Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Тозаңдану түрлері
Өздігінен Айқас тозаңдану
(автофилия)
Бунақденелілер Жел арқылы Құстар Сумен Адаммен
арқылы арқылы
(энтомофилия) (анемофилия) (орнитофилия) (гидрофилия) (антропофилия)
Қосымша 2
Тозаңдану
Өсімдіктің тозаңдануы- тұқымды өсімдіктердің жынысты көбею, яғни аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады.
Дара жынысты гүлдерде аталық гүлден тозаң екінші гүлдің аналық аузына түседі. Одан кейін ол тұқым бүршігіне еніп, спермамен қосылады. Сонда аналықтың жатыны жеміске айналып, тұқым бүршігі тұқымға айналады.
Бронзовка вонючая (Oxythyrea funesta), тозаңданатын кәдімгі гүлдері (Viburnum opulus) |
Тозаңдану түрлері
Тозаңданудың екі негізгі түрлері: өздігінен (бір өсімдік гүлінің аталық мүшесіндегі тозаң сол гүлдің немесе сол өсімдіктегі басқа гүлдің аналық мүшесіне жеткізіледі) және айқас тозаңдану.
Айқас тозаңдану кезінде өсімдіктер екі негізгі түрлерді береді: бірүйлі және екіүйлі.
Айқас тозаңдануға делдалдың қатысуы қажет; осыған орай тозаңданудың мына түрлері бар:
- Биотикалық тозаңдану (тірі ағзалар арқылы)
- Энтомофилия —бунақденеліліер гүлден шырын, тозаң жинап бір гүлдің тозаңын екінші гүл аналығының аузына тасымалдайды. Сөйтіп өсімдіктерді айқас тозаңдандырады. Кең тараған тозаңдандырушы насекомдар — бал аралары, кейде құмырсқалар (Hymenoptera), қоңыздар (Coleoptera), көбелектер (Lepidoptera), сол сияқты масалар(Diptera).
Медоносная пчела (Apis mellifera) тозаңдану кезінде |
- Зоофилия — омыртқалы жануарлар арқылы тозаңдану: құстармен (орнитофилия, тозаңдану агенттері ретінде колибри бал тасушылар), ұшатын тышқандармен (хироптерофилия), кемірушілермен, кейбір қалталы жануарлар ( Австралиядағы), лемурмен ( Мадагаскардағы).
- Жасанды тозаңдану- адам әрекетінің нәтижесінде тозаңдану , яғни аталық тозаңды аналығына салу.
Тозаңдандырғыштар - бұл тозаң қаптағы тозаңды гүлдің мойыншасына тасымалдаушылар. Ең кемінен тараған тозаңдандырғыштар аралар, олардың тозаңды тасымалдауға арналған себетше деп аталатын арнайы құралдары болады. Олар өздерінің ұрпақтарын тамақтандыру үшін шырын мен тозаңды жинай жүріп, сонымен бірге тозаңды басқа гүлдерге таратады.
Абиотикалық тозаңдану
Анемофилия немесе желмен тозаңдандыру- бұл жағдайда тозаңды жел тасымалдайды. Мысалы: астық, қарағай өсімдіктері және көпшілік жапырақты ағаштар.
Гидрофилия немесе сумен тозаңдану - тозаңданудың бұл түрінде тозаң судың ағынымен жетеді. Судың көмегімен элодэя, рдест сияқты суда өсетін өсімдіктер тозаңданады.
80,4 % биотикалық тозаңдану бар өсімдіктер түрлері құрайды, ал 19,6 % жел арқылы тозаңданады.
Өсімдіктердің тозаңдандырғыштарға қарым-қатынасы:
- эуфилия – арнайы тозаңдандырғыштардың тозаңдануға қабілеттілігі;
- олигофилия – бір тіршілік формасының тозаңдандырғыштарымен бейімделгіштігі;
- монофипия – бір жәндік түрімен тозаңданады;
Бір жағынан келесі жәндіктердің тозаңдануға бейімделгіштігін көрсетеді:
- полилектия – әртүрлі тұқымдастарында кеңірек жүреді;
- олиголектия – негізгі бір өсімдіктердің түріне барады, мысалы: бір тұқымдасқа немесе бір гүлді өсімдікке;
- монолектия – өсімдіктің бір түрі немесе өсімдіктің бір туысына қоректену үшін барады.
Әртүрлі тозаңданудың кейбір мысалдары
Қызандар — гүлдерінде аталықтар және аналықтар бар. Көпшілік жағдайда аналық өзінің тозаңымен ұрықтанады.
Терек және шырғанақ — екіүйлі өсімдіктер: аталық ағаштарда тозаңмен гүлдері болады, ал жемістерін аналық ағаштар береді. Шырғанақтың тек аналығы ғана бұталарды береді, бірақ аталықтары болмаса, онда аналығы да жемістерді бермейді.
Жүгері — бірүйлі өсімдіктер біржынысты гүлдермен. Аталық гүлдері жоғары жақта сыпыртқы түрінде жиналған, ал аналығы діңгекте собық түрінде болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?