Көбею. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Тарау 7.4.С: Көбею

Мектеп: Кызылорда қаласы, ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жантаева А.Н

Сынып: 7

Қатыспағандар:

Қатысқандар :

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

  • Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (жаңа тақырыпты меңгеру)

 Сабақ мақсаты

  • Жынысты және жыныссыз көбею формаларын ажырата алу
  • Әр түрлі өсімдіктер мысалында өсімдіктердің көбею түрлерін зерттеу

 Бағалау критерий

Көбею түрлері және жыныссыз көбею әдістері туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Жынысты көбею жыныссыз көбеюден қалай ажыратылатынын салыстырады, қорытынды жасайды. Жынысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Жыныссыз көбею түрін анықтайды, жыныссыз көбейетін 5 өсімдікті мысалға келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерін салыстыру жолымен көмекші сөздерді пайдаланып (мысалы, бірақ, болғанда) өз түсініктерін қорытындылау.

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Английский

жыныссыз

asexual

жынысты көбею

sexual reproduction

  түйнек

 tubers

сабақ 

 stem

 пиязшықтар

bulbs

ұрықтану

fertilisation

тамырландыру

rooting

Өсімді көбею

vegetative propagation

Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:

Жынысты көбеюде ... қатысады

Жыныссыз көбеюде ... қатысады

Жынысты көбею нәтижесінде ... ұқсайтын ағзалар дүниеге келеді

Жыныссыз көбею нәтижесінде ... ұқсайтын жаңа ағза пайда болады

Жыныссыз көбею жынысты көбеюден ... ажыратылады

Құндылықтарды дамыту

Топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау арқылы оқушыларды бірлесіп жұмыс жасуға дағдыландыру. Негізгі түсініктерді талдау кезінде сыныптасының пікірімен санасу, бір-бірінің пікірін құрметтеу. Бірге жұмыс істеу мен жоспарлау кезінде өзара коллаборативтік ортаны сақтауына көңіл бөлу. Тақырыпқа қатысты табиғаттағы өсімдіктердің көбеюі мен дамуының, биобалансты сақтаудағы маңызын Жалпы ұлттық идея «Мәңгілік ел» идеясымен байланыстыра дамыту.

Пән аралық байланыстар

География пәнімен байланыс экологиялық қорғау шараларын түсіндіру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығымен байланысты болғандықтан, агронмиямен байланыстыруға болады.

АҚТ қолдану

Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері интернет мәліметін қолдану, таныстырылым дайындау кезінде қолдануға болады

Алдыңғы білім

Ботаника 6,7. Тірі ағзалардың көбеюі : 6,7.

Оқушылар көбеюдің барлық тірі ағзаларға тән қасиет екендігін және жыныс жасушаларының бар екендігін біледі. «Жасушалық цикл» бөлімінен түрлі ағзаларда хромосомалар санының әртүрлі екендігі белгілі.

Жоспар

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-10 мин

10-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-40 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру, топтастыру.

(І) Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа тақырыпты ашу миға шабуыл әдісі арқылы жүзеге асады.

-Жалпы тірі ағзаларға тән қасиеттерге не жатады?

-Тіршіліктің үздіксіздігін, ұрпақ жалғасын қамтамасыз ететін тіршіліктің қай қасиеті деп ойлайсыздар?

-Көбеюдің табиғаттағы маңызы қандай?

-Қандай көбею формаларын білесіздер?

(С) Өсімдіктің көбею жолдарының әртүрлі сызбаларын ұсына отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтауын сұрай отырып, сабақтың мақсатына көшу.

(Тж) Топтағы оқушылар иллюстрацияларды көбею типі (жыныстық және жыныссыз) бойынша екі топқа бөледі. Оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді. Қорытындылар шығарады.

Жаңа оқу мақсатын меңгерту.

(Т) Мұғалім сыныпқа оқыту мақсатымен, бағалау критерийімен, (Көбею түрлері және жыныссыз көбею әдістері туралы алдыңғы білімдерін қолданады. Жынысты көбею жыныссыз көбеюден қалай ажыратылатынын салыстырады, қорытынды жасайды. Жынысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Жыныссыз көбею түрін анықтайды, жыныссыз көбейетін 5 өсімдікті мысалға келтіреді.) жаңа ұғымдармен терминдерді 3 тілде таныстырып, бағыт береді.

Көбею формалары туралы ақпараттандыру жүргізеді.

Видеоқойылым көру, сыныпта талдау.

(Жж немесе Т) Әрбір жұпқа өсімдіктің көбею жолдары туралы шағын ақпараттар парақшаларын таратып, оқушылар ақпаратпен танысып,жазбалар жазып бір-біріне сұрақтар қояды, талқылау жүргізеді.

(Жж) Оқушылармен бөлме өсімдіктері және бақша өсімдіктері мысалында көбею тәсілдерін талқылау. Мәтіннен, компакт-дискілерден алынған ақпараттарды пайдалануға болады.

Өзінің идеялары туралы қысқаша жазбалар жасап, жынысты және жыныссыз көбеюді салыстырады.

Салыстырмалы белгілер

Көбею формалары

жынысты

жыныссыз

Сын тұрғысына ойлау стратегияларын пайдалану ұсынылады: Джигсо, Инсерт және т.б.

Парақтың екі жағында әр түрлі ақпараттар жазылған «Дәлме-дәл» ақпараттық парақшаларды пайдалануға болады. Жұптық жұмыста әр оқушы ақпараттың жартысын ғана көреді.

Оқушыларға өздерінің жазбаларын сызба түрінде немесе кесте түрінде, сонымен қатар жазылған суреттер түрінде жасауды ұсыну. Бұл жұмыс оқушылардың ақпаратты қабылдай алуын есепке ала отырып жүргізілуі дұрыс.

(Т) Оқушыларға бүлдірген, нәркес, картоп, зімбір, балықоты және бидайық сияқты жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктерді көрсету. Оларды бөлмеде айналдыра орналастыру. Оқушыларға олардың әрқайсысын кезекпен бақылап, қалай көбейетіндіктері жөнінде өздерінің комментарийлерін жазулары керек.

(І) ҚБ тапсырмасын орындау.

Көбею түрлері және жыныссыз көбею әдістері туралы алдыңғы білімдерін қолданады.

Слайд, инт.тақта

Бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=xiBMfcX-llg

иллюстрациялар жиынтығы, плакаттар мен кестелер

таратпа материалдар тарату арқылы беруге болады: қалемшелеу,сұлатпа өркен, түйнек және т.б. иллюстрациялар. Кеппешөп тұлып түрінде, тірі нысандар немесе суреттер/өсімдіктердің суреттері.

Қосымша 1/ҚБТ

Сабақтың соңы

40-45 мин

Қорытындылау

(Т) Оқушылар бір біріне өсімдіктердің қалай көбейетіні туралы айтып беруі керек. Сосын олар сыныпқа өз білімдерін көрсетіп, осы тақырыпты талқылайды. Жыныссыз көбейетін 5 өсімдікті мысалға келтіреді.

Рефлексия : Шамаданға сабақта алған, өмірде пайдалануға  болатын мәліметтер туралы жазады.Оқушының ойынша сабақта болған қажет емес мәліметтерді қоқыс шелегіне жапсырады.Қызық болған, бірақ әлі де болса, қайта қарауды, өңдеуді қажет ететін мәліметтер туралы еттартқышқа жапсырады.

Үй тапсырмасы: Венн диаграммасын салыстырмалы түрде толтырып, ұқсастықтарын анықтау.

Стикер, түрлі түсті қағаз, қаламсаптар

Қосымша ақпарат

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

 

Барлық оқушылар: Жынысты және жыныссыз көбею түрлерін сипаттай алады.

Көпшілік оқушылар: жынысты және жынссыз көбеюдің ерекшеліктерін анықтап, бірлесе зерттейді

Кейбір оқушылар: көбеюдің табиғаттағы маңызына баға беріп, жынысыз және жынысты көбеюге тән белгілерді тереңірек жіктей алады. Топтық жұмыста белсенділік танытып, топты алға жетелейді

Оқушылардың жеке жұмыс, топтағы жұмыс кезіндегі іс-әрекеттерін бақылау, жұмысты меңгеру деңгейін қадағалау, тапсырманы орындау кезіндегі білімдерін бағалау.

(1)Тапсырманы жұптық, топтық жұмыста орындау.

(2)бірін -бірі бағалау.

(3)Нәтижені бағалау – жетістік критерийіне сай қалыптастырушы бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік: сымбаттылықты сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты шынайы болып табылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы неге ұқсады? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Мерзімге сидыра білдім бе? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.

Қысқаша бағалау

Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

2:

Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1

2:

Менің келесі сабағымды түсіндіретін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта менің өзім не игердім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу