Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша № 1
Ген(грек. genos — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады.
Қосымша № 2
Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды. Рецессивті ген басылыңқы белгі болып табылады. Кейбір доминантты және рецессивті белгілер 1-кестеде берілген.
1-кесте
Доминантты гендер | Рецессивті гендер |
Қоңыр, қатты, бұйра шаштар | Ашық реңді, тік, жұмсақ шаштар |
Қоңыр көз | Ашық реңді көз |
Үлкен мұрын | Жіңішке мұрын және танауы кішкентай |
Иегі үлкен | Иегі жіңішке |
Қалың ерін | Жіңішке ерін |
Қара торы тері | Ашық реңді тері |
Қосымша № 3
Гендер туралы қызықты мәліметтер
«Қордағы гендер» | Адамда 35 мыңға жуық ген бар, бірақ соның тек шамалысы ғана маңызды ақпаратты береді. Сұрақ туындайды, неге керек «мағынасы» жоқ гендер? Бұны ғалымдар ДНҚ молекулалар дұрыс орналасу керек және өздеріне тән реттілікті сақтау үшін керек деп түсіндіреді. |
«Генге не байланысты» Жыныс – 100% Бой – 80% (ерлер үшін), 70% (әйелдер үшін) Қан қысымы – 45% Қорылдау – 42% Рухани – 40% |
Қосымша № 4
Адамның хромосомасы туралы қызықты фактілер
Хромосома – жасушаның ядросында орналасады, құрамында ДНҚ бар жіп тәрізді, тұқымқуалаушылық ақпаратын сақтайды. Адамда 22 жұп хромосома бар және бір жұбы жыныс хромосомасы.
Қызықтысы, «хромосома» грек тілінен аударғанда «түс» деген мағынаны білдіреді. Бұндай атты хромосомалар, әртүрлі түске бояла алатындықтан ие болған..
Хромосомалар ДНҚ молекуласынан тұрады. Адам - биологиялық түр, жынысты жолмен көбейеді және диплоидты сомалық жасушасы бар. Құрамында хромосоманың екі жұбы болады. Біреуі-анасынан, екіншісі-әкесінен тұқым қуалайды. Аутосомалы хромосомалар 1-22 дейін, соңғы жұбы жыныс хромосомасы, Х- анасынан, ал екіншісі Х немесе У әкесінен беріледі.
Хромосоманың өзгерісі ағзада генетикалық ауытқушылықтарды туғызады.
Алғаш рет хромосомалар өсімдік жасушасынан табылды. Одан кейін Ван Бенеденаның аскарида құртының ұрықтануы монографиясы зерттеуді әрі қарай дамытты. Әрі қарай Август Вайсман зерттеп, жасушалық ядро тұқымқуалаушылық ақпаратты сақтайтынын анқтады.
Бұл зерттеулер үлкен жаңалық болды, бірақ әлі де болса ашылмаған заттар өте көп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?