Көбею. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Көбеюдің екі типі болады: жыныссыз және жынысты.
Жыныстық көбею. Бір жасушалы өсімдіктер мен жануарлар да жыныстың жолмен көбейеді. Бірақ оларда жыныссыз және жыныстық көбею ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырады. Көп жасушалы ағзалар жыныстық жолмен көбейеді. Жоғары сатылы жануарларда жыныс жасушалары пайда болатын ерекше мүшелер болады. Бұлар — жыныс бездері. Жыныс жасушалары болінудің ерекше типі — мейоз процесінде қалыптасады. Митоздан айырмашылығы, бұлай бөлінудің нәтижесінде жас жасушалардағы хромосомалар саны екі есе кемиді. Митоз кезінде жас жасушалардағы хромосомалар жиыитығы диплоидты (қосар), ал мейозда — гаплоидты (дара) болады. Ұрықтанған кезде хромосомдар жүбы қалпына келеді. Мейоз хромосомалар жиынтығының тұрақтылығын сақтайды. Аталың жөне аналық особтардағы хромосома ішіндегі заттардың мейоз процесі кезінде алмасуынан аталың пен аналың белгілерінің үрпаққа көшуінің тұқым қуалаушылық заңдылығы жүзеге асады.
Жыныссыз көбею. Жануарлар мен өсімдіктердің жыныссыз көбеюінің негізгі формаларына талдау жасалық. Бір жасушаның жануарлар мен өсімдіктерінің (ңарапайымдар, балдырлар) ядросы қақ ортасынан жарылып, соңынан жасуша тең екіге бөлінеді. Соның нәтижесінде жас ағзалар пайда болады. Мұндай көбеюді қарапайым бөліну деп атайды. Кейбір ағзалардың (ашытқы, гидра, т. б.) аналық особьтарынан жас ағзалар бөлініп шығады. Жыныссыз көбеюдің мүндай формасын бүршіктену деп атайды. Төменгі сатылы ағзалар (балдырлар, мүктер, папоротниктер, саңырауқұлақтар) мен кейбір бір жасушалы жануарларда споралану болады. Бұл кезде тығыз қабықты арнайы жасушалар (споралар) түзіледі. Жаңа ағзалар осы жасушаларда дамып жетіледі. Көптеген өсімдіктер вегетативті жолмен -сабақтары, жапырақтары, т. б. мүшелері арқылы көбейеді. /1/
Көп клеткалы өсімдік организмдерінде бөліну арқылы жүретін вегетативті көбеюі қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар, тамыр сабақтар арқылы жүзеге асады. Бірақ бұл ауылшаруашылық практикасында қолданылатын жасанды көбею түрі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер жасанды жағдайда бір клеткадан да көбеюі мүмкін. Бір клеткадан дамитын организмдер бастапқы көп клеткалы организмдердің барлық қасиеттеріне ие болады. Бұл көбею клонды микрокөбею деген атауға ие. Көптеген вегетативті көбеюдің бір формасы ретінде, әртүрлі мәдени өсімдіктерді телу немесе трансплантациялау, ол бүршікті немесе өркеннің бөліктерін бір өсімдіктен екіншісіне қайта отырғызудан тұрады. Әрине, бұл табиғатта кездеспейтін көбею тәсілінің бір түрі, бірақ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады./2/
Ақпарат /1/ http://kazorta.org/a-zalardy-k-beyu-formalary/
/2/ http://ikaz.kz/zhynyssyz-kobeyu/ сайтынынан алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?