Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері. Биология, 7 сынып, презентация.
ПРОБЛЕМАЛЫҚ СҰРАҚ
Жаңа Зелендия мен Австралия алғаш ашылғанда Еуропадан алғашқы қоныстанушылар келе бастады. Қоныстанушылар бұрын –соңды бұл жерлерде өсірілмеген беде тұқымын егістікке септі.
Беде құнарлы топырақта өсіп, гүлдеді. Бірақ өсімдік тұқым түзбеді және көбейе алмады. Сондықтан, жыл сайын Ұлыбританиядан жаңа тұқымдар әкелуге тура келді.
Осы проблеманы
қалай шешуге болады?
Беде өсімдігінің ұрықтанбауының себебі, өсімдікті тозаңдандыратын түкті аралар Австралия мен Жаңа Зеландияда болмады. Ұлыбританиядан түкті аралар әкелінгеннен кейін ғана беде өсімдігі мол өнім бере бастады.
Біз бүгін сабақта не үйренеміз? Біздің мақсатымыз қандай? Қандай тапсырмалар орындаймыз?
Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері.
Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).
Сабақтың тақырыбы
Оқу мақсаты
айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы айырмашылықтарын сипаттау
Бағалау критерийлері
Гүлдің құрылысы, тозаңдану, өздігінен тозаңдану, айқас тозаңдану туралы алған білімдерін қолданады.
Өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңдануды сипаттайды.
Айқас тозаңданудағы бунақденелілердің маңызы туралы түсіндіреді.
Өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңданудың кемінде үш артықшылығы мен кемшілігін талдайды және анықтайды.
Пәндік лексика және терминология
Миға шабуыл
Қандай өсімдіктерді гүлді өсімдіктер деп атайды?
Гүл дегеніміз не?
Гүлдің негізгі бөліктерін атаңыз?
Аналықтың құрылысы, атқаратын қызметі?
Аналықтың жатынынан не дамиды?
Аталықтың құрылысы мен атқаратын қызметі?
Жеке тапсырма:
«Мылқау суреттегі гүлдің бөліктерін белгілеңіз»
ГҮЛ бөлімдері
НЕГІЗГІ БӨЛІКТЕРІ:
АНАЛЫҚ
- аналық аузы
аналықтың мойны
жатын
АТАЛЫҚ
-аталық жіпшесі
- тозаңқап
ГҮЛ СЕРІК
ТОСТАҒАНША
– жасыл түсті, жапырақшалар
КҮЛТЕ - ашық реңді, хош иісті, тәтті шірнелі күлтелер
ГҮЛ ТАБАНЫ
ГҮЛ САҒАҒЫЕГЕР ТОЗАҢДАНУ ЖҮРМЕСЕ, ОНДА ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІС ТҮЗІЛМЕЙДІ.
ТОЗАҢДАНУ - АТАЛЫҚ ТОЗАҢНЫҢ АНАЛЫҚТЫҢ АУЗЫНА ТҮСУІ.
ТОЗАҢДАНУ ӨЗДІГІНЕН ЖӘНЕ АЙҚАС ТОЗАҢДАНУ ДЕП ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ
ТОЗАҢДАНУ
Тозаңқап бір –бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөлігінде 2- ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі.
Тозаңдану кезеңі
аталық
тозаңқап
Тозаң пісіп –жетілгенде тозаң қабықшасы кеуіп, жиырылып, тозаң ішіндегі қысым жоғарылап, тозаңдары сыртқа шашылады.
Аралар арқылы тозаңдану
Аралар гүлдің шірнесімен, тозаңымен қоректенеді. Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузына түсіп, тозаңдануға себепші болады.
тозаң
Аналық аузы
Аналықтың аузына тозаң түйіршігі түскеннен кейін, аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде аналық аузына түскен тозаң жіңішке түтікше шығарып, өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып аналықтың жатынына жетеді.
Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша (спермий) бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршілігімен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша (спермий) тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады.
Тозаң жіпшесі
Аналық аузы
жатын
Тұқым бүршігі
Тозаңданудан кейін ұрықтану жүреді
Тозаңданудың маңызы
Тозаңдану жолдары:
жел арқылы;
жануарлар көмегімен (бунақденелілер, құстар, жарқанаттар);
су арқылы;
адам көмегімен;
Биотикалық тозаңдану (тірі ағзалар көмегімен)
Энтомофилия — бунақденелілер арқылы тозаңдану
аралар, сона, кейде құмырсқалар (Hymenoptera),
қоңыздар (Coleoptera), көбелектер (Lepidoptera),
шыбындар (Diptera).
Бунақденелілер гүлден шырын, тозаң жинап бір гүлдің тозаңын екінші гүл аналығының аузына тасымалдайды. Сөйтіп өсімдіктерді айқас тозаңдандырады.
Көптеген этномофильді өсімдіктердің гүлдері хош иіс беретін эфир майларына бай.
Гүл серіктері ашық алуан түсті болып келетін гүлдер насекомдарды жақын жерлерден еліктіретін болса, гүлдің хош иісі алысқа тарап, насекомдарды өзіне тартады
Зоофилия — омыртқалы жануарлар
арқылы тозаңдану
құстар (орнитофилия) , колибри құсы,
шірнеші (құс, медосос),
жарқанаттар (хироптерофилия),
кемігіштер , лемурлар (Мадагаскарда)
Жасанды тозаңдану — адамның көмегімен аталық тозаңының аналық аузына түсуі
Абиотикалық тозаңдану
Анемофилия — өсімдіктердің жел арқылы айқас тозаңдануы.
Анемофилия жолымен барлық жабық тұқымды өсімдіктер (астық тұқымдас өсімдіктер, әр түрлі ағаштар: қандыағаш, терек, шегіршін, емен, шамшат, жаңғақ, тұт, шөптесін өсімдіктер: сора, қалақай, құлмақ, шалаң т.б.).
Гидрофилия — су арқылы тозаңдану.
Су арқылы суда өсетін өсімдіктердің гүлі тозаңданады
Шамамен өсімдік түрлерінің 80,4 % биотикалық жолмен тозаңданады, ал 19,6 % жел арқылы тозаңданады.
Тозаңдану
Өздігінен тозаңдану
Айқас тозаңдану
Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі
Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі
Топтық жұмыс:
«Өздігінен тозаңдану мен айқас тозаңданудың айырмашылығын талқылаңыздар»
бидай
картоп
қызанақ
зығыр
Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер
Айқас тозаңданатын өсімдіктер
Өсімдіктердің бунақденелілер арқылы тозаңдануына бейімделуі
меруертгүл
күнбағыс
тал
стапелия
итмұрын
беде
Су арқылы тозаңдану
Суда өсетін өсімдіктер
(элодея, валлиснерия)
Бунақденелілер арқылы тозаңдану
ашық реңді гүлдер;
шырын (шірнелік) бөлетін гүлдер;
көптеген гүлдер өсіне бунақденелілерді еліктіретін хош иіс бөледі.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану– бунақденелер көмегімен тозаңданатын өсімдіктер(аралар, көбелектер, қоңыздар т.б.).
Жел арқылы айқас тозаңдану– тозаңдануы жел арқылы жүретін өсімдіктер (қайың т.б.).
Жел арқылы айқас тозаңдану
Аталық жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады.
Тозаңдар таралуға бейім.
Аналық аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдайды.
Тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады.
жүгері
қайың
қандыағаш
Верба
қарабидай
Жел арқылы айқас тозаңдану
Кестені толтырыңыз
Жұптық жұмыс
Оқушылар айқас тозаңдану мен
өздігінен тозаңданудың
артықшылықтарының тізімін
жазады.
Айқас тозаңдануда пайда болатын ұрықты физиологиялық
қасиеттері және белгілері жағынан екі жақты толықтырады;
айқас тозаңданған гүл айқас ұрықтанады.
генетикалық өзгергіштіктің саны артады;
аутбридинг
түр ішіндегі әр түрлілік және бейімдеушілік артады.
Өздігінен тозаңданған гүл өздігінен ұрықтанады;
өздігінен тозаңдану сыртқы факторларға тәуелді болмайды;
(мысалы, жел немесе жәндіктер)
қосжынысты гүлдерде жүреді;
гүлдер тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады және аналық аузы жағынан ашылады да тозаңдар оған еркін төгіледі;
өздігінен тозаңдану ешуақытта ашылмайтын гүлдерде де жүреді;
инбридинг
таза линиялы өсімдіктер шығаруға болады.
Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың
артықшылықтары
ЖАСАНДЫ ТОЗАҢДАНДЫРУ
Жасанды тозаңдандыру - жаңа сорттар шығару мен өнімділікті арттыру мақсатында адамның көмегімен бір өсімдіктегі аталық тозаңның екінші өсімдіктегі аналықтың аузына түсуі.
Генетикалық эксперименттер
арқылы түраралық және түрішілік будандастыруды селекцияда қолданады.
Айқас тозаңдандыру арқылы жылыжайларда жүргізіледі.
Жасанды тозаңдандыру кезеңдері
1.Гүлді тозаңдануға дайындау, тозаңын алу;
2.Бунақденелілерден қорғау мақсатында бетіне дәке қалта кигізу;
3. Жинақталған тозаңды аналықтың аузына түсіру.
Жасанды тозаңдандыру
РЕФЛЕКСИЯ
САБАҚ ӨТЕ ҚЫЗЫҚ БОЛДЫ.
МЕН БӘРІН ТҮСІНДІМ.
ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТ
САБАҚТА БӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ. ӘЛДЕДЕ ТҮСІНУІМ КЕРЕК.
ҮЙДЕН ҚАЙТАЛАЙМЫН
САБАҚ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТПЕДІ.
МЕН ЕШНӘРСЕ ТҮСІНБЕДІМ.
ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТ ЕМЕС.
КӨҢІЛ - КҮЙ
АҒАШЫ
Үй тапсырмасы
Өз аймақтарыңыздағы өсімдіктерді зерттеп, тозаңданудың қай түріне жататынын анықтаңыз
Қолданылған әдебиеттер тізімі және интернет көздері
Д. ТЕЙЛОР, Н. ГРИН, У. СТАУТ «БИОЛОГИЯ» 3 ТОМ, стр. 63-67
А.Ю. ИОНЦЕВА, А.В. ТОРГАЛОВ «БИОЛОГИЯ» в схемах и таблицах
http://scienceforchildren.ru/tsvetok
http://www.myshared.ru/slide/1322779/
http://biolicey2vrn.ru/index/opylenie/0-82
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?