Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтік тәрізді. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3 D Жүйке жүйелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 A

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

7 B

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтік тәрізді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін білу;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Жануардардың жүйке жүйелерінің әртүрлі типтерін біледі, оларды атай алады
  • Сұлбада нейрон бөліктерін таба алады.
  • Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметін анықтайды.
  • Жүйке жүйесі мен жүйке жасушасының құрылымы мен қызметі арасындағы сәйкестікті талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: тақырып бойынша негізгі терминдерді пайдалану арқылы ауызша жауап беру дағдысын дамытады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология: Жүйке жүйесі, нейрон, рецептор, стимул, эффектор, сенсорлық нейрон, қимыл нейроны, қондырма нейрон, синапс, автономдық жүйке жүйесі, орталық жүйке жүйесі, ми, жұлын, ынталандырғыш, депрессант, жүйке импульсі, афферент, эфферент

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жүйке жасушасы .... деп аталады.

Жүйке жүйесінің ....типтері бар.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Химия, ботаника

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, флипчарт, ғаламтор, тапсырмалар

Бастапқы білім

6-сыныптың «Биология» курсынан оқушылар тірі ағзалардың қасиеттерін біледі.

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин.

2-5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.

Ой қозғау.

Сұрақтар:

Мүшелердің үйлесімді жұмысы қалай жүзеге асады?

Сыртқы тітіркендіргіштерге адам қалай жауап қайтарады?

Оқушылармен сабақтың тақырыбын, мақсатын және жетістік критерийін тұжырымдау.

Сабақтың ортасы

5-15 мин.

15-25 мин

25-30 мин

30-32 мин

32-37мин

(G) Оқушыларға бірнеше тәжірибе жүргізуді ұсыныңыз:

- кеңістікте көзді жұмып бағдарлану;

- ұстап көру сезімталдығы (көзді жұмып, заттарды іздеу);

- қолды тартып алу (рефлекторлық доға).

Бұдан соң оқушылар жүйке жүйесінің қызметі мен адам өміріндегі рөлін түсіндіреді.

Жүйке жүйесінің қызметтері:

- жекелеген органдар мен жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз ету;

- сыртқы ортаға дербес бейімделу.

Суреттер арқылы оқушылармен бірге жүйке жүйесінің типтерін қарастыру.

Оқушыларды 4 топқа бөліп, «Крусель» әдісі арқылы постерді қорғайды.

Жүйке жүйелерінің типтері:

 1 топ. Диффузды (гидра);

 2 топ Сатылы (ақ планария);

 3топ.Түйінді (ұлулар, сақиналы құрттар, буынаяқтылар);

 4топ. Түтікшелі (омыртқалылар).

Постерді қорғау

Бағалау «2 жұлдыз, бір тілек»

Жұптық жұмыс

Кестені толтырыңыз.

Жануарлардың түрлері

Суреттері

Жүйке жүйесінің ерекшеліктері

Гидра

Құрттар:

1.Планария

2.Шұбалшаң

Бунақдене

Қосмекенділер

Сүтқоректілер

РРТ

Маркер, плакат

Кесте

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия. Пирамида.

PPT

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға карточкалар, үлестірме материалдар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген. Бұл зерттеу жүргізу қажеттілігін қысқартуға мүмкіндік береді.

W = бүкіл сыныпты оқыту

G = топтық жұмыс арқылы жасушаларды өзара салыстыра алады.

I = жеке жұмыс. Талқылау сұрақтары арқылы.

I = жеке жұмыс. Проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу