:
1.Энтомофилия
2. Зоофилия
3.Анемофилия немесе желмен тозаңдандыру
4. Гидрофилия немесе сумен тозаңдану.
Энтомофилия
Энтомофилия — тозаңдандырудың бұл түрінде ара соны құмырсқа көбелек қоңыз шыбын сияқты жәндіктер сияқты жәндіктер тасиды. Насекомдар гүлден шырын, тозаң жинап бір гүлдің тозаңын екінші гүл аналығының аузына тасымалдайды. Сөйтіп өсімдіктерді айқас тозаңдандырады. Кең тараған тозаңдандырушы насекомдар — бал аралары.
Насекомдармен тозаңданатын өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктері өте алуан түрлі:
- Насекоммен тозаңданатын өсімдік гүлдерінің гүл серіктері алыстан көрінетіндей ашық түстерге боялады, кейде күлтелері барқыт тәрізді болады.
- Көптеген этномофильді өсімдіктердің гүлінде шырын бөлетін ерекше бездер бар. Ол шырындық гүлде дербес дене түрінде, кейде гүл бөліктерінде қосымша ретінде жетіледі. Шырын бөлетін ұлпа айлаулықтарда күлте түтікшелерінің негізінде, лалагүлділерде аталық жіпшелері мен жатын қабырғаларында, раушангүлділердің гүл табанының айналасында, сол сияқты тегеурін гүлдердің күлте тегеуріндерінде жетіледі. Көптеген өсімдіктердің шырындықтарының пішіні құс тұмсығы тәрізді. Сүттігендердің шырындықтарының құрылысында өзіндік ерекшелік бар. Олар гүл бөліктерінің сырт жағында көлемі едәуір, өзі аласа тостағанша тәрізді. Шырынға бай өсімдіктер балды өсімдіктер деп аталады.
- Насекоммен тозаңданатын өсімдіктер гүлдерінің тозаңқаптары ірі, тозаңдары жабысқақ, бұл ерекшеліктер тозаңның насекомдар денесіне жабысуын жеңілдетеді.
- Көптеген этномофильді өсімдіктердің гүлдері хош иіс беретін эфир майларына бай. Гүл серіктері ашық алуан түсті болып келетін гүлдер насекомдарды жақын жерлерден еліктіретін болса, гүлдің хош иісі алысқа тарап, насекомдарды өзіне тартады.
Анемофилия
Анемофилия: немесе желмен тозаңдандыру: бұл жағдайда тозаңды жел тасымалдайды. Қылқан жапырақты ағаштар, амброзия, жапырақты ағаштар желдің көмегімен тозаңданады. Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері реңсіз, майда хош иіссіз, олар шырын бөлмейді.
Бұл өсімдіктердің гүл құрылымыңда мына морфологиялық бейімделушілік байқалады:
1.Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте жеңіл, шамалы ауа толқыны арқылы алыс қашықтықка (3—5 км) таралады.
2.Тозаңдар тым көп мөлшерде пайда болады да аналық аузына аздап та болса түсу мүмкіндігін арттырады. Мысалы, жүгерінің бір данасында 50 000 000 тозаң дәндері бар.
3.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің басым көпшілігінің гүлдері сырға гүл шоғырын түзеді. Сырға гүл шоғыры төмен қарай иіліп, желге теңселгенде тозаңы ұша бастайды. Сол сияқты кейбір өсімдіктерде, мысалы, қара бидай гүлінің тозаңқаптары ұзын тозаң жіпшелеріне ілініп тұрады да, жел соққанда қозғалып тозаңдарын шашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?