Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Шеткі жүйке жүйесі – бас ми мен жұлынның шегінде орналасатын жүйке жүйесінің бір бөлігі. Шеткі жүйке жүйесі арқылы ми мен жұлын барлық жүйе, аппарат, мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеп отырады. Шеткі жүйке жүйесіне (pars peripherica) бас ми және жұлын жүйкелері, ми мен жұлынның жүйке тораптары, вегетативті (автономды) жүйке жүйесінің түйіндері мен жүйкелері жатады. Бұған ұлпалар мен мүшелерде орналасқан сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге сезімтал сезім аппараттары (жүйке ұштары), оған қоса жүйке ұштары – ағзаның бейімделу реакцияларына жауап беретін бұлшықеттерге, бездерге және басқа да мүшелерге (ұлпаларға) импульсті өткізетін эффекторлар жатады. 

Шеткі жүйке жүйесі жүйке талшықтарының (аксондар) шоғырлануынан қалыптасқан жүйкелерден тұрады. Нейрондардың екі түрін бөліп қарастырады: афферентті нейрондар әртүрлі мүшелер мен рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал эфферентті жүйке талшықтары қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге өткізеді. Осылайша, шеткі жүйе ақпаратты орталық жүйке жүйесі мен басқа мүшелерді байланыстырады. Шеткі жүйке жүйесін жүйкелердің екі түрі құрайды: ми жүйкесінің 12 жұбы және жұлын жүйкелерінің 31 жұбы.

Вегетативті жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі мүшелердің қызметін, зат алмасуды, гомеостазды байланыстырады және реттейді. Оның қызметі орталық жүйке жүйесіне, соның ішінде ең алдымен ми қыртысына бағынады.

Вегетативті жүйке жүйесінің іс-әрекеті еріксіз , санасыз жүзеге асырылады және адам еркімен басқарылмайды.

Адамның қалауы бойынша ас қорытуды жылдамдатуға, жүрек жұмысын баяулатуға, тамырлар арнасын кеңейтуге немесе тарылтуға , тер бөлуді тоқтатуғаболмайды.

Вегетативті жүйке жүйесі өзінің қызметін атқару барысында сомалық жүйкемен тығыз байланыста болады және организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне қатысады.

Құрылыс ерекшелігіне және атқаратын қызметіне байланысты вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Егер симпатикалық бөлім жүрек іс-әрекетін қоздырса, парасимпатикалық бөлім баяулатады.

Симпатикалық бөлім ішектің жұмысын тежейді, ал парасимпатикалық жүйе қоздырады.

Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерде орталық және шеткібөліктері бар.

Симпатикалық бөлімнің орталық бөлігі ми мен сопақша мида орналасқан. Жүйке жасушаларының мұндай шоғырларын вегетативті ядролар деп атайды.

Шеткі бөлігін вегетативті ядролардан тарайтын талшықтар құрайды. Оларды екінші түйіндер деп атайды.

Ядролардан тарайтын  талшықтар омыртқа жотасы бойында орталық жүйке жүйесінен тыс симпатикалық жүйке түйіндерін түзеді.

Парасимпатикалық ядролар ортаңғы ми, сопақша ми бөлімдерінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады.

Жүйке талшықтары сопақша ми ядроларынан шығып, кезбе жүйкенің құрамына кіреді.

Парасимпатикалық ядролар орталық жүйке жүйесінен тыс, мүшелерге жақын түзіледі және олардың талшықтары жүйке импульсін қысқа өткізігіш жолдар арқылы ішкі мүшелерге, теріге, қан тамырларына, тері бездеріне, сезім мүшелеріне береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу