Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


МИ

 МИ – ми сауытында орналасады. Салмағы 1300-1400 г. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. 20 жасқа дейін дамиды. Миды жаттықтыру арқылы, ойлау жүктемесін арттыра беру арқылы дамытуға болады. Ми ақ және сұр заттан тұрады. Ақ заты мидың ішкі жағында, сұр заты сыртында орналасады. Негізгі 5 бөлімнен тұрады. Мидың артқы жағы көруге, екі бүйірі – естуге, төбесі қимыл-қозғалысқа, алдыңғы жағы ойлауға жауап береді. Артқы жағындағы мишық атты бөлімі тепе-теңдік сақтауға жауап береді. Барлық қимылдар, сыртқы тітіркенулер жұлын арқылы миға сигнал түрінде (сенсорлы нейронмен) келеді, онда өңделіп жауап ретінде мүшелерге сигналдар (мотонейрондар) жұлын арқылы жеткізіледі.

 ЖҰЛЫН

 ЖҰЛЫН – омыртқа жотасының өзегінде орналасатын ақ түсті жұмсақ өсінді. Ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Ол мимен байланысқан. Екеуі де орталық жүйке жүйесіне жатады, барлық қимыл-қозғалыстарға жауап береді. Ол да сұр және ақ заттан тұрады, онда миға қарама-қарсы сұр заты ішінде, ақ зат сыртқында орналасады. Сыртқы тітіркенудер миға жетпес бұрын жұлынға жетеді.

 Қызметі:

 Рефлекстік: жұлыннын арқа, белдіңәр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы;

 тізе рефлексі – жұлынның бел бөлімінде

 зәр шығары орталығы – сегізкөзде

 көз қарашығын үлкейту – арқа бөлімінде тб орналасқан.

 Өткізгіш: жұлын орталыққа тебетін және орталықтан тебетін қызмет атқарады. Яғни сырттан тітіркену болғанда оның сигналдары сенсорлы нейрон арқылы жұлыннан миға, онан жауап моторлы нейронмен жұлыннан мүшеге өтеді. Осы оның өткізгіш қызметі.

 

 

Нейронның құрылысы

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары- нейрон құрайды. Нейрон -  денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұрады. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі – аксон. Ол ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді.

Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттер деп аталады. олардың сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

  • Сезгіш – сенсорлы нейрондар (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
  • Қозғалтқыш, жауап қайтарушы – мотонейрондар. Олар қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
  • Байланыстырғыш – интернейрондар - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

 

 Нейронның құрылысы

 

 

 

 

Жүйке жүйесінің негізгі қызметі – тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтаруды үйлестіру. Тітіркендіргіштер шу немесе иіс сияқты сыртқы және дене температурасы секілді ішкі болып бөлінеді. Жүйке жүйесіне ми кіретіндіктен, ол жауапты үйлестіруге көмектесу үшін бұған дейін жиналған білім мен тәжірибені қолданады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп-қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің қауіп-қатерді анықтап, жауап ретінде адамды қашуға мәжбүрлейтіндігін мысал ретінде алуға болады. Жүйке жүйесі еске сақтау қабілетіне, сөйлеуге, оқуға қатысады. Сіздің жүрек соғысыңыз бен тыныс алуыңыз да жүйке жүйесінің қарамағында. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және перифериялық жүйке жүйесі (ПЖЖ) болып бөлінеді. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің

Ми бас сүйегінде және жұлын арқадағы омыртқа жотасында болады. Екеуі де сұйықтықпен қоршалған, ол арқа миы сұйықтығы деп аталады, ол амортизатор ретінде қолданылады. C3. Менингит дегеніміз не? Ми мен жұлынды қоршап тұратын қорғаныш мембраналары ми қабыршағы деп аталады. Егер мембрана, мысалы, инфекциямен қабынса, ол менингит ауруын тудыруы мүмкін. Менингиттің негізгі белгілері: қалтырау, құсу, бас ауруы, есінен айырылу, ең қатерлісі – кома және өлім. C4. Жүйке дегеніміз не? Нейрондардың жиынтығы жүйкені құрайды. Сенсорлы жүйкелер сенсорлы нейрондардан, мотор жүйкелер мотор нейрондардан, ал аралас жүйкелер сенсорлы, әрі мотор нейрондардан құралады. Көру жүйкесі сенсорлы жүйкеге мысал бола алады, ол импульстарды көздің артқы бөлігіндегі рецептор жасушасынан миға қарай өткізеді.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу