Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәні. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.4С_Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәні.

Сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4С Размножение

Мектеп: Петропавл қаласы, НЗМ ХБН

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың түрі:

Кіріспе сабақ

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәні.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар:

- өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюлерін сипаттай алады.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- өсімдіктердегі көбеюдің негізгі тәсілдерін сипаттайды;

- жынысты және жыныссыз көбею түрлерін салыстырады;

- жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәнін түсіндіреді;

- өсімдіктердің көбею тәсілдерін атайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

1) өсімдіктердегі көбеюдің негізгі тәсілдерін атайды;

2) әрбір көбею тәсіліне сипаттама береді;

3) әр түрлі көбею тәсілдеріне сәйкес өсімдіктерге мысалдар келтіру;

4) жынысты және жыныссыз көбею түрлерін салыстыру;

5) жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәнін түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: тақырып бойынша негізгі терминдерді пайдалану арқылы ауызша жауап беру дағдысын дамытады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

  • көбею
  • жынысты көбею
  • жыныссыз көбею
  • спорангий
  • спорофит
  • гаметофит
  • гамета
  • спермии (сперматозоидтар)
  • жұмыртқажасуша
  • ұрықтану
  • өсімді көбею
  • споратүзу
  • конъюгация

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жынысты көбею тәсілінде х бар, ал жыныссыз көбею тәсілінде у баржоқ

 Құндылықтарды дарыту

Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Экология – Биоалуантүрлілік.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ғаламтор, тапсырмалар

Бастапқы білім

Тірі ағзалар (жаратылыстану)

Жұмыс барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

2-4 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықты тексеру.

(Т) 2. Ой қозғау. Мұғалім оқушылардың ойын тірі ағзалардың негізгі қасиеті көбеюге әкеледі.

(Т) 3. Оқушылармен бірге тірі ағзалардың қасиеттерін талқылау.

  • Осыдан 3,5 млрд. Жыл бұрын тіршілік еткен тірі ағзалар біздің заманымызға жетті ме?
  • Тіршіліктің үздіксіздігін, ұрпақ жалғасын қамтамасыз ететін тіршіліктің қай қасиеті деп ойлайсыздар?

Ары қарай мұғалім өсімдіктердің көбеюінің бірнеше тәсілдерін көрсетіп, сабақта өтілетін тірі ағзалардың қандай тобы екеніне әкеледі.

Содан кейін оқушыларға суреттер беріліп, оларды екі топқа жіктеу тапсырылады және олардың арасында қандай айырмашылық бар екенін сұрайды.

(Т) 4. Оқушылармен сабақтың тақырыбын, мақсатын және жетістік критерийін тұжырымдау.

1 слайд Презентация MS PowerPoint

Таратпа материал 1

2-4 слайд Презентация MS PowerPoint

Сабақтың ортасы

5-8 мин

9-14 мин

15-19 мин

20-22 мин

23-28 мин

29-34 мин

35-37 мин

(Т) 1. Мұғалім оқушыларға «көбею» ұғымына анықтама беруді ұсынады. Содан кейін презентациядан өзінің нұсқасын шығарып, жазып алуды сұрайды.

(Ж) 2. Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің көбею тәсілдері жөнінде бейнероликтер көрсетіп, оқушыларға көру барысында толтыру қажет тірек сызбаларды ұсынады.

(Ж немесе Т) 3. Жасалған жұмысты қорытындылау үшін жұптық және мұғаліммен талқылаулар жүргізіледі. Оқушылардың назарлары бейнероликте аталған терминдерге аудартады (жынысты көбею, жыныссыз көбею, гаметалар, спермиилер, гаметофит, жұмыртқажасуша, ұрықтану). Әрбір терминнің ұғымын түсіндірмес бұрын мұғалім жаңа тақырыпты бекіту үшін әңгіме өткізеді. Ұрықтану процесімен оқушылар келесі сабақтарда тереңірек қарастыратынын айтады. Сыныптағы оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне қарай мұғалім оқушыларға термин мен анықтамасы жазылған кеспе қағаздарды таратуына болады. Тағы бір дифференциация ретінде қабілетті оқушыларға кеспе қағаздармен сәйкестендіру жұмысын ұсынып, ал қалған оқушыларға дайын кеспе қағаздарды беруге болады.

(Т) 4. Мұғалім оқушыларға тірек сызбаны толықтыру үшін жынысты көбеюдің түрлерін түсіндіреду. Оқушыларға сызбаның жалпы түрі көрсетіледі.

(П) 5. Жұптарға өсімдіктердің көбеюінің негізгі түрлері жазылған ақпарат қағазы беріледі. Ақпарат қағаздың екі жағында және әр түрлі болғаны дұрыс. Әр оқушы өзінің бөлігін ғана оқып, белгілеулер жасайды. Содан кейін жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде сұрақтар қойып, талқылаулар жүргізеді.

(И не П) 6. Оқушыларға жынысты және жыныссыз көбею тәсілдері туралы кестені толтыру беріледі. Оқушыларға кестенің үлгісі беріледі. Олар кестені толтырғаннан кейін дайын жауап экраннан көрсетіледі. Егер оқушылар бұл тапсырманы жеке орындаса өзара бағалауды жасауға болады.

(П) 7. Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің әр түрлі көбею тәсіледері берілген суреттерді алдымен екі топқа, кейін өз ішінде тағы бірнеше топтарға жіктеуді тапсырады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір оқушы өсімдікті неге осы топқа жатқызатынын түсіндіруі қажет. Қабілеті жоғары оқушыларға сыныпта тұрған өсімдіктерді жіктеуге тапсыруға болады.

5-8 слайд Презентация MS PowerPoint

https://www.youtube.com/watch?v=zo_BksxNY4s (өсімдіктердің көбеюі.

0.47 – 5.03)

Таратпа материал 2-3

9-10 слайд Презентация MS PowerPoint

Таратпа материал 4

11-12 слайд Презентация MS PowerPoint

Таратпа материал 5

Кеспе қағаздар «өсімдіктер әлемі» http://www.liveinternet.ru/users/maknika/post253008302/

Сабақтың соңы

38-40 мин

Үй жұмысы:

  • Конспекті оқу
  • Жаңа терминдерді қайталау.

«Сөйлемді жалғастыр»:

  • Маған қызықты болды…
  • Біз бүгін ….
  • Мен бүгін түсіндім…
  • Маған қиын болды…
  • Келесі сабақта мен…

13-14 слайд Презентация MS

PowerPoint

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға карточкалар, үлестірме материалдар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген.

W = бүкіл сыныпты оқыту

G = топтық жұмыс арқылы жасушаларды өзара салыстыра алады.

I = жеке жұмыс. Талқылау сұрақтары арқылы.

I = жеке жұмыс. Проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу