Белгілерді анықтауда гендердің рөлі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Белгілерді анықтауда гендердің рөлі

Оқу мақсаты:

  • Белгілерді анықтауда гендердің рөлін түсіндіру

 Сабақ мақсаты:

Оқушы біледі:

  • Ген түсінігі,басым,басылыңқы гендер.
  • Белгілерді тұқымқкуалаудағы гендердің рөлі.

Оқушы түсінеді:

  • Белгілердің тұқымқуалауы және сақталуы.

Оқушы жасай алады:

  • Басым және басылыңқы гендерді ажыратады
  • белгілердің тұқымқуалаудағы себеп-салдырды табады,анықтайды.

 Бағалау критерийі

Белгілерді анықтауда гендердің рөлін анықтайды

 Тілдік мақсаттар:

Пәндік терминология:

ядро, хромосома, генетикалық материал, ген, ДНҚ, қос орама, нәруыз, альтернативті белгілер, басым-доминантты белгілер, басылыңқы-рецессивті.

Құндылықтарды дамыту:

Еңбек және шығармашылық.Ынтымақтастық.

 Пәнаралық байланыстар:

Химия

АКТ қолдану:

Интернет ресурстарымен жұмыс істеу

Жоспар

Мерзімі

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

2 мин

5 мин

Ұйымдастыру.Өзара салем беру.

Сергіту сәті.

Біз бір-бірімен немен ерекшеленеміз?

- көз түсі, құлақ пішіні, қол ұзындығы, аяқ киім мөлшері және т.б.

Неліктен әр адам ерекше болады? Бұл немен байланысты?

-Тірі ағзалар ұқсастықтарға ие,бірақ сонымен бірге ерекше белгілері де бар.Сондықтан олар табиғатта ерекшеленеді.

-Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын мен мақсатын анықтау.

Презентация

8 мин.

3 мин.

9 мин.

3 мин.

Түсіну

Оқушылар өздігінінен төмендегісөйлемдерді жалғастырады.

Ген – бұл . . .?

Мұғалім лекциясы

Ген(грек. genos — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік.

Белгі (признак) - өсімдік пен жануардың анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық, өнімдік қасиеттері. Сапалық жөне сандық белгі деп екі топқа бөлінеді. Сапалық б.-ге өзіндік ерекшелігі айқын, бір-біріне қарама-қарсы жұп құратын, әрқайсысына сөз жүзіңде толық анықтама беруге болатын өнімдік немесе биологиялық қасиеттер жатады. Мысалы, малдың түсі, қан тобы, қан сарысуындағы белоктің түрлері, т.б. Сандық б.-ге ерекшелігін белгілі бір өлшеммен ғана анықтауға болатын өнімдік және биологиялық қасиеттер жатады. Мысалы, малдың салмағы, сүттілігі, еттілігі т.б

Бейнебаян қарау

Мұғаліммен бірге талқылау

Тапсырма1. Жұптық жұмыс

-Жұптағы оқушы кесте бойынша ата-анадан қандай белгілерді тұқымқуалағаның анықтау.

Тапсырма 2.

Сыныпта статистикалық зерттеу жүргізу: қанда оқушы ұқсас және ерекше белгілерге ие (көз түсі,құлақ қалқаны және т.б.)

Тапсырма 3.

Айса жолбарысының ұрпағы әрдайым жұмсақ мінезді және тез үйренеді.Айса және басқа да жолбарыстардың агрессия гені қалай көрінеді?

http://biolicey2vrn.ru/index/osnovnye_ponjatija/0-629

https://www.youtube.com/watch?v=vYneUU6cTH0

Кесте

Қосымша 1

8 мин.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау

ҚБЖ

2 мин.

Рефлексия: жетондағы жазбалар

  • Мен білдім
  • Жеңіл болды
  • Қиын болды
  • Маған ұнады

Презентация

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Сыни тұрғысынан геннің маңызы ,тұқымқуалаушылық ақпарат қалай берілетінің талдауына басты назар аударту.

Барлық оқушылар:

Ген түсінігін талдай алады,түсіндіреді.

Көпшілік оқушылар:

Белгілердің түрлерін анықтайды,ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Геннің көрінбеуі және көрінуінің жағдайларын себеп салдарын ситапттайды және талдайды

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

Бағалау жоспарланған бағалау критерийлері және қалыптастыру бағалау жұмысы арқылы жүргізіледі. Жұптық жұмыс жасаған кезде өзара бағалауды қосымша қарастыруға болады.Сабақ соңында өз-өзін бағалауы тиімді болады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Интеракиивті тақтаны қажет уақытында қосып отыру.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды?

Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?

Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?

Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу