Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


ЖҰЛЫН

ЖҰЛЫН – омыртқа жотасының өзегінде орналасатын ақ түсті жұмсақ өсінді. Ол мимен байланысқан. Екеуі де орталық жүйке жүйесіне жатады, барлық қимыл-қозғалыстарға жауап береді. Ол да сұр және ақ заттан тұрады, онда миға қарама-қарсы сұр заты ішінде, ақ зат сыртында орналасады. Сыртқы тітіркенулер миға жетпес бұрын жұлынға жетеді. Сұр заты – көбелекке ұқсайды немесе Н әрпіне, дендрит нейронынан тұрады (қысқа өсіндісі), ақ заты – ұзын өсіндісі аксоннан тұрады.

Қызметі:

Рефлекстік: жұлыннын арқа, белдіңәр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы;

тізе рефлексі – жұлынның бел бөлімінде

зәр шығару орталығы – сегізкөзде

көз қарашығын үлкейту – арқа бөлімінде т.б орналасқан.

Өткізгіш: жұлын орталыққа тебетін және орталықтан тебетін қызмет атқарады. Яғни сырттан тітіркену болғанда оның сигналдары сенсорлы нейрон арқылы жұлыннан миға, оған жауап моторлы нейронмен жұлыннан мүшеге өтеді. Осы оның өткізгіш қызметі.

МИ

МИ – ми сауытында орналасады. Сүтқоректілерде бассүйек-мидан 12 жұп жүйкелері таралады Салмағы 1300-1400 г. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Миды жаттықтыру арқылы, ойлау жүктемесін арттыра беру арқылы дамытуға болады. Ми ақ және сұр заттан тұрады. Ақ заты мидың ішкі жағында, сұр заты сыртында орналасады. Барлық қимылдар, сыртқы тітіркенулер жұлын арқылы миға сигнал түрінде (сенсорлы нейронмен) келеді, онда өңделіп жауап ретінде мүшелерге сигналдар (мотонейрондар) жұлын арқылы жеткізіледі.

Мишық

Орналасуы: сопақша ми мен м көпірінің артқы жағында. Құрылысының ерекшелігі: сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары өте көп. Қызметі: ішкі құлақтағы лабиринт көмегімен ақпаратты қабылдап, ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ қамтамасыз етеді, бұлшықеттердің үйлесімді жиырылуын реттейді. Бір сөзбен айтқанда автопилот секілді жұмыс жасауға көмектеседі.

Ми көпірі/ Варолиев көпірі

Орналасуы: ортаңғы ми мен сопақша ми аралығында. Екеуін байланыстырып тұратындықтан аты – ми көпірі деп аталады. Құрылысының ерекшелігі: өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарын жұлынмен және мишықпен байланыстырады. Қызметі: алдыңғы ми сыңарынан, мишықтан, жұлыннан келетін ақпараттарды тасымалдайды.

Сопақша ми

Орналасуы: жұлынның жоғарғы шетінде. Құрылысының ерекшелігі: сопақша мидың төменгі шеті жіңішке, жоғарғы шеті жуандау келеді. Жұлындағы сияқты ақ заты сыртында, сұр заты ішінде жатады. Ұзындығы 2,5-3 см. Қызметі: адам ағзасы үшін маңызды – жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу орталықтары осы сопақша ми арқылы іске асады. Әртүрлі рефлекстерді де басқарады: қорғаныс рефлекстері (жөтелу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); тамақ (ему, жұту, сөл бөлу) және т.б.

Ортаңғы ми

Орналасуы: Мишық пен аралық мидың аралығында. Құрылысының ерекшелігі: бұл бөлім арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйкелер өтеді. Алдыңғы ми мен мишықты байланыстырып тұрады. Қызметі: көру жүйкелері кездеседі, бірақ тікелей оның қызметі емес, дегенмен де көздің рефлекстік қозғалуын (көз бұлшықетінің қозғалуы), кенеттен шыққан дыбысқа, жарыққа (көзбұршақтың үлкейіп кішіреуі) әсер етуді реттейді.

Аралық ми

Орналасуы: ортаңғы мидың алдыңғы жағында. Құрылысының ерекшелігі: көру төмпешіктері (гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан (таламус) тұрады. Гипоталамус деп аталады, себебі, таламус астында орналасады. Гипоталамус – жүйке жүйесінің маңызды құрылымдық бөлігі. Қызметі: гипоталамуста өңделген ақпарат сопақша ми мен жұлынға беріліп, жүрек, өкпе, қан қысымының жұмысына қатысады. Ол гипофизбен тікелей байланысады да эндокриді бездердің жұмысын да реттеп отырады. Сонымен қатар, адамның әртүрлі көңіл-күйі, эмоция орталығы болып табылады (қорқыныш, үрей, қуаныш, агрессия, қайғы). Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасының тұрақты болуын қамтамасыз ететін қызметтерді атқара алады.

Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары

Орналасуы: сопақша мен мишықтан қалғанының бәрін жауып жатады. Құрылысының ерекшелігі: әрбір ми сыңары – оң жақ және сол жақ сыңардан тұрады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын құрайды, ақ заты жүйке талшықтарынан тұрады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Ми сыңарларында іші ми сұйықтымен толтырылған, ол ұсақ қантамырлармен қосылып, жүйке жүйесінлегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушасын қорғайды. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, шүйде, төбе, самай. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау) ми сыңарының барлық аймақтарынан байланысты.

Қызметі: маңдай-ойлану, әртүрлі сезу-қимылдар(тұлға, ерін, тілді қозғалту, сөйлеу орталығы-Брока орталығы), эмоция; төбе – сипап-сезу аймағы, шүйде – көру жүйкелері орналасып, көру аймағын құрайды; самай – есту аймағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу