Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі. Биология, 7 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғыты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.
Сабақтың мақсаты:
«Рефлекс» ұғымын және рефлекстің түрлерін түсіндіру;
«Рефлекторлық доға» мен оның құрамдас бөліктерін зерттеу.
Рефлекс пен рефлекторлық доғаға мысалдар келтіру.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе.
Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды.
РефлексРефлекс
Рефлекс – бұл ағзаның рецепторлардың тітіркенуіне ессіз жауап реакциясы.
Кез-келген тітіркендіргіш ағзаның кері жауап қайтаруын тудырады. Мысалы: ыстық заттан қолымызды бірден тартып аламыз. Бұл реакция «рефлекс» деп аталады. Рефлекс болу үшін жүйке импульсі тітіркендіргішті сезу мүшесінен эффектор мүшеге өтуі тиіс.Жүйке импульсінің рецептордан эффекторға өтетін ара қашықтығын «рефлекторлық доға» деп атайды.
Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (15961596— 16501650).
Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. СеченовИ.М. Сеченов (мұндай бет жоқ) пен И.П. ПавловИ.П. Павлов (мұндай бет жоқ) одан әрі дамытты.
Рефлекс
Шартты
Шартсыз
Шартсыз рефлекс:
туа пайда болады
Тұқым қуалайды
тұрақты болады
Шартты рефлекс :
жеке ағзаның тіршілік ету барысында пайда болады
тұқым қуаламайды
тұрақты емес
Рефлекстік доға
Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабылдаймын, қабылдаушы);
сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
қозғалтқыш нейрондар;
тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).
Рефлекторлық доға
Рецептор
Сезгіш нейрон
Байланыстырғыш нейрон
Қозғалтқыш нейрон
Эффектор (бұлшықет)
Жұлын
Топтық жұмыс
Ұзын таяқшаны салбыратып тұрып, оны еденге тастағанда тігінен түсетіндей етіп ұстау. Таяқшаның түсетін орнын бормен белгілеу. Сыналатын оқушы бормен белгіленген жерде қолын дайындап тұрады, бірақ таяқшаға қолын тигізбейді.
Эксперимент жүргізуші таяқшаны тастаған кезде таяқша төмен құлдырайды, сол кезде сыналатын оқушы таяқшаны жылдам ұстап алу қажет. Сыналушының жылдамдық реакциясы төмен болған сайын, таяқша соғұрлым аз арақашықтыққа жетіп үлгереді, осылайша, таяқшаны ұстап алған жерден арықарай бормен белгілеп отырады. Арақашықтықты сантиметрмен өлшеп және жазып алады.
Тапсырма:
«Мен қызыл түсті зат көрсеткенде, қолдарыңды жылдам көтеріп түсіріңдер».
Түрлі заттарды көрсету және сонымен қатар қызыл түсті де заттарды көрсету керексіздер.
Тапсырма:
а\ Жаңа сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Әр сөз 1 ұпай.б\Енді осы жазған сөздеріңізге анықтама беріңіздер. Әр жауапқа 1 ұпайӘлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?