Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. Биология, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. Хромосома саны.

Оқу мақсаты:

8.2.2.1 генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіру

8.3C-БӨЛІМ: ГЕНЕТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

Тұқымқуалау ақпаратының орналасуы

Хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888).

https://twig-bilim.kz/kz/film/inheritance-part-1

Жұп хромосомаларды – гомологты деп атайды. Адам ағзасында 23 жұп хромосома болады. 22 жұбын аутосомды(бірдей) хромосомалар деп аталады. Тек соңғы 23-ші жұбы жыныс жромосомалары. Жынысты анықтайды.

Диплоидты хромосома (2n) – 46. Дене жасушаларында орналасқан.

Гаплоидты хромосома (n) – 23. Жыныс жасушаларында орналасқан.

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-dna

ДНҚ дегеніміз не?

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.

А – аденин

Г – гуанин

Ц – цитозин

Т – тимин

Ген(грек. genos — тұқым, тек) ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.

Ген – белгілі бір ақуыздың

өндірілуін кодтайды.

Үйге тапсырма:

ДНҚ моделін құрастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу