Өсімдіктің қозғалыс әдістері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


РЕКОРДСМЕНДЕР

Өсу қозғалысының екі түрі болды: тропизмдер және настилар.

Тропизмдер  қандай да бір сыртқы факторлар : жарық, ауырлық күші, химиялық заттардың өсімдіктер немесе олардың мүшелерінің тітіркендіргіштеріне байланысты бағыттала козғалуы.

Таксистер – бұл сыртық тітіркендіргіштерге ағзалардың жауапты қозғалысы. Таксистің мысалдары - лейкоциттердің қабынған жерге көшуі, құстардың жылы жаққа қоныс аударуы, аралардың күн арқылы бағдарлануы жатады

Тропизм түрлері

Егер өсімдікті тереза алдына қоятын болсақ, ол бірнеше уақыттан кейін жарық жаққа қарай бағытталады. Бұл фототропизм. Осының көмегі арқылы өсімдіктер күннің энергиясын жақсы пайдаланады.

Неліктен сабақ жоғарға бағытталып өседі, ал тамыр төменге қарай?

Сабақ пен тамыр әр түрлі ауырлық күшке жауап беретін болғандықтан, сол себепті олардың қозғалысы- геотропизм - әр түрлі жаққа бағтталады екен.

Сабақ аурлық күшке қарама қарсы өседі (теріс геотропизм), ал тамыр- осы күшке бағытталып өседі (оң геотропизм).

Хемотропизм - химиялық тітіркендіргіш реакцияларына байланысты туындайтын өсімдіктің қозғалысы немесе өсуі.

Тозаң түтікшесі өсу кезінде дән ұрығына қарай, улы саңырауқұлақтардың гифтері өсуі өсімдік ұлпаларына қарай, тамыр өсуі кезінде түйіршік тыңайтқыштарға қарай бағытталуы байқалады.

Гидротропизм - өсімдік мүшелерінің ылғалды жерге бағыттала өсуі. Өсімдік тамырларында байқалады.

Гаптотропи́зм - өсімдіктердің қатты заттармен жанасқанда мүшелерінің бұрылу реакциясы (жатаған өсімдіктердің мұртшалары).

 Настилер өсімдікке қоршаған ортаның шашыраңқы әсеріне байланысты жүретін өсімдік қозғалысы. Настилердің оң және теріс түрлері болады.

Таң уақытында күн жарық кезде бақбақтың гүлшоғырлары ашылады; жарықтың азаюынан олар жабылады. Бұл оң фотонастии.

Темекінің хош иісті гүлдері, керісінше, жарықтың азаюынан кешкі уақытта гүлдері ашылады. Бұл теріс фотонастия.

Ауа температурасы төмендеген кезде бозғалдақтың гүлдері жабылып қалады.бұл термонастия.

Ұялшақ мимозаның шыққан жері –Индия. Жанасқанда немесе тиіп кеткенде жапырақтарын тез жинап алады. Бізде ормандарда саумалдық (кислица) кең таралған солтүстік ұялшақ мимозамыз бар. 1871 жылы профессор А. Ф. Баталии Петербургтен қайта оралып келе жатқан кезде жолда жинаған қымыздықтың жапырақтары ашылып тұрғанын байқайды. Тітіркендіргіштердің әсерінен өсімдіктің құбылысын көріп ол өте қызыға таң қалады.

Ұялшақ мимозаның жапырақтарының жиналып қалуы тек сыртқы орта факторларына ғана байланысты емес, сонымен қатар ішкі факторларға да, соның ішінде тыныс алу үрдісі жатады.

Егер шыбынжұт өсімдігінің сезімтал талшықтарының қайта тітркенуі интервалы 20 секундтан астам қайталана берсе, шыбынжұт өсімдігінің жапырақтарының жабылуы өте жылдам жүреді

Жәндікқоректілердің ас қорытуына және қозғалысына байланысты бүкіл кезең электр сигналы арқылы бақыланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу