Жаңа тақырып Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


 Вегетативтік көбею тәсілдері

 Вегетативтік көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз. Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердіңбарлық топтарында кең таралған. Бір жасушалы балдырлар мен бактерияларда вегетативтік көбею жасушаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Колониалды балдырларда, олардың жасушаларының вегетативті көбеюінен жас колониялар пайда болады.

 Көп жасушалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері (носток, анабена) гетероцисталары арқылы көп жасушалы гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндайқарапайым тәсілі тек төменгі сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де (сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тән. Осылай көбею нәтижесінде XIX ғасырда Еуропаға енген Канада сужапырағы су қоймаларында кең таралғандықтан, жергілікті тұрғындар «су чумасы» деп атаған. Табиғатта өздігінен кездесетін вегетативтік көбею және адамның қолданатын өсіру тәсіліне байланысты болатын вегетативтік көбею деп өсімдіктердің вегетативтік көбеюін екіге бөледі. Табиғи вегетативтік көбею мен қолдан вегетативтік көбейтудің арасында айтарлықтай айырмашылық болмайды: табиғи вегетативтік көбею өз бетімен табиғатта кездесетін және сонымен қатар өсімдіктің регенерациялық қасиетіне негізделетін болса, ал екіншісі — табиғатта кездеспейді. Оған адам қолдан түрлі хирургиялық әдістерді қолдана отырып, адам өсімдіктерді өзі өсіреді немесе көбейтеді.

 Табиғи вегетативтік көбею. Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті, яғни жетіспейтін органдарын орнына, қалпына келтіру қабілеті соғүрлым күшті болады. Мысалы, бір клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас клетка пайда болады да, бүлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Мұны да табиғи вегетативтік көбею деп есептейміз. Немесе көп клеткалы және клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Я болмаса, мүк, плаун (су шырмауық), селагинелла дейтін өсімдіктердің ересек талломы немесе «өркені» қурап қала береді де, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып, табиғи жолмен көбейеді. Сол сияқты, папоротник пен қырықбуын сияқты, кейбір жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер де табиғи вегетативтік жолмен, екі түрлі тәсілмен көбейеді: 1) мүк және плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері курап қалып, олардан өсіп шыққан «өркендері» әрмен қарай өсіп-көбейеді; 2) кейбір папоротниктің жапырақ бетінде пайда болған қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, бүларда әрмен қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады.

Тұқымды өсімдіктердің бір және екіжылдық түрлері ғана табиғи вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көпжылдық шөптесін және сүректі өсімдіктердің барлығы да табиғи вегетативтік жолмен көбейе береді. Бұлардың арасында табиғи вегетативтік көбеюдің мынандай түрлері кездеседі:

Өркенін бөліп көбею. Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болған өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты деген өсімдікті алуға болады. Балықоты көбінесе ағынсыз суда өседі, оның қыстан аман сақталып шыққан бірнеше данасы ғана жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты гектардай бетін жауып кетеді.

Жер бетіндегі өркендерден көбею. Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға мүртшаларынан, томарша өрбіндерінен (шыбықтарынан), сұлама бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады. Мұртшаларынан көбейетін өсімдіктердің бірі — бүлдірген, қара бүлдірген. Томарша өрбіні дегеніміз — өсіп түрған сүректі өсімдіктердің дің сабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі оның орнында қалған томарынан өсіп шыққан жас шыбықтар. Томарша өрбінінен жөке ағашы, тал, қайың, т.б. өсімдіктер көбейеді.

Көп өсімдіктер сұлама бұтақтарынан да көбейеді. Вегетативтік көбеюдің бұл жолы табиғатта көп кездеседі. Ылғалды жерде сұлап өскен сүректі өсімдіктердің түп жағынан шыққан бұтақтарының төменгі жағынан қосалқы тамырлар және өркендер шығып, олар топырақта тамырланады да, одан әрі өсе береді. Мысалы, арша, тал, жәке ағашы, емен, т.б. осылай көбейеді. Олардың қосалқы тамыр және өркен шыққан бұтақтарының дің-сабақ жағы курап қалса да, олар өсу қабілетін жоймай, жеке өсімдік болып өсіп, көбейеді.

Жер астындағы өркендерден көбею. Біраз өсімдіктердің метаморфозданған өркендері жер астында — топыраққа көмулі жатады. Бұлар сол өсімдіктердің жер бетіндегі өркендеріне мүлде үқсамайды. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркен шығару арқылы көбейеді, мұндай өсімдіктерді тамырсабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды. Мысалы, бидайық, жыланқияқ, т.б. осындай тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің жер астындағы өркендері тамырсабақтай емес, вегетациялық дәуірдің соңында олардың жер бетіндегі бөлімдері курап, жер астында қомақты өркені қалады да, сабақ бөлімінің бой конусы жер бетіне тік қарап жатады. Көктемде оның бой конусынан жас өркен шығып, әрі қарай өседі де, көбейеді. Вегетативтік көбеюдің мүндай түріне пиязшықты өсімдіктер жатады.

Пиязшығы бар өсімдіктерді баданалы өсімдіктер деп те атайды. Оларға: бәйшешектер, нарцисстер, лалагүлдер, сүмбілдер, пияздар, сарымсақтар, жауқазындар, т.б. жатады. Жауқазын — лалагүл тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктердің туысы. Оның бізде табиғи вегетативтік жолмен көбейетін негізгі түрлері: кәдімгі жауқазын, түкті жауқазын, жоңғар жауқазыны, күрең жауқазын, соғда жауқазыны, т.б.

Тамыр атпаларынан көбейетін өсімдіктер. Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында болатын қосалқы бүршіктерінен өскен өркендерін тамыр атпасы деп атайды. Біраз өсімдіктер тамыр атпаларынан көбейеді. Мысалы, теректер, сүр қандыағаш, тал, ақ қараған, бөртегүл, сарыағаш, таңкурай, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, күреңот, жантақ, сары қалуен, бақ-бақ, т.б. Осылардың ішінен таңкурайды алайық. Таңкурай — раушангүлділер тұқымдасына жататын жартылай бүталардың бір туысы, мүның тамыры мен тамырсабағы — көпжылдық та, ал жер бетіне шығатын өркендері — екіжылдық.

Таңқурайдың жас тамыр сабағымен бірге тамырларында қосалқы бүршіктері болады. Олардан жер бетіне тамыр атпалары өсіп шығады. Таңкурай осы тамыр атпалары арқылы табиғатта өзінен-өзі өсіп көбейеді. Қосалқы бүршіктер таңкурайдың тамырында жаздың орта кезінде пайда болады да, келесі жылдың көктемінде олар жер бетіне шығып өркендей бастайды. Осы өркендердің әрбір жапырақ қолтығынан екінші жылы ғана өсіп шыққан 2-3 негізгі бүршіктерінен жеміс пайда болады. Жемісі маусымнан тамыздың аяғына дейін пісіп жетіледі.

Қолдан вегетативтік көбейту. Адам әрқилы хирургиялық тәсілдерді қолданудың арқасында ғана өсімдіктерді қолдан вегетативтік жолмен көбейте алады. Мәдени өсімдіктердің кейбір түрлерін қолдан вегетативтік жолмен көбейту — ескі заманнан бері келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар, оның бірі — телу. Телу. Телу дегеніміз — бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдік денесіне үластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті — телітуші, ал оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бөлікті — телінуші деп атайды. Телітуші мен телінушінің әрқайсысыа компонент дейді.

Компоненттерге қойылатын талаптар — телу ісі нәтижелі шығу үшін, алдымен әрбір компонентті сұрыптай білу шарт. Мұндағы телінушіге қойылатын негізгі талаптар — телінуші ретінде алынатын компоненттің өзі жас, өзі ауруға шалдықпаған, жемісті мол беретін бұтақтан алынуы қажет. Өйткені өсімдіктің бойында орналасқан өркендерінің және ондағы бүршіктерінің сапасы мен қасиеті бірдей болмайды. Егер телінушіні ағаштың өткен жылдары көп гүлдеп, көп жеміс берген бұтақтарынан алып телитін болса, ол компонент келешекте де жемісті көп береді. Сол сияқты, телінушінің сапасы өсімдіктің жасына да байланысты болады. Сол себепті бағбандар телінушіні көбінесе біржылдық өркен бойынан алып телиді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу