Өсімдіктің қозғалыс әдістері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: NIS Актобе қаласы | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктің қозғалыс әдістері | Сабақ түрі: жаңа сабақ меңгеру | |||||||||||
Күні:___________ | Оқытушының аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 7 ____ | Сабаққа қатысушылар саны: | Сабаққа қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақты оқытудың мақсаты: |
| |||||||||||
Сабақтың мақсаты | - таксис және тропизм сияқты биологиялық бірліктерді түсіну; - оларға сипаттама беру, тітіркендіргіштер себебін қарастыру; - топта жұмыс істей алу, кесте толтыру үшін керекті ақпарат алу; | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология Тітіркендіргіштік, тропизм, таксис, фототропизм, хемотропизм, геотропизм, аэротропизм Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері топтамасы Өсімдік қозғалысы ................................әсерінен жүреді | |||||||||||
Пәнаралық байланыс
| Химия –хемотропизм, аэротропизм түсініктері Физика – геотропизм түсінігі | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Тропизм, таксис, настия терминдеріне анықтама береді Нақты мысалдар арқылы қозғалыс себептерін түсіндіреді. Өсімдік тіршілігіндегі қозғалыс рөлін түсінеді Өсімдіктердегі қозғалыс түрлерін анықтайды Өсімдікте болатын қозғалыс түрлерін сипаттайды және себебін түсіндіреді | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұптық тапсырмалар орындау арқылы бір-біріне деген ынтымақтастық, қамқорлық және адамгершілік, сыйластық қалыптасады; Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында өз беттерімен орындау қажеттілігін ескерту, әрі адалдықты дамыту; Сабақ барысында үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға көңіл бөлу; | |||||||||||
Бастапқы білім | Қозғалыс тірі ағзалардың қасиеті екендігін «Жаратылыстану » курстарынан біледі. Жануарладың гидростатикалық, сыртқы және ішкі қаңқа ерекшеліктерін түсінеді | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған сабақтағы іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақ басы 1мин 3 мин 1 мин | Ұйымдастыру кезеңі (амандасу) Сәтті күн тілеу «Құбылысты түсіндір» Күнбағыс отаны – Перу. Оған бағынып, «Күн гүлі» деп атаған. Неліктен ол ондай атауға ие болды түсіндіріңіз? ( ДЖ: күнбағыс гүлдері таңғаларлық түрде әрқашан күн шуақтарына қарай бұрылады. Осы үшін күнбағыс «Күн гүлі» атауына ие болған. ) Мұғалім бағыттаушы сұрақтар пайдалана отырып, оқушылардың сабақ тақырыптары мен оқыту мақсаттарын қалыптастыруна әкеледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын түзетеді. | Слайд № 1 Слайд № 2 Слайд № 3 | ||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған сабақтағы іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақ ортасы 3 мин 2 мин 10 мин 5 мин 3 мин 3 мин 5 мин 2 мин 2 мин | Мұғалім оқушыларды тропизм терминімен танысытырады. Өсімдіктер бізге қозғалыссыз көрінеді. Бірақ өсімдік мүшелерін қозғалысқа әкелетін факторлар бар екен, мысалы, жарық, су, жердің тартылыс күші. - Қалай ойлайсыздар, өсімдіктің осындай қозғалуының қандай мәні бар? (ДЖ: мұндай қозғалыстар өсімдіктің сыртқы орта факторларына бейімделуіне көмектеседі). Кейін мұғалім тропизм терминіне анықтама береді. Тропизм – бұл сыртқы ортаға жауап қайтару арқылы өсімдік мүшелерінің белгілі бір жаққа бағытталып өсуі. Оқушыларды топқа бөлу ( топқа бөлінуге арналған карточкаларда өсімдіктердің қозғалыс себептері бейнеленген, сол себепті сабақ соңында бұларға қайта оралуға болады) Оқушылар таңдалған карточкалармен сабақ тақырыбын байланыстыруы қажет. (Тж) Оқушылар теориялық материалдарды меңгере отырып топпен жұмыс жасайды. Оқушылар әр бір терминге сәйкесінше мысал табуы қажет. (оқушылар кестені кию арқылы ақпаратпен суретті сәйкестедіру қажет) Сыныпта орындалған жұмысты талқылау (оқушылар меңгерген матеиалдарымен бөліседі, сұрақтар қояды және туындаған сұрақтарын талқылайды) (Жж) Оқушылар жеке кесте толтыра отырып,өсімдіктің қозғалыс себебін анықтау керек. Кейін жұппен жұмысты тексереді. Өзара бағалау (бірнеше оқушы тексерген жұмыстарына сыни пікір бере алады) (Жж) Оқушылар карточкалармен жеке жұмыс жасайды. Карточкаларда белгілі уақыт ішінде аяқтауға арналған әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар көрсетілген. | Слайд № 4 Дидактиалық материал (топқа бөлуге арналған карточкалар) Теориялық материал ( қиылған кесте: тропизмдер және настий түрлері) Қосымша № 2 (дидактикалық материалдар) Дидактикалық материал | ||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған сабақтағы іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақ соңы 5 мин | Рефлексия: «3 ФАКТ» (оқушылар өсімдіктің қозғалыс түрлерін және оны ерекшелейтін 3 белгісін сипаттап жазу қажет). Оқыту рефлексиясы алынған білімді тексеру үшін және келесі сабақты жоспарлау мақсатында жүргізіледі. Үй жұмысы: Оқушылар «Қозғалыс – өсімдіктің тіршілік белгісі» тақырыбында эссе жазады. | Қосымша № 3 | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация:қандай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайтыныңызды бағалаңыз? | Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік ИКТмен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі) | ||||||||||
Барлық оқушылар білу қажет: Өсімдік қозғалысының себептерін білу Көпшілік оқушылар білу қажет: тропизм және настий түрлерін сипаттау Кейбір оқушылар білу қажет: Сонымен қатар өсімдіктің қозғалыс механизмін түсіну Оқушылар жұмыс жасау барысында көмекші нұсқаулық экранда көрсетіледі. Тек қосымша көмек қажет оқушылардың өтініші бойынша оларға нақты жұмыс сызбанұсқасы беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып сабақ тақырыбын өмірмен байланыстыра алады. Бұл айналада болып жатқан процестерді түсінуіне мүмкіндік береді. Ағылшын тіліндегі глоссарий Белсенділігі жоғары оқушылар өз бетімен тапсырмалар мен модельдерді демонстрациялай алады | 1. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау 2. Жеке және топтық жұмыс 3.Оқушылар кестені толтырып, график құра алу қажет. | Оқушылар жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы басқа оқушылармен және мұғаліммен жұмысты талқылаған кезде өзгенің ойын құрметтеуге, өзімен қатарлас және үлкен адамдармен сөйлескен кезде тиісті бейне қалыптастыру қабілетін дамытады. Адам денсаулығына ең аз тәуекелділігі Биология бөлмесінде қауіпсіздік ережелерді сақтау (электр, компьютер, кесу құралдары) | ||||||||||
Рефлексия
Сабақ жоспарынан болған ауытқулар? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру мен оқыту)? 1: 2: Сабақты жаксартудың екі мүмкіндігі (сабақ беру мен оқыту)? 1: 2: Келесі сабаққа дайындалу үшін, сабақ барысында класс және жеке оқушылар туралы не білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?