Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу | Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі, Ақтау қаласы. | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады: -жүйке жүйесінің қызметі мен құрылымдық компонентерін атау. -жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау | ||||||||||
Бағалау критерийлері | -Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау және сипаттау; -ЖЖ құрылымын сипаттау, қызметтерін атау;
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттері мен қызметін көрсетеді. Олар жүйке жүйесінің кем дегенде бір қызметін және өздерінің сөйлемдерінде жүйке жүйесінің екі бөлігін анықтайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: нейрон, импульс, рефлекторлық әрекет, ерікті жауап психика, ми, диффузды (торлы), сатылы, түйінді, түтікті, жүйкелер. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| құрмет: топтық және жұптық жұмыс кезінде барлық пікірмен санаса білу; өзгелердің пікірін тыңдай білу; орынды ұсыныстар айта білу. ынтымақтастық: бірігіп іздену; бірге талқылау, талдау; жауап нұсқаларынан дұрысын таңдауда ынтымақтастық таныту. ашықтық: өз ойын ашық әрі тиянақты, түсінікті түрде жеткізе білу; ұсынған жауаптарына нақты дәлелдемелер келтіру; қарам-қайшылықтың шешімін іздеуде ұстамдылық тану; | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Координация және реттелуді дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға болады | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақта оқушылардың АКТ құзыреттіліктері ноутбуктер арқылы интернет желісінен ақпараттар, графиктер қарау арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||||
Бастапқы білім | Тітіркенгіштік тірі организмдердің ерекшеліктерінің бірі болып табылады (6 сынып)Жануарлар тітіркендіргішіне адамдар мен жануарлардың жауап беруі реакциясын танып білу (6 сынып) | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
0-5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылардың көңіл-күйін ауа-райының белгілері арқылы анықтауға болады (күн) Сабақ тақырыбын айқындау үшін сұрақтар қою. Жаттығулар жасатып, сабақ тақырыбын анықтау 1.Жануарлардың (немесе адамның) қозғалысы қалай жүзеге асады? Қалаған қозғалысымызды қай жүйе жүзеге асырады? 2.Неліктен ағзы біртұтас болып қызмет атқарады? 3.Жүйке жүйесінің ағзадағы ролі қандай? 4.Нейрон қандай жүйенің жасушасы? | https://www.youtube.com/watch?v=3ILs_uu5arQ (видео ұзақтығы 1:17 мин) | |||||||||
6-36 минут
| Мұғалімнің түсіндіріп өтуі жөн. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары-нейрондар түзеді. Олар ақпаратты қабылдау,беру және сақтау қызметін атқарады.Жүйке жасушалары дене,өсінді және жүйке ұштарынын тұрады. -Дендрит дегеніміз не? -Аксон дегеніміз не? Оқушыларға түсіндіріп өту. «Нейрон және оның құрылысы мен қызметі» сызбанұсқаларын құрастыру. Оқушылармен бірге сызбанұсқа құрастыру: 1. Жүйке ұлпасы – Нейрон – аксон және дендрит Ұзын Қысқа 2. Нейрондардың типтері: сезімтал, аралық, қимыл 3. Жүйке жүйесі: орталық және шеткі Ми мен жұлын жүйкелер, жүйке ұштары, жүйке түйіндері 4. ЖЖ қызметіне қарай: Вегетативті (ішкі мүшелердің қызметін реттейді) және Сомалық (ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады) Оқушылар тәжірибе жүргізу арқылы жүйке жүйесінің қызметтерін атайды: - жұмылған көзбен кеңістікті бағдарлау; - тактильді сезімталдық (затты сипап-сезу арқылы іздеп табу); - қолды тартып қалу (рефлекторлық доға). Бұдан кейін оқушылар жүйке жүйесінің қызметі мен адам өміріндегі маңызын түсіндіреді. Оқушылар ермексаз және нейрон құрылысының сызбасын қолданып, жүйке жасушасының құрылысын модельдейді. Нейрон бөліктерін (денесі, аксон, дендриттер және қабықша) атайды. | Оқулық 8 сынып Очкур У.А. және т.б (Алматы, «Мектеп», 2008), §8, 9, 14 Оқулық 8 сынып Алимкулова Р және т.б Алматы, «Атамұра», 2008), §7, 8, 13 Видеосабақтар сайты: Видеосабақтар Биология 8 класс №8, 44 Бейнесюжеттер: анатомия пәнінен сайттар: http://paramitacenter.ru/content/anatomy биология пәнінен анықтамалық «Биологиядан кестелер, сызбалар, суреттер», Акимов С.С., «Лист», Москва, 1998 | |||||||||
37-40 минут | Рефлексия 5 саусақ әдісі: кіші саусақтан бастап: 5-саусақ: ойлау. Мен бүгін қандай білім алдым? 4 – саусақ: мақсатқа жету. Мен бүгін қандай нәтижеге қол жеткіздім? 3- саусақ: көңіл – күй жағдайы. Менің көңіл – күйім қандай?. Бүгінгі сабақ маған қалай әсер етті? 2 - саусақ: көмек – қызмет көрсету. Мен бүгін кімге көмектестім? 1- саусақ: белсенділік таныту. Менің белсенділігім қандай болды? Қажетті білімді алдым ба? | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің қызметтерін атайды Көптеген оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің компоненттерін анықтай алады Кейбір оқушылар мынаны жасауы керек: Жүйке жүйесінің компоненттерін атап, сипаттайды | - Слайд, тәжірибе нәтижесінде түсіндіру, сурет пен жұмыс жасағанда анықтау, тәжірибе нәтижесінде дұрыс қорытынды жасай алады | Жүйке жүйесінің қызметтерін анықтау тапсырмаларын орындау барысында мұқият болу, құлап қалу немесе айналадағы заттарға соқтығысу қаупі бар | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?