Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4А-бөлім: Селективті көбею және эволюция

Тұқымқулаушылық пен өзгергіштік

Мектеп:

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аянасова Л.А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

  • Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу

 Сабақ мақсаттары

  • Өзгергіштік түрлерін ажырата алу;
  • Үздіксіз және үзік өзгергіштікке мысалдар келтіру;
  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік байланысы;
  • Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу

 Бағалау критерийлері

  • Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік терминдеріне анықтама бере алады;
  • Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді ажырата алады;
  • «Генетика», «ген», «аллель», «басыңқы/доминантты», «басылыңқы/рецессивті» терминдерге түсінік бере алады;
  • Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттей отырып, модельдей алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік
  • байланыс, корреляция, қатынас
  • зерттеу, айнымалылар, мәліметтер
  • диаграмма, скаттерграмма, график
  • өлшеу, ашу, белгілеу

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

X және Y арасында байланыс/корреляция бар ма екенін анықтай/аша/таба аламыз?

Біріншіден/соңыра/кейін біз/біздің топ ... деп өлшеді/ашты/белгіледі/тапты.

График/скаттерграмма Х-тің Y-тен айнитынын, сол уақытта Z-тің (түрлендірме) А-ға (түрлендірме) айнитынын көрсетеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу, жаһандық азаматтық.

  • Жаңа тақырыпты меңгеру
  • Зерттеу жұмысы

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Генетика /Медицина

Математика

Қазақ әдебиеті

Кезең

Жаңа сабақты меңгеру

Зерттеу жұмысы

Мақал-мәтел

 АКТ қолдану дағдылары

Зерттеу/модельдеу жұмысы

Бастапқы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан өсімдіктер мен жануарлардың көбеюі туралы және оларға тән белгілердің ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту сәті

0-2 мин

2-3 мин

3-8 мин

1.«Мен кімге көбірек ұқсаймын?» тапсырмасында оқушыларға ата-анадан тарайтын белгілер тізімі көрсетілген. Тапсырмада кестемен қатар оқушылардың түрлі бейнесі салынған суреттер де бар. Кестедегі сұрақтарға жауап бере отырып, «оқушы бейнесін» түрлі түсті қарындаштармен (басқа да құралдармен) бояйды. Сурет жанына оқушының бойындағы әртүрлі белгілердің ата-ананың қайсысынан таралғандығын анықтайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артады.

2. Кейін сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты айқындалады (оқушылар анықтайды):

  • Ата-анаңнан берілген белгілер саны қанша/қандай?
  • Ата-анаңа мүлдем ұқсамайтын бойыңдағы белгіні ата? т.с.с

Сабақ тақырыбы: Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер

Сабақ мақсаты: адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу

Бағалау критерийлері таныстырылады.

3.Жеке/Жұптық жұмыс!

Оқушыларға тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы қысқаша мәлімет беріледі. Оқушылар жеке дара мәліметті оқып, кейін жұпта түсінген ақпаратты талдайды.

«Мен кімге көбірек ұқсаймын?» дидактикалық материал

Презентация

Слайд 1

Презентация

Слайд 2

Слайд 3

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

8-11 мин

11-12 мин

12-14 мин

14-16 мин

16-19 мин

19-20 мин

20-38 мин

38-40 мин

4.Адам дамуының негізгі кезең ерекшеліктеріне шолу жасай отырып, оқушылардан екі бағанда тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілердің тізімін дәптерге жазуды сұрау.

Кейін ұрпақтан ұрпаққа ата-анадан түрлі белгілердің тасымалданып, ал кейбірі жүре пайда болатындығын сыныппен талдау жүргізу.

Мысалы: шаш құрылымы, шаштың түсуі, көздің түсі, бойы, саусақтың саны, қолдың меңгерілуі т.с.с. Тіпті мінез-құлық, өнер, қызығушылық, түрлі қабілеттер де таралатындығын баяндау. Сондықтан қазақ халқының «отбасы/тұқымқулау» тақырыбында түрлі мақал-мәтелдер бере отырып, құндылықтарды дарыту.

5. Генетикаға қысқаша шолу! Терминдер!

Белгілердің ата-анадан тұқымқуалауы мен жүре пайда болған өзгеруді зерттейтін ғылым саласын – генетика деп атайды.

Оқушы үшін арналған кейбір терминдерге түсінік беріледі.

6. Тұқымқуалаушылық туралы бейнебаян көрсету! Оқушылар бейнебаян көрген соң, тіпті тұқымқуалайтын аурулардың да таралатындығымен танысады.

7. Миға шабуыл!

Егер де ақ аю мен қоңыр аюдың мекен ету ортасын алмастырса, тіршіліктерін жалғастыра алады ма? Неліктен? мұндай сұрақтар арқылы ағзалардың түрлі мекен ету ортасына байланысты бейімделуімен қатар өзгеретіндігі туралы түсінік қалыптасады.

8. Зерттеу жұмысы! Сыныпқа зерттеу жұмысы ұсынылады.

  • Сыныптағы оқушылардың бойындағы белгілерді зерттеу арқылы, өзгергіштіктің тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын түрлерімен танысу.
  • Күлтебасы падубы, қысқы жидек (Ilex verticillata) немесе басқа да өсімдік жапырағымен зерттеу жүргізіп, өзгергіштік түрлерін талдау

9. Жеке жұмыс! Толықтыру!

Оқушылар адамның әр түрлі сипаттамаларына сәйкес тұқымқуаламайтын және тұқымқуалаған белгелерге ажыратылған бағандарға толықтырулар енгізе отырып, кесте толтырады.

Презентация

Слайд 4-6

Слайд 7-8

Слайд 9

Слайд 10-11

Бейнебаян

Слайд 12-13

Слайд 14 Медициналық бөлмеде орналасқан таразы (мүмкін болса, мектеп дәрігерімен өлшем жүргізу), сызғыш, өшіргіш, қысқы жидек, күлтебасы падубы (немесе кез – келген өсімдік жапырақтары) 20-30 данасы

Слайд 15

Дәптер

Сабақтың соңы

40-43 мин

43-44 мин

44-45 мин

Бағалау: тапсырмалар барысында мұғалім, жеке дара оқушы және жұпта төмендегі бағалау критерийлерге сүйене отырып, бағалауға болады.

  • «Мен кімге көбірек ұқсаймын?» тапсырмасын орындай алады;
  • Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы қысқаша мәліметті оқып, жұпта талдай алады;
  • Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілердің тізімін дәптерге жаза алады;
  • «Тұқымқуалаушылық» тақырыбына мақал-мәтелдер айта алады;
  • Бейнебаяннан кейін кейбір тұқымқуалайтын ауруларды атай алады;
  • Өзгергіштік туралы жалпы түсінік бере алады;
  • Сыныптағы оқушылармен (сұхбат жүргізу арқылы кестені толтырады ) зерттеу жүргізе алады.
  • Жапырақтардың өлшемін жүргізіп, салысытрады;
  • Зерттелген жапырақтардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттап, үздіксіз/үзік өзгергіштіктерді ажыратады және жиналған мәліметтер бойынша гистограмма құра алады.

Рефлексия.

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгере алдың?

Оқушыларға сызғыш/қағаз таратылады. Әр оқушы сызғыштың 0-10 арасын пайдаланып, жаңа тақырып бойынша білім деңгейіне сәйкес келетін бағанды анықтап, сұраққа жауап береді.

Кері байланыс! Мұғалім әр оқушының жетістігі/ іс-әрекеті туралы кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы: Қайталау!

Стикер/Тақта/т.б.

Cлайд 16

Слайд 17

Сызғыш/қағаз

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу