Хромосомалар. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы: Хромосомалар

Мектеп: Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалім: Дюсенбинов А.К.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

  • Әрбір түрдің белгілі бір хромомомалар саны болатынын білу
  • Соматикалық жасушаның әрбір ядросында бірдей хромосомалар болатынын білу.
  • Жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны екі есе кем екенін білу.

 Сабақтың мақсаты

- Оқушылар орындай алады:

  • Әрбір түрдің белгілі бір хромосома санының болатынын біледі.
  • Хромосомаларда ДНҚ - генетикалық материал болатынын түсінеді.
  • Жасушалар санының көбеюі жасушаның бөлінуінен басталатынын, жасушаның бөліну жолдарын біледі.
  • Соматикалық жасушаның әрбір ядросында бірдей хромосомалар болатынын біледі.
  • Жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны екі есе кем екенін түсінеді.

Жетістік

критерийі

 

  • Әрбір түрдің белгілі бір хромосома санының болатынын біледі.
  • Соматикалық пен жыныс жасушалар айырмашылығын біледі

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Әр түрге тән хромосомалардың пішіндері мен сандары жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары бар екендігін ауызша сипаттайды. Хромосомаларда генетикалық материал-ДНҚ болатынын және хромосомаларда ДНҚ құрамындағы гендердің орналасуы туралы мәліметтерді тыңдайды, түсінеді. Кесте түрінде кілт сөздерді пайдаланып , биологиялық диктант түрінде жаза алады.Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ой-пікірін жеткізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Ядро- клеточное ядро – Nucleus
  • Хромосома – Сhromosome. Ақуыз- белок- Protein
  • Гендер, ДНҚ қос шиыршық.
  • Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
  • Хромосомалар қайда орналасады?
  • Хромосомалар қалай комплектіленген/ұйымдасқан?
  • Олар (х) қанша?
  • Ал ДНҚ қайда орналасады деп ойлайсың?
  • Ген(дер ) қандай қызмет атқарады?

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмалармен жұмыс жасау барысында академиялық шыншылдықты бойына дарытады. Топтық жұмыс арқылы бір-біріне деген құрмет арта түседі.

 Пәнаралық

 байланыстар

Жануартану, өсімдіктану пәнімен тікелей байланысты

 АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтор ресурстарымен, видео көріністермен жұмыс жасайды

Алдыңғы білім

Жасуша-тірі ағзалардың негігі құрылымдық бірлігі екендігін білуі керек.(6-сынып)Түр ,белгі ген ұғымдарын білулері қажет.(6-сынып)

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдері

Оқыту ресурстары.

Ой қозғау

0-7 минут

8-11 мин

12-17

Жұбыңды тап: Қосымша 1

Оқушылар жасуша компоненттерін атайды.

Сұрақтар:

  • Қандай компоненттерді біз атаған жоқпыз?
  • Ядроның маңыздылығы қандай?
  • Неліктен?

Оқушылар сабақ тақырыбына шығып, сабақ мақсаттарын жұптарымен ойластырады. Қажет болған жағдайда мұғалім толықтырады.

«Гены, ДНК и хромосомы» денген бейне байан көру

Хромосомалар-ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратынын және жасуша ядросының аса маңызды бөлігі екенін айтамын.Әр түрге тән хромосомалардың пішіндері мен сандары жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары болады.

(оқушыларға адам,жылқы,бақа,дрозофила жүгері,бұршақ суреттері салынған шапкаларды бастарына кигіземін)

Аталған ағзаларда қанша хромосома болатынын тақтадан көрсетемін.

Ағзалар

Хромосома саны

1

Дені сау адам

46

2

Жылқы

66

3

Бақа

26

4

Дрозофила шыбыны

8

5

Жүгері

20

6

Бұршақ

14

Оқушылар ілулі тұрған сандар жазылған жапсырма қағаздарды шапкаларына өздері жабыстырып алады.(сабақ соңына дейін киіп отырады есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылған)

Хромосомалардың толық жиынтығы –диплоидті ал оның жартысын гаплоидті деп атайтынын айтамын.

Қосымша 1

Слайд 1

Слайд 2-4

видео

Слайд 5-6

Слайд 7

18-28 мин

29-36 мин

Оқушыларды топқа бөлу:

1топ:

  • Хромосома құрылысын зерттеу

2 топ:

  • Соматикалық жасуша(гадлоидты)

3 топ:

  • Жыныстық жасуша(диплоидты)

Оқушылар жетістік критерийлерін ұсынады

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Өзара бағалау: негізгі сипаттамаларын дәптерге жазу

Слайд 8

А3 қағаздары

ИТ, кластерлер

Соңы

37-40

Рефлексия.

Рецепт

Үй тапсырмасы:Хромосомалар ДНҚ-ны өзіндік зерттеу.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Барлық оқушылар: ДНҚ және ген ұғымдарының мәнін анықтайды;

Оқушылардың көбі:

ДНҚ, хромосома, гендер арасындағы байланысты сипаттайды;

Кейбір оқушылар:

Хромосома-днқ-ген- белок ұғымдарын ғана ажырата алады.

Қабілеті жоғары оқушылар өздері жеке жұмыс жасай отырып ленталарды пайдаланып ДНҚ сұлбасын құрастыра алады.

Бағалау – сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз.

(1 )қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, топтық тапсырма нәтижелері арқылы

(2) Хромосомаларда ДНҚ генетикалық материал болатынын білудің маңызы туралы қорытындылар мен білімдерді қолдануға қатысты топтық талқылаулар

(3) нәтижелерді бағалау – қалыптастырушы бағалау тапсырмалары бойынша бағалаймын

Оқушылардың топпен іс-әрекетте белсенді әрекетін,өз пікірін жеткізе алуын ескеремін

Оқуаралық байланыстар Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау. Байланыс АКТ

Химия,ағылшын тілі, экология.

Жұппен және топпен жұмыс істеу, басқалардың пікірін сыйлауды, достарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамыту. Сабақ барысында конфеттерді пайдаланғанда зертханалық процедураларды жүргізу кезінде қаіпсіздік техникасының дұрыс сақталуын қамтамасыз етемін

Егер оқушылар конфетті жейтін болса столдарға қағаз сүлгі үлестіріп беремін.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақта оқу атмосферасы өте жақсы болды.Оқушыларды өзіндік жұмыс жасату барысында сабаққа белсенділігі көрініп тұрды. Жоспарға сәйкес енгізген өзгерісім қосымша тапсырманы кесіп желімдеп ДНҚ –ның 3Д моделін жасауды қосымша сабаққа қалдырдым .Сондықтан уақытты сақтадым.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:Оқыту және таныту

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:Өзіндік жұмыс жасату арқылы есте сақтау қабілетін арттыру танымын дамыту.

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?

Топтардың жұмысын жандандыру.Сұлбаны құрастырудың бағыттаушы үлгі суреттерді қабырғаларға іліп қою.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу