Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


План урока

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4С Көбею

Мектеп: Петропавл қаласы, НЗМ ХБН

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Сабақ тақырыбы

Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың маңызын түсініп, сипаттайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Қосарлы ұрықтанудың механизмі мен маңызын түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: қосарлы ұрықтанудың механизмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Гүл құрылысы мен тозаңдануға арналған терминдер:

Гүлсағақ, гүл табаны, тостағанша, күлте, аталық, аналық, тозаң, тозаңдану

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Гүл- дегеніміз ... . Гүлдің негізгі бөліктері: ... .

Аталық тозаңның аналық ... түсу.

Айқас тозаңдану бұл өсімдіктің тозаңды …-дан …-ға беруі.

Өздігінен тозаңдану - бұл өсімдіктің тозаңды …-дан …-ға тасымалдауы.

Ол жәндіктерді еліктіруге энергия шығынын қажет етпейді .

Ол өзін тозаңдандыратын лайықты бунақденелілер жоқ жерлерде өсе алады.

Ұрықтарда өзгергіштік аз болады.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Экология – Биоалуантүрлілік.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ғаламтор, тапсырмалар

Бастапқы білім

Гүлдің құрылысы (7 сынып)

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

    • мин

1-7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Ой қозғау. Өлең.

Талқылау.

  • Өлеңде қандай процесс сөз болады?
  • Көршіге не үшін басқа тозаң қажет болды?
  • Гүл неге солды ?
  • Тұқым мен жеміс түзілместен бұрын қандай процесс жүреді?

Сабақтың тақырыбын, мақсатын және жетістік критерийлерін тұжырымдау.

Слайдтар презентациялар

Сабақтың ортасы

6-7 мин

7-14 мин

14-18 мин

18-23 мин

23-30 мин

30-37 мин

37-43 мин

(Ж,Ж)

Гүлді өсімдіктерде ұрықтану процесі қалай жүреді? (спермии мен жұмыртқажасушаның қосылуы)

Бейнероликті көру. Мұғалімнің түсіндіруі. Жатындағы көпжасушалы тұқымбүршігінің ішінде жұмыртқа жасушасы мен ең ірі жасуша болады. Тозаң түтікшесінің ұшында ірі ядролы 2 жасуша бар. Тозаң түтікшесінің ұшы тұқым бүршігінен түйіскенде 2 жасушаның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып ұрықтанады. Екінші жасуша тұқым бүршігінің ең ірі жасушасымен қосылады. Мұны қосарлы ұрықтану дейді, бұл құбылысты ашқан ғалым С. Г. Навашин. Ұрықтанғаннан соң тұқым бүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.Тозаң дәнінің құрылысы.

- Мұғалімнің түсіндіруі (сызбалар мен суреттер)

Оқушыларға сұрақтар: Тозаң дәнінің дамуы қалай жүреді?

Тозаң түтігі деген не ?

Тұқымбүршіктің құрылысы. Жабықтұқымды өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың шарттары. - мұғалімнің сызбаларды пайдалана түсіндіруі

Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың мәні- Мұғалімнің түсіндіруі (сызбалар мен суреттер)

(Ж) Қосымша 2 жұмыс. «Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының сызбасы»

Қосарлы ұрықтану нәтижесінде:

Бір спермий жұмыртқажасушаны ұрықтандырады – зигота түзіледі(2n); екінші спермий орталық жасушамен қосылып – триплоидты жасуша пайда болады (Зn).Нәтижесінде түзіледі:

жатыннан — жеміс;

тұқымбүршігінен — тұқым;

тұқымбүршіктің қабығынан — тұқым қауызы;

зиготадан — тұқым ұрығы (2n);

(ҚБ) 1. Оқушыларға берілген сызбаны толтыру қажет:

Қосарлы ұрықтану

_________________ ____________________

+ +

__________________ ____________________

= =

___________________ ____________________

2. Сөйлемді аяқтаңыз:

Нәтижесінде түзіледі:

жатыннан — _______________________

тұқымбүршігінен — _______________________

тұқымбүршіктің қабығынан — _______________________

зиготадан — _______________________

Бағалау дескипторлары:

Оқушылар мақсатқа жетеді егер:

- ұрықтанудың сызбасын дұрыс толтырса:

1 спермий+жұмыртқажасуша =ұрық

2 спермий+орталық жасуша =эндосперм

- сөйлемді дұрыс аяқтайды:

Нәтижесінде түзіледі:

жатыннан — жеміс;

тұқымбүршігінен — тұқым;

тұқымбүршіктің қабығынан — тұқым қауызы;

зиготадан — тұқым ұрығы (2n);

Бекіту:

1. Ұрықтану дегеніміз не? Гүлді өсімдіктерде ұрықтану процесі қалай жүреді ?

2. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық мәні қандай?

3. Көбеюдің маңызы қандай?

РРТ

https://www.youtube.com/watch?v=ukLR-P_9rag ұрықтану

Қосымша 1

Сабақтың соңы

43-44 мин

44-45 мин

Үй тапсырмасы:

- қосарлы ұрықтану механизмінің суретін салу

Рефлексия

Оқушылар сабақта білген бір қызықты мәліметті даярлайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға карточкалар, үлестірме материалдар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген.

W = бүкіл сыныпты оқыту

G = топтық жұмыс арқылы жасушаларды өзара салыстыра алады.

I = жеке жұмыс. Талқылау сұрақтары арқылы.

I = жеке жұмыс. Проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу