Рефлекстік доға: рецептор, cезгіш, аралық, қозғалтқыш нейрондар, жұмысшы мүше. Жаңа сабақты түсіндіру. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


«Рефлекстік доға» тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау жұмысы:

І. «Рефлекс» және «рефлекторлық доға» терминдеріне анықтама беріңіз:

Рефлекс - ______________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Рефлекстік доға - _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

ІІ. Рефлекстік доғаның суретін салып, құрам бөліктерін жазыңыз:

ІІІ. Дұрыс жауабын табыңыз:

1. Рефлекторлық доғаның элементтері дұрыс тәртіпте көрсетілген нұсқаны белгілеңіз.

А)эффектор — афферентті нейрон — жүйке орталығы — эфферентті нейрон — рецептор

В)рецептор — эфферентті нейрон — жүйке орталығы — афферентті нейрон — эффектор

С)рецептор — афферентті нейрон — жүйке орталығы — эфферентті нейрон — эффектор

D)эффектор — эфферентті нейрон — жүйке орталығы — афферентті нейрон — рецептор

2. Тізе рефлексінің жұлындағы орталығы

А) жұлынның сегізкөз бөлігінде

В) жұлынның жоғары кеуде сегментінде

С) жұлынның бел бөлігінде

3. Орталыққа тепкіш нейрондар

А) қимыл-қозғалыс В) сезімтал С) аралас

4. Рефлекс доғасы дегеніміз

А) жүйке импульсі өтетін жол

В) тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар

С) ішкі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы

5. Рефлекс доғасының бөлігіне жатпайды

А) рецепторлар В) жүйке орталығы С) бұлшық ет синапсы

ІV. Рефлекстік доғаның бөліктерінің қызметіне сәйкестігін көрсетіңдер:

1. Рецептор

a. Қозуды жұмыс мүшесіне өткізеді

2. Жүйке орталығы

b. Сыртқы ортадан тітіркенуді қабылдайды

3. Аралық нейрон

c. Бір нейроннан басқасына жүйке импульсін береді

4. Сезімтал нейрон

d. Қозуды жүйке жүйесінің орталық бөліміне өткізеді

5. Қозғалтқыш жүйке талшықтары

e. Орталық жүйке жүйесі

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

«Рефлекс» және «рефлекторлық доға» терминдеріне анықтама береді.

«Рефлекс» және «рефлекторлық доға» терминдеріне дұрыс анықтама береді.

рефлекторлық доғаның құрылысын біледі.

рефлекторлық доғаның құрылысын біледі, құрылым бөліктерін дұрыс белгілей алады

Рефлекстік доғаның бөліктерінің қызметін біледі.

Рефлекстік доғаның бөліктерін қызметімен сәйкестендіре алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу