Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4С Көбею | Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ. | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бактубаева А.С. | |||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0 | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы. | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Өздігінен және айқас тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар гүлдердің негізгі бөліктерін атайды, олардың қызметтерін біледі. Тозаңдану не екендігін және тозаңданудың әртүрлі тәсілдерін біледі. Тозаңдану тәсілдерінің айырмашылықтарын атайды және тозаңдануға өсімдіктердің бейімделгіштігін талдайды. Тозаңданудың әртүрлі тәсілдердеріне өсімдіктердің мысалдарын келтіреді. | |||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырып | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар ... гүлдің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін мен тозаңданудың маңызын ажыратады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: өсімдіктердің генеративті мүшелері, гүл,гүлсағақ, гүл табаны, тостағанша, күлте, тозаң, бірүйлі өсімдіктер, екіүйлі өсімдіктер, тозаңдану Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Өсмідіктің генеративті мүшелері- бұл ...... Гүлдің негізгі бөліктері: ........ Гүлді өсімдіктердің аналық мүшесі ...... Гүлді өсімдіктердің аталық мүшесі ...... Аталық және аналық гүлдері бірге орналасқан өсімдік ....... Өсімдіктің өздігінен тозаңдану белгілері ...... Жәндіктер арқылы тозаңданатын өсімдіктер үшін ...... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту (АЖ) | Оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу. Ұжымда жұмыс істей алу, сыныптастардың ойын тыңдау, бір-бірін сыйластыққа үйрету. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі және әдебиет (үй жұмысын орындағанда) | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Мәтінмен жұмыс, интербелсенді тақта, ғаламтор ресурстары | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 6-сынып курсынан гүл құрылысын біледі. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ұйымдастыру кезеңі (сабақтың әр кезеңінде оқушылар әрекетінің дифференциация түрлері болады, себебі бұл тақырып 6 сыныпта оқытылды. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмаларды ұсынуға болады). «Гүлдің құрылысы» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (сыныппен жұмыс, себебі берілген тақырып 6 сыныпта оқытылды) | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-20 | (Ұ)Көрсетіліммен жұмыс (бірүйлі және екіүйлі өсімдіктер, қосжынысты және даражынысты гүлдер)- негізгі түсініктерді қайталау. (Ө) Оқушылардан гүлдің сызбасын салуды және тозаңдану сөзінің мағынасын өз сөзімен түсіндіруді сұраңыз. Проблемалық сұрақ: «Аталық тозаң қалай аналыққа тасымалданады?». Оқушыларға гүлдің құрылысы бар сызбасын тағы бір рет қарауға ұсыныс жасаңыз. «Тозаңдану» деген сөзі нені білдіреді? Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану- бірінші, жеміспен тұқымның түзілуіне қажетті жағдай болып есептеледі. (№1 сызбамен жұмыс) (Т) Оқушыларға қосымша 2 тапсырылады, топтың ішінде оқып болған соң, мәтінмен жұмыс (инсерт) жасайды, сызба1 толықтырады. (қосымша 2 құрамында қажетті ақпаратпен қосымша зерттеу үшін арналған ақпараттар берілген) | Көрсетілім Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||||||||||
21-35 36-42 42-43 | (Ұ) Айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың арасындағы айырмашылықты бүкіл сыныппен талдаңыздар, сосын шағын топтармен әр тәсілдің бірнеше артықшылығын атауды сұраңыз. (ҚБ) Оқушыларды айқас өздігінен тозаңдану бойынша сызба құрастыруға ұсыныс жасаңыз. Оқышылар сызбаны салыстырады, бағалайды және қателіктерін дұрыстайды.
(Т/ҚБ) Оқушылар топта айқас тозаңданудың артықшылығы бойынша тізім жасайды. Оқушылар басқа топтың жұмысын бағалайды және айқас тозаңданудың жалпы артықшылығы бойынша тізім құрайды. (Ұ) Бекіту. Барлық сынып айқас және өздігінен тозаңданудың айырмашылығын талдайды, сосын шағын топта әрбір тәсілдің бірнеше артықшылықтарын атайды. (Ж) Гүлді өсімдіктерде тозаңдану үшін қандай бейімдеушілік кездеседі? (кестені толтырыңыздар)
Қорытынды: гүлдердің сұлулығы- бұл тозаңдануға бейімделгіштігі. Сонымен бір 40 минутта біз бірге 1793ж.неміс натуралист Шпренгел Конрад жасаған жаңалықты қайталаймыз. | Көрсетілім | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 43-44 44-45 | Үйге: «Өсімдіктердің тозаңдануға таңғажайып бейімделгіштігі» тақырыбына эссе жазыңдар Критерийлері: 1.көлемі 150 сөз 2.бір өсімдіктің тозаңдануға бейімделгіштігін сипаттау 3.тозаңдану маңызының қорытындысы Рефлексия. | |||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Гүлдің құрылысы мен тозаңдану ерекшеліктеріне талдау жасайды. Оқушылардың көбі: тозаңдану ерекшеліктерін салыстырады. Кейбір оқушылар: Гүл мүшелерінің құрылысындағы ұқсастықтарды анықтайды. | Лездік сұрақтар беру арқылы оқушылардың гүлдің құрылысы және олардың ағза үшін маңыздылығы туралы сұрау. Топта орындаған тапсырмалар нәтижелерін қорытындылап, бағалау жүргізеді. | Алынған деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жеке және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады. Белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді. Оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?