Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.Координация және реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ тақырыбы

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

        • орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

  • ОЖЖ бөліктерімен танысу.
  • Бас мидың бөліктерінің қызметін анықтау.
  • Жұлынның қызметін анықтау
  • Бас миы мен жұлынның қызметін біле отырып, салыстыру.

Бас миы мен жұлындағы ақ зат пен сұр заттың ерекшелігіне байланысты салыстыру

Барлығы дерлік: бас мидың бөліктерін біледі, олардың қызметтерін атай алады, ОЖЖ салыстырады.

Көпшілігі: Бас мидың құрылысы жайлы деректерді мысалға келтіре алады.

АЗ бөлігі: ВЖЖ түріне сәйкес кішігірім зерттеу жүргізе алады.

Бағалау критерийлері

  • Бас мидың бөліктерін біледі.
  • Жұлынның құрылысын біледі.
  • ОЖЖ бөлімдерінің қызметін анықтай алады.
  • ОЖЖ құрылысы мен қызметін салыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

- ОЖЖ құрылысы мен қызметі жайлы кесте құрып толтыра алады (жазылым дағдысы)

- ОЖЖ бөліктерін презентациялайды (презентациялар, плакаттар, модельдер), құрылысы мен қызметін сипаттау арқылы (айтылым дағдысы)

- Бас мидың бөліктерін атап, жұлынның құрылысын сипаттайды (тыңладым дағдысы)

- Бас ми мен жұлынның қызметін анықтайды (оқылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

ОЖЖ, ОЖЖ, бас ми, жұлын, сопақша ми, мишық, үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, Варолиев көпірі, аралық ми, ақ зат, сұр зат, гипоталамус, таламус.

Сөздік

Орысша

Қазақша

Ағылшынша

Головной мозг

Ми

Brain

Спинной мозг

Жұлын

Spinal cord

Продолговатый мозг

Сопақша ми

Medulla

Мозжечок

Мишық

Cerebellum

Средний мозг

Ортаңғы ми

midbrain

Мост

Ми көпірі

Bridge

Промежуточный мозг

Аралық ми

diencephalon

Кора больших полушарий

Үлкен ми сыңарлары

Cortex

Белое вещество

Мидың ақ заты

White matter

Серое вещество

Мидың сұр заты

Gray matter

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы :

- ОЖЖ …құралады

- Бас мидың құрылысы ….

- Қызметі … , …болып табылады.

- Жұлын мен бас миды салыстыру барысында мынадай қорытындыға келуге болады..

Құндылықтарды дарыту

Бірлестіктегі тәрбие, қазақстандық патриотизм, еңбек пен өнер, өмір бойы оқуға талпыну, айналысындағы адамдарға, қоғамға деген сыйластық, (топтық жұмыстарда жаңа тақырыпты меңгеріп, қоғамда өздерін қалай ұстау керектігін үйренеді )

Пәнаралық дамыту

Информатика (ОЖЖ құрылысы мен қызметі жайлы кесте құруда, презентация жасуда)

Физика (жүйке импульстері)

АКТ-ны қолдану дағдылары

Презентация ppt., видео, learningapps.org

Алдыңғы білім

«Тірі ағзалардың алуантүрлілігі» бөлімінен 7 сынпы оқушылары омыртқалылар мен омыртқасыздардың өзіне тән белгілерін сипаттай алады. «жасушалық биология» бөілімінде жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі терминдерінде жүйке жүйесі жайлы қарастырады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдері

Ресурсы

0-1 мин

2-10мин

10- мин

8-9 мин

9-11 мин

11-13 мин

13-20 мин

20- 32 мин

32-37 мин

37-38 мин

38-40 мин

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Оқушылармен амандасып, көңіл – күйлерін қалыптастыру.

Сыртқы және ішкі шеңбер.

) оқушыларды жұпқа бөліп, өтілген жүйке жүйесі тақырыбы бойынша 1 сұрағы бар карточкалар таратылады. Бірінші жұп қатысушылары ішкі шеңберді қүрып, оқушылар бір-біріне арқасымен тұрып, сыртқы шеңберге қарап тұрулары керек. Бірінші сұрақты ішкі шеңбер қатысушылары қойып, сыртқы шеңбер ол сұраққа 30 секунд ішінде жауап берулері қажет.

Әрі қарай сыртқы шеңбер сұрақ қойып, ал ішкі шеңбер керісінше жауап беретін болады. Одан соң сыртқы шеңбер сағат тілі бойынша келесі оқушыға барып, қайта сол сұрақты, бірақ енді басқа оқушыға қояды. Егер де оқушы саны 10-12-н көп болса, екі топқа бөліп тастауға болады.

Миға шабуыл. Бас ми жайлы деректер:

1. Миымыз біұлшықеттер секілді, неғұрлым көп шынықтырсаң, соғұрлым көп өседі. Ер адамның миы орташа есеппен 1424 г, қартайған сайын 1395 г. дейін азаяды. Ең үлкен әйел адам миы— 2049 г. И. С. Тургеневтің миы весил 2012 г. болған екен. миымыз эволюцияланды: 1860 жылы ер адамның орташа миы 1372 г.болған. Динозаврлардың ұзындығы 9 м болып, милары грек жаңғағындай 70 г.құраған.

2. Мидың ең күшті дамуы 2 мен 11 жас аралығында жүреді.

3. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты мидың зақымдану ауруларына ұшырау қаупі төмен. Интеллектуальді белсенділік ми ұлпаларын жаңартады.

4. Өзініңізге таныс емес нәрсемен айналысу – мидың жақсы дамуына алып келеді. Сонымен қатар, өзіңізден неғұрлым ақылды адаммен сөйлесіп, араласу да ми жұмысын күшейтеді.

5. Ең жоғары IQ әлем бойынша – жапондықтарға тиесілі -111. 10 пайыз жапондықтардың деңгейі – 130 жоғары.

6. Көру арқылы есте сақтау қабілеті ең жоғары Крейтон Карвелло болып табылады, бір қарағаннан реттілікпен орналасқан 6 бөліктердегі картаны есінде сақтай алады. (312 штук).

Топтарға бөлу (әр түрлі-түсті кәмпиттер арқылы: жасыл, қызыл, сары, көк, ақ).

Сабақ тақырыбын ашып, жетістік критерийлерімен таныстыру

Оқушылармен біріге отырып, бас ми мен жұлынның құрылысы мен қызметі анық көрініс табатын кесте құрастыру.

Жасыл кәмпиттер тобы – жұлын, қызыл – алдыңғы ми сыңарларын, көк-аралық және ортаңғы ми, ақ кәмпиттер тобы – мишықты, ал сарылар – ми көпірі, сопақша мидың құрылысы мен қызметін қарастырады.

Оқушылар Google doc., құрастырылған ауқымды кестені толтырады, сонымен қоса презентация немесе макет түрінде де дайындай алады бұл кестеге барлық оқушы кіріп, қарай алатын болады.

Топтардың таныстырылымдары

) Алған білімдерін бағалау, қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Кері байланыс: Оқушыларға 3 түрлі стикерлер беріп: қызыл алған білімім толықтай жеткілікті, сары әлі де болса бірнеше сұрақтарым бар, жасыл- ештеңе түсінбедім, көмек қажет өз ойларын білдіреді.

Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің кері байланысы.

Үй тапсырмасы:

Неліктен кейбір ақпараттарды ұмыту ми жұмысына пайдалы?

Сұрақтары бар карточкалар, секундомер

Қабілеті жоғары оқушыларға:

http://www.biology-pages.info/P/PNS.html

http://kk.convdocs.org/docs/index-33752.html

Қабілеті төмен оқушыларға:

https://www.youtube.com/watch?v=U5eYdwyH9hA&feature=youtu.be

http://paramitacenter.ru/content/video-repetitor-po-anatomii-stroenie-i-funktsii-golovnogo-mozga

https://www.twig-bilim.kz/film/introduction-to-the-brain-6150/

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=13068

Стикерлер

Дифференциалды оқыту –

Көбірек қолдау көрсету

үшін не істейсіз? Қабілеті

жоғары оқушыларға

қандай міндеттер қоюды

жоспарлайсыз?

Бағалау –

Оқушылардың

берілген материалды

меңгеру деңгейін қалай

тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және

қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

(тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары жүйке қызметі типтерімен танысып, өз құрадастары арасында кішігірім зерттеу жүргізу, қабілеті төмен оқушыларға қосымша дидактикалық материал үлестіру

Сұрақ-жауап сауалнама, бақылау, қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма орынаду кезінде омыртқка жотасын тік ұстау, оқушылар үшін ноутбукпен орындайтын тапсырмаларды азайту, сергіту сәттерін ұйымдастыру

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қысқаша бағалау

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу