Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәні. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма : Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ойды табыңыз. Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі. Жыныссыз көбею Өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жатады Жыныссыз жолмен көбеюіне қарай вегетативті көбею және спора түзу арқылы көбею деп ажыратылады. Вегетативті көбеюде-аналық организмнен ажырап қалған бөліктен жаңа организмнің дамуы жүреді. Көбеюдің бұл түрі бір клеткалыларға да, көп клеткалыларға тэн, бірақ оларда ол әртүрлі сипатқа ие болады. Бір клеткалы организмдердің вегетативті көбеюінің: бөліну, көп рет бөліну және бүршіктену сияқты формалары болады. Бактериялар мен көк-жасыл балдырларға (цианобактерияларға) бір ата-аналық организмнен қарапайым тартылу жолымен бөліну арқылы екі еншілес организм пайда болуы тэн. Керісінше, қоңыр және жасыл балдырлар, сонымен қатар бір клеткалы жануарлар (саркодалылар, талшықтылар мен инфузориялар) бөліну арқылы көбейеді, ол цитоплазманың тартылуымен митозды бөліну жолымен жүреді. Споралану Споралану балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі. Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтарымен суда қозғалып жүретін споралар зооспоралар деп аталады. Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде (тамыры, сабағы, жапырағы бар) жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады. Бүршіктену Бүршіктену кезінде аналық жасушада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену біржасушалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда, кездеседі. 1.Өркеннен бөліп көбею Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болатын өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты. қыстан аман қалған бірнеше данасынан жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты бетін жауып кетеді. (су өсімдігі). Жер астындағы өркендерден көбею Кейбір өсімдіктің метаморфозданған өркендері жер астында- топыраққа көмулі жатады. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркенін шығару арқылы көбейеді. Мұндай өсімдіктерді тамыр сабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды. Жер бетіндегі өркендерден көбею Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді Тамыр атпаларынан көбею Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында қосалқы бүршіктерінен өскен өркенді тамыр атпасы деп атайды. Мысалы, теректер, сұр қандыағаш, тал, ақ қарағай, сирень, малина, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, жантақ, бақ-бақ. Телу Телу – бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып екінші өсімдік денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплатация деп атайды. Телітуші, телінуші. Бұлардың әрқайсысын компоненттер деп атайды. Телуге қойылатын шарттар бар. Солар орындалған жағдайда оң нәтиже береді. Дәнекерленуі керек телітуші мен телінуші ұлпа көбінесе түрлі флоема, ксилема ағыс жолдары түзілу керек. Телінетін өсімдіктердің систематикалық жағынан жақын алу керек. Телу тәсілдері: Жанастыра телу Копулировка Қабық сатынан телу Кесінділе телу Беттестіре телу Жарықшақтап телу | Тапсырма : Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Негізгі ойды табыңыз. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Гүлде арнайы жыныс жасушалар - аталық пен аналық жыныс жасушалары түзіледі . Аналық жыныс жасушасы - жұмыртқа жасушасы аналықтың түйініндегі тұқымбүршікте түзіледі . Аталық жыныс жасушалары - аталықтағы тозаңқапта түзілген тозаңда орналасады .Тозаңдану аталық тозаңының аналықтың аузына келіп түсуі. Тозаңданудың мынадай түрлері болады : 1.Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүл аналығының аузына ( қос жынысты гүл ) түсуі . Мысалы ,ноқат, бидай. 2.Айқас тозаңдану бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүл аналығына түсуі . Айқас тозаңдануды бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді . Мысалы , жүгері. 3.Табиғи тозаңдану гүл тозаңдануының жел су жануарлар құстар және бунақденелілер арқылы іске асуы . Аналық аузына түскен тозаңының вегетативті жасушасынан жіңішке түтікше түзіліп өнеді . Тозаң түтікшесі ұзарып аналықтың жатынына жетеді .Тұқымбүршіктің ішінде жұмыртқа жасушасы және ең ірі жасуша болады .Тозаң түтікшесі тұқымбүршікпен түйіскенде спермийдің бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады . Мұны қосарлы ұрыұтану деп атайды . Ұрықтанудың бұл түрі тек жабық тұқымды гүлді өсімдіктерде кездеседі . Қосарлы ұрықтануды алғаш рет 1898 ж С.Г.Навашин ашқан . 4.Жасанды тозаңдану адам әрекетінің нәтижесінде тозаңдану , яғни аталық тозаңды аналығына салу. Ұрықтану- аталық және аналық жасушаларының қосылуы .Ұрықтану тозаңданудан кейін болады .Тозаңдану мен ұрықтанудың аралығында бірнеше минуттан (көксағыз) бір жылға (қарағай) дейін уақыт өтуі мүмкін. Ұрықтанған тұқымбүршіктен тұқым жатыннан жеміс дамиды . |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?