Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: ФМБ НЗМ Ақтөбе қаласы

Сабақтың тақырыбы:

Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлі

Сабақтың типі: жаңа мәліметті игеру

Сабақтың түрі: жоба

Күні:______________

Мұғаілмнің аты-жөні: Трубникова Л.В., Успанова Г.Б.

КЛАСС: 7 ____

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

- белгелерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіреді

 Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- гендердің орналасуын анықтайды және олардың белгілерді анықтаудағы рөлін түсінеді.

- топта жұмыс жасай біледі, өзінің ойын еркін білдіреді, өзгелердің пікірін тыңдайды.

 Тілдік мақсаттар

Генетикалық материалдың рөлі туралы негізгі мәліметтерді сипаттай алу, түсіндіре білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

ДНҚ, хромосома, қос шиыршық, генетикалық материал, ақуыздар, гендер.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

ДНҚ қайда орналасқан?

Бұл не …

ген (-дер) қандай қызмет атқарады?

Хромосомалар қалай комплектіленген/ұйымдасқан

 Бағалау критерийлері

Ген терминіне анықтама береді.

Белгілерді анықтауда гендердің рөлін анықтайды.

Алғашқы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» курсы бойынша тірі ағзалардың ерекшелігін біледі. Зерттеу жұмысына жоспар құра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

3 мин

1 мин

Ұйымдастыру (сәлемдесу)

Сәттілік тілеу

Миға шабуыл: «Сандар сөйлейді»

Оқушылар слайдта көрсетілген мәліметті оқып, онда берілген сандардың мағынасын ашуға ұмтылады.

Егер оқушыға тапсырма қиындық туғызса, мұғалім бағыт-бағдар беретін сұрақтар қояды.

Мысалы, суретте берілген ағзалар неге әртүрлі?

(Ж: Сандар гендердің санын көрсетіп тұр. Әрбір түрдің өзіне тән гендердің саны бар.)

Егер сыныптағы оқушылардың деңгейі жоғары болса,миға шабуылда мәселені шешудің жолдарын ұсынуды қарастыруға болады.

Миға шабуыл: «Мәселені шешу»

Автокөлікті жүргізу өте қиын мәселе болып табылмайды. Тек жай ғана ережелерді сақтай білу керек, сонымен қатар бірнеше рет қайталап, дағдылану қажет. Бірақ, неге кейбір адамдар бұны меңгере алмайды?

(Ж: Генетиктер еске әсер ететін арнайы геннің тізбегін тапты, олар ортада бағыт-бағдар мен реакция жылдамдығына әсер етеді. Осындай гені бар адамдар, олар Жер бетінде 30 пайызды құрайды, мүмкіндігінше рөлге отырмау қажет.)

Мұғалім бағыт беретін сұрақтарды қоя отырып, оқушыларды тақырыптың аты мен мақсатын құрастыруға алып келеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылайды.

Слайд № 1

Слайд № 2

Слайд № 3

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

3 мин

15 мин

4 мин

(Р) Тапсырма № 1 «Рет-ретімен орналас »

Слайдта ретсіз орналасқан сөздерді логикалық реттілікпен үлкенінен кішісіне қарай орналастыру қажет.

(Ж: Ядро→Хромосома→ДНҚ молекуласы→ Ген (ДНҚ бөлігі) )

Оқушылар өздерінің жауаптарын өзге жұптармен тексеріп, өзгертулер енгізе алады. )

(I) Тапсырма № 2 «Сипаттама беріңіз»

Ген термин сөзіне сипаттама беруді сұраңыз.Оқушылар ген терминінің анықтамасын құрастырады. Мұғалім оқушылардың берген анықтамасын түзейді.

(Ж: Ген— ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.)

(Р) Тапсырма № 3 «Қалып қойған сөзді жазыңыз»

жасуша ––... –– ... ––... –– ... –– ... –– белгі

(төмен оқушыларға ұсынатын сөздер: ядро, хромосома, ДНҚ, ген, нәруыз, белгі)

(Ж: Жасуша_Ядро_Хромосома_ДНҚ_Ген_Нәруыз_Белгі)

Тапсырма № 4

(G)Оқушылар топта мини-жобалармен жұмыс жасайды..

Мини-жобалардың тақырыптары:

  • Біз кімге ұқсаймыз?
  • Египет фараондарының төменгі байланысы
  • Кластың суретін жаса (оқушылар кластағы оқушылардың фенотиптік белгілерін зерттейді және суретін салады)
  • Гендерге не тәуелді?

Критерийлер:

  • Мақсат пен міндеттерді құрастырады.
  • Негізгі терминдер мен жобаның тақырыбы бойынша материалдарды біледі.
  • Жобаның тақырыбын ашады.
  • Өзінің көзқарасын білдіреді, дәлелдейді.
  • Әртүрлі әдебиеттерден керекті мәліметті таба алады.
  • Қорытындылай алады.

Бір-бірін бағалау (жобаның соңында оқушылар топтарды бағалайды)

Тапсырма № 5 «Дұрыс/Бұрыс»

(I)Егер оқушылар берілген сөйлеммен келіссе қаламды көтереді, егер келіспесе қаламды көтермейді. (Графикалық диктант ретінде өткізуге болады: дұрыс «+» белгісімен, бұрыс «-» белгісімен).

1. Хромосомалар жасушаның цитоплазмасында орналасады. (бұрыс)

2.ДНҚ бөлігін геном деп атайды (дұрыс)

3.Ген нәруыздың бірінші реттік құрылымы туралы мәліметті тасымалдайды (дұрыс)

4. Ген – тұқымқуалаудың элементар бірлігі. (дұрыс)

5. Ретімен: Жасуша_ Хромосома_ Ядро_ ДНҚ_ Нәруыз_ Ген_ Белгі (бұрыс)

Оқушыларға қиындық туғызған сөйлемдерді талдау.

Слайд № 4

Слайд № 5

Слайд № 6

Слайд № 7

Дидактикалық материал

Қосымша № 2,3

(дидактикалық материал)

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Нені білдім.........

Қайда қолданамын......................

Үй тапсырмасы: Белгілердің берілуіндегі гендердің рөлі туралы 1 минуттық әңгіме құрастырыңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ба? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік.

АКТ-мен байланыстар.

Құндылықтармен байланыстар (тәрбие элементтері).

Барлық оқушылар:

Ген терминіне анықтама бере алады.

Көпшілік оқушылар:

белгілерді анықтауда гендердің рөлін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Тұқымқуалаушылық белгілердің берілуін айтады. Тек қана оқушылар һдың сұрауы бойынша, қосымша мәлімет ұсынылады.

Бір-бірін бағалау – жобаның критерийлері бойынша бағалау

Тарих –гендер туралы қызықты фактілер (тарихи фактілер)

Сабақ барысында кабинетте техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

АКТ-мен байланыс – презентация

Құндылықтармен байланыстар – өзінің пікірін ұстану, дәлелдеу, идеясын жеткізе білу, құрдастарының пікірін тыңдау, сыйлау.

Рефлексия (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Оқушылар бүгін не оқып білді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және не үшін?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңыздан ой түйіндеу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Жалпы бағалау (сабақ өткізілгеннен кейін толтырылады)

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты болды (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан сынып пен жекелеген оқушылар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Josephviarm
    Josephviarm 14.09.2024 10:05
    0 + 0 -
    Модные заметки по подбору отличных луков на любой день.
    Заметки экспертов, новости, все дропы и шоу.
    https://ekbtoday.ru/news/2024-09-10-demna-gvasaliya-pereosmyslyaya-modu/