Жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентері. Нейронның құрылысы: нейронның денесі, дендрид, аксон. Нейронның қызметі. Аралас сабақ. Биология, 7 сынып, презентация.
Белсендіру сәті:
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Мүшелердің үйлесімді қызметі қалай жүзеге асырылады?
- Қоршаған орта жағдайларының өзгерісіне ағза қалай әрекет етеді?
Тәжірибе жасау:
Оқушылар тәжірибие жүргізу арқылы жүйке жүйесінің қызметтерін атайды:
- жұмылған көзбен кеңістікті бағдарлау;
- тактильді сезімталдық (затты сипап-сезу арқылы іздеп табу);
- қолды тартып қалу (рефлекторлық доға).
Сабақтың тақырыбы:
Жануарлардың жүйке жүйелерінің қызметтері мен олардың құрылымдық компоненттері.
Нейронның құрылысы: нейронның денесі, дендрид, аксон.
Нейронның қызметі.
Сабақтың оқу мақсаты:
7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметі мен оның
құрылымдық компоненттерін атау.
7.1.7.3
жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Жануарлардың жүйке жүйелерінің қызметтерін түсіндіру.
Жүйке жүйелерінің құрылымдық компоненттерін сұлба бойынша анықтау.
Жүйке жасушасының бөліктерін (денесі, аксон, дендриттер және қабықша) атайды.
Бағалау критерийлері:
Жүйке жүйесінің қызметін түсіндіре алады.
Жануарлардың жүйке жүйелерінің
компоненттерін сұлба бойынша анықтай алады.
Жүйке жасушасының құрылысын біледі.
Жүйке жүйесінің маңызы
1.Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді.
2.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады.
3.Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.
Жауабы:
1 – нейронның қысқа өсіндісі дендриттер (1- 1000 дейін)
2- Нейрон денесі немесе сома
3- нейрон ядросы
4- нейронның ұзын өсіндісі аксон,
5- миелинді қабықша
6 – аксонның ұштары немесе терминаль
Жүйке жасушасының құрылысы:
Жүйке жасушасы нейрон
деп аталады. Әр нейронның
денесі, ұзын(аксон) және
қысқа(дендрид) өсінділері
болады.
Дендрид қозуды
нейронның денесіне қарай өткізеді.
Нейронның денесі
қозуды аксонға өткізеді .
Аксон әр түрлі мүшелерге
(бұлшықетке, теріге т.б) береді.
Нейронның құрам бөліктерінің қызметі:
Ядро - нейронның денесіндегі генетикалық материалды сақтайтын құрам бөлігі
Нейронның денесі -дендридтерден қозуды қабылдайтын, нейронның жасушасы бар бөлігі
Аксон-жүйке импульстарын нейронның денесінен алып кететін нейронның ұзын өсіндісі
Дендриттер - қозуды қабылдайтын нейронның бұтақталған бөлімі (нейронның денесіне бекітілген)
Миелинді қабықша -жүйке талшықтарын қоршап, қорғап тұратын майлы түзіліс
Аксон өсінділері - аксонның ұшындағы талшықтар
Ранвье үзілістері - миелинді қабықшадағы үзілістер
Жүйке жасушасының қызметі бойынша жіктелуі:
Үйге тапсырма:
Глосарий жаттап келу. Кесте толтыру.
Жүйке жүйесі туралы қосымша ақпараттар тауып келу.
Суретті пайдаланып кестені толтыр:
1
2
3
Глосарий:
Нейрон – нейрон - neuron,
рефлекторлық әрекет – рефлекторное действие - reflex action
ерікті жауап - произвольный ответ - an arbitrary answer
Жасуша денесі – клеточное тело - Cell body
аксон – аксон – Axon
дендриттер – дендриды – Dendrites
Сезгіш нейрон/Афферентті нейрон – сенсорный нейрон - Sensory neuron/ Afferent neuron
Байланыстырушы нейрон – вставочный нейрон - Relay neuron
Қозғалтқыш нейрон/Эфференті нейрон – двигательный нейрон - Motor neuron/ Efferent neuron
Шванн жасушасы –клетка Шванна - Schwann cell
Рефлексия:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?