Рефлекстік доға: рецептор, cезгіш, аралық, қозғалтқыш нейрондар, жұмысшы мүше. Жаңа сабақты түсіндіру. Биология, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Рефлекстік доға: рецептор,

Сезгіш, аралық, қозғалтқыш

нейрондар, жұмысшы мүше.

Сабақтың оқу мақсаты:

7.1.7.5 рефлекторлық доғаны зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

Рефлекс ұғымымен таныстыру.

Рефлекстік доғаның стандартты сызбасымен танысу.

Зертханалық жұмыс орындай отырып, рефлекторлық доғаны зерттеу.

Бағалау критерийлері:

Рефлекс ұғымын түсінеді.

Рефлекстік доғаның сызбасын

біледі.

Зертханалық жұмыс жасау

арқылы рефлекторлық доғаны

зерттей алады.

Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (15961596— 16501650).

Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. СеченовИ.М. Сеченов (мұндай бет жоқ) пен И.П. ПавловИ.П. Павлов (мұндай бет жоқ) одан әрі дамытты

Рефлекс

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.

Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті

Рефлекстік доға

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:

1. Жүйке ұштары - рецепторлар (латынша – «receptor» -қабылдаймын, қабылдаушы);

2. сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);

3. Жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);

4. Қозғалтқыш нейрондар;

5. Тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды.

Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді.

Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып,

қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі.

Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).

Рефлекстік доға:

Рецептор

Сезгіш нейрон

Аралық нейрон

Қозғалтқыш нейрон

Эффектор (бұлшықет немесе жауап қайтарушы мүше)

Жұлын

Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді жазып, анықтама беріңдер.

Рефлексия

Мен енді білемін .................................

Маған ұнағаны ....................................

Менің түсінбей қалғаным .....................

Мен жақсы түсіндім ..............................

Мен келесі сабақта..................білгім келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу