Жаңа тақырып Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4С: Көбею

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жаңа тақырып

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Өсімдіктердегі вегетативті көбеюдің түрлерін біледі.
  • Өсімдіктерді қалемшелеп көбейте алады.

Кейбір оқушылар

  • Өсімдіктердегі вегетативті көбеюдің түрлерін ажырата алады.

 Бағалау критерийлері

  • Өсімдіктердің өсімді көбеюін зерттейді және практикалық жұмыс жүргізеді.
  • Тамыр, сабақ, тамыр өскіндері, қалемшелер арқылы. Өсімдіктердің өсімді көбеюі туралы дұрыс қорытынды жазады.
  • Жұмыс нәтижесін презентация немесе баяндама түрінде дұрыс рәсімдейді. Өсімді көбеюдің кемінде 3 түрін сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін көмекші сөздерді пайдаланып өз түсініктерін қорытындылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

казақша

ағылшынша

өркен

shoot

түйнек

 tubers

сабақ 

 stem

кесінді

cuttings

пиязшықтар

bulbs

 тамырсабақ

 Rhizomes

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өсімдіктер қандай жолдармен көбейе алады?

Өсімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейтудің артықшылықтары бар ма?

Вегетативті мүшелерге ......................................................

...................................................................................................

көбейту жатады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Коммуникабельділік

Ынтымақтастық және бірлескен жұмыс жоспарлау - оқушылардың бірлескен оқу ортада жұмыс істеуге, достық қарым-қатынастар және олардың көпшіл қасиеттерін, басқа оқушылармен өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту және әлеуметтік, мәдени, этикалық және қолайлы, басқалардың пікірін құрметтеуді қамтамасыз етеді.

Ұлттық идея «Мәңгілік ел»

Академиялық білім алуы, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқуға оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру. Сондай-ақ, өзін-өзі оқыту, өздігін білім алуы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, білім беру саласындағы үштілділікті дамытуға бағытталған сабақтың элементтері.

Сабақтың моральдық әсері қамтиды:

- олардың өз оқуы үшін жауапкершілік қалыптастыру сезімі;

- өзіне және айналасындағыларға құрмет, оқушылардың бір-біріне атын айтып, байланыс жасауы;

- жұмыс орнын тазалау, еңбексүйгіштігі өзінің жұмыс жасаған тобына өз үлесін қосып, жәрдемдесу болып табылады;.

 Пәнаралық байланыстар

  • ағылшынмен сабақтың әр кезеңінде тілдік мақсатқа жету негізінде.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интернет ресурстарын қолдана отырып, планшет немесе ноутбук көмегімен презентация дайындайды.

Бастапқы білім

Оқушылар көбеюдің барлық тірі ағзаларға тән қасиет екендігін және жыныс жасушаларының бар екендігін біледі. «Жасушалық цикл» бөлімінен түрлі ағзаларда хромосомалар санының әртүрлі екендігі белгілі.

өсімдіктердегі жыныссыз және жынысты көбею түрлерін білулері керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 – 3 минут

4 – 5 минут

6 – 8 минут

9 – 15 минут

І Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу.

Шеңбер бойымен тұрғызылып, көңіл-күйлері сұралады.

  • «1 минут» әдісін қолдану арқылы оқушылар қарама – қарсы тұрып, 1 минут ішінде өсімдіктердегі жыныссыз және жынысты көбею туралы ақпарат айтып шығады.
  • «1 минут» әдісінен кейін оқушыларға бейнебаян көрсетіледі

Бейнебаян көрсетілімінен кейін оқушыларға сұрақтар қойылады.

  • Вегетативті мүшелер арқылы қандай өсімдіктерді көбейте аламыз?
  • Вегетативті мүшелер арқылы көбейтудің ерекшелігі қандай?
  • Вегетативті көбеейтудің қандай тәсілдері бар?

Оқушылармен бірлесе бүгінгі күннің оқу мақсатын анықтап, жетістік критерийлерімен танысады.

(Т) Оқушылар бір біріне өсімдіктердің қалай көбейетіні туралы айтып беруі керек. Сосын олар сыныпқа өз білімдерін көрсетіп, осы тақырыпты талқылайды.

Топтық жұмыс

Оқушылар топқа вегетативті көбею түрлері көрсетілген суреттерді (тамырсабақтар, қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар)

таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Топтық жұмысқа арналған критерий

  • Өсімдік түрлерін анықтау
  • Көбею тәсілінің ерекшелігін сипаттау
  • Өсімдіктердің өсімді көбеюі туралы дұрыс қорытынды жазу

Топтық жұмысты бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы орындалады.

Сабақтың ортасы

16 – 30 минут

31 – 43 минут

(Т) Өсімдіктердің өз кесінділерінен көбейту: үлкен қазоты өсімдігін немесе аймақтық пеларгонияны пайдалану. Басқа қолайлы түрлерге Tradescantia ұясынан «Блуждающий Моряков» немесе Bryophyllum tubifolium жатады, олар жыныссыз тәсілмен көбейеді.

(Э/Т) Әрбір оқушы бір өсімдікті қалемшелеп көбейтеді, ал қабілеті жоғары оқушылар бірнеше өсмідіктерді қалемшелеп көбейтеді

I Жұмыс мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін зерттеу

II Болжам: Егер.................................................................................., онда.......................................................................................................

III Материалдар мен жабдықтар

Пияз, картоп, пеларгония, қазтамақ, брофиллум

Топырақ үлгілері, скальпель, ақ керамикалық плитка, тамыр ұнтағы, шұңқырқазғыш немесе осыған ұқсас құрал, тақтайшалар, отырғызу үшін компост (50% торф пен торф алмастырғыш, 50% перлит немесе вермикулит), диаметрі шамамен 10 см құты, полиэтилен пакет, резеңкелер, орындыққа жабатын газет.

IV Жұмыс барысы

1.Оқушылар пияздың, картоптың, итмұрын, қазтамақтың ерекшеліктерін зерттейді.

2.Оқушылар сыртқы нышандарды көрсету үшін әр үлгінің суретін салып таңбалайды.

3.Пиязды бойлап екіге бөлу және ішкі мүмкіндіктер ережесін сақтау үшін пышақ пайдалану.

4.Құнарлы топырақты дайындау және 4-5 см тереңдікке отырғызу.

5.Жиі су құйып және өсу уақытын белгілеу.

Қорытындылау

V Деректер мен нәтижелер

Вегетативті мүше

Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілінің ерекшелігі

1

2

3

4

Қорытынды

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

(Т) Оқушылардан вегетативтік жолмен көбеюдің әр түрінің қолданылуын оқып-біліп, өркенді/жас бұтақты/мұртты, қалемшені, кесіндіні пайдаланып тамырландыру. Бүршікке/бұтаққа/қабыққа ұластыру жолдармен вегетативтік көбею тәсілі туралы ақпаратты қосып, баяндама/PowerPoint презентациясын дайындауды сұрау.

Топтық критерий

  • Вегетативтік жолмен көбеюдің әр түрін қолдану
  • Кемінде 3 – 4 беттік презентация дайындау

Топтық жұмысты «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

44 – 45 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Бүгін мен сабақта ..................................................... білдім

Мен үшін........................................................ ..........қиын болды

Енді өзім ............................................................... орындай аламын.

Үйге тапсырма:

Вегетативті көбеюдің артықшылығын сипаттау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілетті оқушыларға бірнеше өсімдікті зерттеу және көбейту жұмыстарын ұсынамын.

Деңгейлік тапсырмалар ұсынамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ұйымдастыру арқылы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Тәжірибелік жұмыста оқушылардың барлығы қолғап, ақ халат киюі шарт. Үшкір құралдармен жұмыс жүргізгенде сақтық шараларын ескеру қажет.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

  • «1 минут» әдісін
  • «Бағдаршам» әдісін
  • «Бас бармақ» әдісін

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Оқушылар скальпель, ақ керамикалық плиткалармен жұмыс жасауда мұқият пайдалану қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу