Жануарлардың жүйке жүйесінің типтері. Биология, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

7.3С: Координация және реттелу.

Жануарлардың жүйке жүйелерінің типтері.

Сабақтың оқу мақсаты:

7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Жүйке жүйесінің түрлерінің бейнесінің жиынтығынан қандай тірі ағзаларға тән екендігін және оның ерекшеліктерін табу.

Жүйке жүйесінің эволюциясының тізбегін құру.

Жүйке жүйесінің түрлерін жіктеу.

Жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыру.

Бағалау критерийлері:

Жүйке жүйесінің түрлерінің бейнесінің жиынтығынан қандай тірі ағзаларға тән екендігін ажырата алады.

Жүйке жүйесінің түрлерінің ерекшеліктерін таба алады.

Жүйке жүйесінің эволюциясының тізбегін құрады.

Жүйке жүйесінің түрлерін жіктейді.

Жануарлардың жүйке жүйелерінің типтерін салыстыра алады.

Топпен жұмыс:

1. Қарапайымдардың, ішек қуыстылардың, жалпақ құрттардың жүйке жүйесінің типі (гидра, ақ планария мысалында)

2. Буылтық құрттар, буынаяқтылар, тікен терілілер, ұлулардың, өрмекшілердің, шаяндардың жүйке жүйесінің типі.

3. Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесінің типі.

Қарапайымдардың жүйке жүйесі

Қарапайымдарда (бір жасушалылар) жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозуды жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады.

Диффузды(торлы) жүйке жүйесі:

Ең алғаш ішекқуыстыларда жүйке торы пайда болады.

Төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда (гидра) диффузды ж.ж болады.

Еркін қозғалып тіршілік ететін ішекқуыстыларда жүйке клеткалары топтанып, жүйке түйінін (ганглий) түзеді және олар бір-бірімен ұзын өсінділері арқылы жалғасады.

Түйінді жүйке жүйесі:

Буылтық құрттарда, буынаяқтыларда(бунақденелілерде, өрмекшілерде, шаяндарда) ұлуларда, тікентерілілер және эволюциялық даму барысында жүйке жүйесінің түйінді түрі пайда болған.

Сатылы жүйке жүйесі:

Ақ планария

Ақ сұламаның жүйке жүйесі дененің алдыңғы бөлігіндегі жүйке жасушалары жинақталған түйіннен басталады. Гидрада жүйке жүйесі бытыраңқы және тор түзе орналасса, ақ сұламада жүйке жасушалары денені бойлай созылатын екі бағанаға жинақталады.

Шұбалшаңның жүйке жүйесі сақина тәрізденіп байланысқан бір жұп жұтқыншақ үсті, бір жұп жұтқыншақ асты жүйке түйіндерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Балықтардан бастап түтікті жүйке жүйесі екі ірі бөлімнен: ми мен жұлыннан тұрады.

Түтікті деп аталу себебі:оларда тек бір ғана ми болады, сол мидан түтіктер тармақталады.

Ми бассүйектің ішінде орналасқан.

Ол 5-бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми.

Сопақша ми омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлынмен жалғасады.

Қосмекенділердің миы балықтарға ұқсас бірақ мишығы нашар жетілген, алдыңғы миы оң және сол ми сыңарларына бөлінген, ірірек.

Жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің алдыңғы миы жақсы дамыған.

Жүйке жүйесінің типтері:

Диффузды (торлы)(гидра);

Бағаналы (ақ сұлама);

Түйінді (ұлулар, буылтық құрттар,

буынаяқтылар);

Түтікті (омыртқалылар). 

Жүйке жүйесінің ерекшеліктері:

Кестенің жауабы:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ми мозг - brain

Жүйке – нерв - nerve

Жүйке жүйелерінің типтері -типы нервных систем - types of nervous systems

Диффуздыдиффузная - diffuse

гидра - гидра - hydra

Сатылы - Лестничная - Ladder

Ақ планария - белая планария- white Planaria

Түйінді – Узловая - Nodal

Ұлулар- моллюски - mollusks

Сақиналы құрттар – кольчатые черви - annelids

Буынаяқтылар - членистоногие - arthropods

Түтікшелі - Трубчатая - Tubular

Омыртқалылар - позвоночные - vertebrates

Үйге тапсырма:

Глосарий жаттап келу. Ағылшын тілінде тақырыпқа байланысты 3 – сөйлем құрау.

Үйге тапсырма:

Рефлексия:

Мен енді білемін .........................................

Менің түсінбей қалғаным .............................

Мен жақсы түсіндім ......................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу