Рефлекстік доға: рецептор, cезгіш, аралық, қозғалтқыш нейрондар, жұмысшы мүше. Жаңа сабақты түсіндіру. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Рефлекстік доға

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рефлекс.Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған францу философы Рене Декарт 1664 ж. Оған ғылыми сипаттама берген шех ғалымы Прохаска 1817ж. Рефлек туралы ілімді одан әрі дамытып,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов,П.К.Анохин

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын күрделі жауабы.Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол

Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрлымы - эффектордан тұрады.

Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.

Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады.Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады.

1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы); 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

http://studopedia.org/8-150784.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу