Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


ДНҚ молекуласының өзі - шиыршықтала майысқан екі тізбекті молекула. Екі тізбек бір-біріне комплементарлы, себебі аденин (А), цитозин (Ц) , тимин (Т) және гуанин (Г) негіздерді жұптау ережесі бойынша нақты жұптар түзеді: А үнемі Т-мен, ал Ц үнемі Г-мен жұптасады. Тек бір тізбек қана жасушаға керекті нақты генетикалық нұсқауларды тасымалдайды. Ал екінші тізбек кодталатын тізбекке комплементарлы, ол жасуша бөлінерден бұрын ДНҚ-ның көшірілуі кезінде қажет.

1868 жылы швейцариялық биохимик Ф. Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан (латынша «nykleus»-ядро) тапқандықтан нуклеин қышқылы деп атады. Нуклеин қышқылдары – қарапайым құрамымен сипатталатын және нуклеотидтерден, көмірсудан, фосфор қышқылының қалдығынан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. ДНҚ – қандай ақуыз түзу керектігін нұсқайтын генетикалық ақпарат тасымалдайтын жасушадағы ұзын тізбекті макромолекула. Генетикалық код молекула бойымен ұзыннан тізбектеліп орналасқан аденин, тимин, гуанин және цитозин деп аталатын төрт негізден тұрады. Негіздердің орналасу реті жасушаның қандай ақуыз жасайтынын анықтайды. ДНҚ тізбегі әр дарада әртүрлі болады, тек бір жұмыртқалы егіздерде ғана бірдей болады! Нуклеин қышқылдары – биополимерлер, мономері болып нуклеотид (қарапайым бірлік) саналады. Чаргафф, ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты. Э. Чаргафф адениннің саны тиминмен бірдей: А = Т, ал гуаниннің саны цитозиннің санына Г = Ц сәйкес екенін анықтады. ДНК полимерге жатады, оның мономерлерінің рөлін төрт нуклеотид (аденин, тимин, цитозин, гуанин) аткарады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу